Оқыту технологиялары және оларды пайдалану жолдары

1.Оқыту технологиялары жайлы түсінік.

2.Дүниетану пәнінде қолданылатын оқыту технологиялары

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар — Асвета,
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение,
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение,
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М., Просвещение,
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана. Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподования природоведения. М., Просвещение,
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

Лекция мәтіні:

“Технология” дегеніміз өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы.Міне технология сөзінің анықтамасы осындай.

Ал педагогикалық технология-практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы.

Педагогикалық технология үш деңгейде болуы мүмкін:

1.Жалпы педагогикалық деңгейдегі іс әрекеттер.

2.Салалық технология -бір пән шеңберінде қолданылатын әдіс тер мен құралдар жиынтығы.

3.Локальдік технология — жаңа материалды меңгерту технологиясы,қайталау мен бақылауды ұйымдастыру технологиясы т.б. сияқты жеке әреке ттерді орындау.

Жаңа технологияға қойылатын талаптар:

  • Педагогикалық психологиялық ғылыми тұжырымдамасы болуы керек.
  • Педагогикалық технология белгілі бір жүйе болып құрылуы тиіс.Жүйенің барлық бөліктері логикалық байланыс та болуы.
  • Диагностикалық тексеру,болжам жасауға ыңғайлы болуы тиіс.Әдіс тәсілдерді өзгерту мүмкіндігі болуы керек.
  • Өзінің алдындағы әдіс тәсілдерге қарағанда тиімді,пайдалы әсер коэффициенті көбірек болуға тиіс.
  • Барлық ұжымдарда қолдана беруге жарамды болуы тиіс.

Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үзіліссіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталыа негізделеді.

Педагогикалық технология бастауыш сатыда оқушының эмпирикалық (көрнекі бейнелі және көрнекі әрекетін), ойлау түрлерінің деңгейі жоғары болса, осыны тірек ете отырып логикалық (теориялық) ойлауын дамыту көзделеді.

Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында мынадай жаңа оқыту технологияларын қолдануға болады:

1.Оқушылардың әрекетін жандандыру және жетілдіру негізінде:

  • ойын арқылы оқыту технологиясы
  • оқу материалын сызбалар мен арнайы таңбалар негізінде оқыту
  • дамыта оқыту технологиясы

2.Оқу процесін тиімді ұйымдастыру және басқару негізінде:

  • сынып ішіндегі деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
  • ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы
  • модульдік оқыту технологиясы

3.Табиғатты сүю және ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген технологиялар:

  • “Сауаттылыққа тәрбиелеу” технологиясы
  • М.Монтессори технологиясы

В.М.Монахов “педагогикалық технология – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі” – деген анықтама берген. Ендеше педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеген әрбір ұстаз осы технологиялардың біреуін басшылыққа алып өз жұмысын сол технологияға сәйкестендіріп құрғаны жөн.