Абайдың ақын шәкірттері.М.Әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектерінде.

Сабақтың жоспары:

  1. «Абай ақындығының айналасы.» (1934) мақаласының мәні.
  2. «Абайдың идеялық-мәдени ізденулері» (1939) еңбегінің маңызы.
  3. «Абайдың ақындық мектебі туралы» (1944) тезисінің тарихи-ғылыми мәні.

Өзінің шығармашылық өміріндегі екі жақты – жазушылық әрі ғылыми қызметі туралы көп қырлы дарын иесі М. Әуезов былай деген еді: “…Жазушының тарихи тақырыпта шығарма жазуы, ең алдымен, ғылыми зерттеушілік ұзақ еңбекті қажет етеді. Әуелде мен Абайдың өмірбаянын толықтырып жазған едім. Сол жұмыстың кезінде кейін жазылатын романға керекті деректің бірталайы қолыма түсті…

Екі саладағы еңбек біріне-бірі сүйеніш болып жалпы Абай жайындағы білімімді толықтыра түсетіндей болу керек деген қорытынды ниетке бекідім”.

Кейбір ғалымдар “Абай жолы” эпопеясының өзін Абай мұрасын зерттеу жөніндегі терең ғылыми еңбекке бергісіз деп есептейді.

М. Әуезов Абай өмірі мен творчествосы туралы ғылыми зерттеу жұмыстарын және ұлы ақын жайындағы көркем туындыларын сегіз түрлі күрделі проблема тұрғысынан жүргізіп отырған.

Солардың бірі – қаламгер шығармашылығынағы Абайдың ақындық мектебі туралы тақырып. Кейін осы тақырыпты ұзақ жылдар бойы арнайы зерттеген белгілі ғалым Қ. Мұхамедханов: “Абай төңірегіндегі ақындарға бірінші көңіл аударып, оларды ғылыми, зерттеу ісіне алғашқы жол ашып, негіз салған Мұхтар Әуезов болды”, — деп атап өтеді.

Шындығында, М. Әуезов өзінің ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы монографиясының барлық нұсқаларында, 1934 жылы жазылған “Абай ақындығының айналасы”, 1939 жылы жазылған “Абайдың идеялық-мәдени ізденулері” атты мақалаларында, 1944 жылы жазылған “Абайдың ақындық мектебі туралы” деген тезисінде және т.б. еңбектерінде бұл тақырыпты ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді.

1918 жылдан бастап “Абай жөніндегі ең қызықты, ең соны және әдебиеттік прогресс ретіндегі ірі мәселе – Абайдың ақын шәкірттері”, — деп ұзақ жылдар бойы зерттеп тұжырымдаған концепциясы 1950 жылдары жоққа шығарылып, әдебиетке, мәдениетке, ғылымға өрескел қиянат жасалды. Бұл тұжырымды жақтаушылар қуғындалды.

Осы оқиғадан кейін М. Әуезовтің Абай мектебі, ақын шәкірттері жайлы ой тұжырымдары мол көрініс тапқан көркем шығармасы “Ақын аға” романы да зерттеушінің жоғарыдағы мәселе туралы ғылыми еңбектерінің кебін киді. “Ақын аға” аяусыз сын соққысына ұшырап, іске алғысыз дүние есебінде танылды. М. Әуезов Қазақ ССР Ғылым академиясының мүшелігінен шығарылды, университтеттен қуылды. Қайым Мұхамедханов халық жауы ретінде тұтқынға алынып, 25 жылға сотталды.

Абайдың ақындық мектебі деген тұжырымды жоққа шығарушлар оны ғылымға қарсы буржуазиялық концепция деп тарих бетінен қаншама сызып тастағысы келгенімен де, бәрібір анық объективтік шындық екендігін өмір, уақыт көрсетіп отыр.

М. Әуезов Абайдың әдебиет мектебі туралы айтпас бұрын әуелі Абайдың әдеби ортасы деген мәселеге назар аударады. Ақынның әдеби ортасы деген ұғым абайтану ғылымында ауқымды мәселе болса, Абайдың ақындық мектебі соның бір саласы екендігі белгілі.

Осы күрделі проблема туралы алғашқы мәлімет 1918 жылы “Абай” журналында жарық көрген мақаласында, 1933 жылы жарық көрген Абайдың тұңғыш өмірбаянында кездессе, ол мәселеге 1934 жылы жазылған “Абай ақындығының айналасы” деген зерттеу мақаласында арнайы тоқталады.

Зерттеуші ғалым М. Мырзахметов бұл еңбектің Абайтану тарихында алатын орнының ерекше екендігін атап өтеді.

Абайтану саласында үлкен пікір таласын тудырған сол топ “Абай шәкірттері”, “Абайдың әдебиет мектебі”, “Абай ақындығының айналасы”, “Абай тұсындағы ақындар”, “Абайдың әдеби ортасы” деп, әрқилы аталса да, ол өмірде болып өткен айқын шындық – Абай ақындығының кемеліне келген кезінде оның айналасында болып, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алып, көптеген көркем туындылар берген ақын жастар жайы еді.

Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытовтың басшылығымен Семейде 1918 жылы шығарылып тұрған “Абай” журналы 1992 жылдан бастап қайта шығарыла бастағаны белгілі. Сол журналдың 1992 жылғы 1,2,3-сандарында М. Әуезов жазған Абайдың тұңғыш өмірбаяны сол қалпында толық жарияланды. Сол еңбекте мынадай мәлімет келтіріледі. “Өлең сөзге келгенде, азға місе қылмай қатты сынайтын Абай өз сөздеріне толық қанағат қылмауымен қатар, маңында өлең жазатын жастарға да сондай мінез істеген. Тегінде, Абайдың өсиет үгіттері, білімді, мағыналы кеңестері Абайдың маңына, өз тұсындағы талапты жастардың талайын жиғандықтан, солардың ішінде жалпы адамшылық, ақиқат деген жайларды көп ойлап, көп сөйлейтін жастармен қатар, бірталайының ақын болғысы да келген.

Ақын болмақ болып, талаптанып, өлең шығарып көруге Абайдың іні, балаларының барлығы да ұмтылған. Бұл жағына келгенде Абайдың алды бір жағынан әдебиет мектебі сияқты да болады. Сол ретпен өлең шығаратын, Көкбай, Шәкәрім, Абайдың өз балаларынан Ақылбай, Мағауия болды”.

Жоғарыды аталған “Абайдың ақындығының айналасы” (1934) деп аталатын мақаласында М. Әуезов Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия төртеуін тағы ды Абайдың нағыз толық мағынадағы ақын шәкірттері деп атап өтеді. Олардың Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрдие алғандығын, оның өлеңдері мен қара сөздерін оқушы әрі таратушы, тұтынушы әрі бағалаушы болғандығын, сонымен қатар бұлардың Абайдың басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазғандығын, Абайдың бағыт-бағдар беруімен жазылған бұлардың шығармалары арқылы қазақ әдебиетінде бұрын болмаған тың еңбектер туғандығын атап өтеді.

Абай шәкірттеріне тақырып беріп қана қоймай, олардың өлеңдерін үлкен талап тұрғысынан қатты сынап, түзеп, жолын айтып отырған. Кей кезде шәкірттерінің шығарғандары ұнамаған уақытта міндерін өлеңге қосып жіберген. Мәселен, Абай “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” өлеңін Ақылбай, Көкбай, Әріп ,Шәкәрім өлеңдерінің кейбір міндерін сынау үшін шығарған. Өлеңнің бірінші тармағы Ақылбайдың “Дағыстан” поэмасындағы “Ер сөзін еріккеннен еттім ермек” деген сөзіне жауап болса, сол өлеңдегі:

Сөз айттым “Әзірет Әлі айдаһарсыз”,

Мұнда жоқ “алтын иек сары ала қыз”.

Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз,- дегенде,

“Әзірет Әлі айдаһарсыз” деп Көкбайдың қисса жазғыштығын, “Алтын иек сары ала қыз” деп Әріп ақынның “Зияда” деген қилссасындағы сұлу қызды сипаттауын, соңғы екі тармақ “Кәрілік туралы” деген өлеңіндегі айтқандары

үшін Шәкәрімді сынап, мінеуге арналған.

Жоғарыда айтылған Абай өмірбаянының тұңғыш нұсқасының өзінде М. Әуезов ұлы ақынның төрт ақын шәкіртінің басты ерекшеліктерінің ең негізгізін тап басып көрсетеді. “…Бұлардың бәрі де қысқа өлең айту Абайдың жол, дағдысы болғандықтан, өздеріне бөлек бет іздеген сияқты. Шәкәрім қазақ өмірінің ескі өмірінен тарихи оқиғаларды жазса, Ақылбай, Мағауия Еуропа ақындарының салтымен Кавказды, Африканы өлең қылып, махабатты жырлайтын сезімді поэманың (романтическая поэма) үлгісін ұстағысы келді.

Әрине, қазақ әдебиеті сол күнде баспа жүзінде шығып, сол күнде оқушы тауып отырарлық жайға жетсе, Абай айналасынан, Абай мектебінен шыққан үлкен әдебиет ағымын көрсеткен болар еді”.

Шындығында, ұлы ақынның ізбасарлары Абай айтып үлгере алмаған кей жайларға тереңдеп барып, біраз тың тақырыптар қозғайды.

Солай десек те, М. Әуезовтің: “Абай шәкірттерінің бірде-бірі Абай жеткен дәрежегек жеткен жоқ. Ең алдымен, Абайға таланты теңдес болған жоқ және әсіресе Абайдың ағартушылық, әлеуметтік, идеялық, көркемдік кең масштабы оларда болған жоқ”, — деген сөздерін басты назарда ұстаған жөн.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

  1. Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
  2. Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
  3. ².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
  1. Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
  1. Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995
  2. Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997
  3. Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
  4. °áäi¹àçèåâ Á. Àñûë àðíà. Àáàé ä¸ñò¾ði æ¸íå ظê¸ðiì. À., “²àçຠóíèâåðñèòåòi”,1992
  5. Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-

áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988