Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні

Алғашқы фонетикалық зерттеулер: Н.И.Ильминскийдің қазақ тілі, оның ішінде фонетика туралы мұрасының маңызы. В.В.Радлов, П.М.Мелиоранскийдің қазақ тілі дыбыс жүйесіне қатысты ойлары мен еңбектерінің құндылығы. Орыс тіліндегі зерттеулер мен орыс графикасымен жазылған қазақ мәтіндерінің қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесін, айтылым, емлесін пайымдауға қосар үлесі, маңызы. Қазақ тілін зерттеудегі АхметБайтұрсынұлының ерен еңбегі, қалдырған мұралары. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің атасы аталуының себебі. Оның қазақ тілінің дыбыс жүйесіне, емлесіне қатысты сіңірген еңбегі. Мақалалары мен зерттеулерінің маңызы. Х.Досмұхаметұлының қазақ тіліндегі сингорманизм туралы еңбегінің маңызы. АхметБайтұрсынұлы, Х.Досмұхаметұлының әріп, емле, дыбыс төңірегіндегі ізденістері, оның мәні. Қазақ тілі дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыда зерттеуде Қ.Жұбанов еңбектерінің маңызы. Оның фонема, дыбыс, буын, үндестік туралы зерттеулерінң маңызы. Қазақ тілі фонетикасының қазіргі зерттелуі жайы. І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, К.КАханов еңбектерінің маңыз, мәні. Ә.Жүнісбектің фонетикалық іліміндегі соны құбылыстар, оның маңызы. Қарапайым әдіс. Оған мысал. Экспериментті әдістің мақсаты. Акустикалық және соматикалық әдісте қолданылатын аппараттар. Экспериментті әдістің артықшылықтары.