Жаттығу методикасы

Жоспар:

(1-саѓат)

  1. Жаттығудың мақсаты мен міндеті.
  2. Жаттығу принциптері.

Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1.Дене тєрбиесі ілімі мен єдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оќу ќ±ралы. Шымкент-2003 ж
  1. Дене шыныќтырудыњ жєне спорттыњ теориясымен єдістемесі.
  2. П.ѓ.ќ.Р.Р. Аманбаев, типтік оќу баѓдарламасы. Алматы – 2001ж
  3. Теория и методика физического воспитания. (под. Рел.Л.П. матвеева и А.Д.Новикова – М : ФИС, 1976 гл. І-ІІ).
  4. Матвеев Л.П. Теория физической культуры – М.ФИС. 1991г
  5. Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк, 1987 г

Ќосымша :

  1. Методические указания по изучению теории физической культуры. Р.Р.Аманбаев, И.А. Моргина — -Алма-Ата 1985 г
  2. Призидентские тесты РК. Алматы 1997 г
  3. Дене тєрбиелеу мєдениеті жєне спорт ілімі мен методикасыныњ т‰сініктері.. Р.Р.Аманбаев. Б.К.Ќаражанов, М.К.Ќалдыбаев — Алматы 1992 ж.

Лекцияныњ мєтіні.

  1. Жаттығудың мақсаты мен міндеті.

Қазақша күрестегі оқыту жаттығу жұмыстарының негізгі мақсаты спорттық көрсеткіштері жоғары, моральдық қасиеттері биік, Отан қорғауға даяр спортшы әзірлеу палуандардың жасына және даярлық дәрежесіне қарай оқыту мақсаты нақтылана түсіп белгілі бағытта болуы мүмкін. Мысалы, қазақша күрестен разряды бар спортшылар жаттықтырушылар немесе төрешілер даярлау. Бұл мақсатқа жету үшін даярлық кезінде мынадай міндеттер орындалады: денсаулықты нығайту, ерік күшін тәрбиелеу және физикалық даярлық қазақша күрес жөніндегі теориялық білімді игеру техника мен тактиканы игеру төрешілік етуді үйрену т.б.

  1. Жаттығу принциптері.

Қазақша күреске үйреткен кезде жаттықтырушы саналылық белсен-ділік, көрнектілік, түсініктілік білімді терең меңгеру сияқты дидактикалық принциптерді пайдаланады.

Саналалық қазақша күресті оқыту жемісті болу үшін онымен айналысам деушілер оған міндетті түрде қызығуы керек. Сондықтан жаттықтырушы жаттығу процесіне әрбір спортшы саналы түрде әрі белсенді қатысатын етіп өткізуі тиіс. Бұл үшін олардың алдына міндет қойып, оның орындалғанда не нәрсеге қол жеткізетіндігін түсіндіру керек.

Белсенділік. Палуанның белсенділік көрсетуі үшін әуелі ұзақ уақыт әрі көп күш жұмсауды қажет етпейтіндей қарапайым тапсырмалар беріп содан соң оны бірте-бірте күрделендіре түсу керек. Ұстаз шәкіртінің тапсырманы орындауын ұдайы тексеру жолымен оның белсенділігін арттыруы тиіс. Тапсырманы орындаған кезде ұстаз палуандарды өз бетімен еңбектенуді және творчестволық іскерлік көрсетуіне көңіл аударады.

Ұдайылық. Оқыту процесінде белгілі бір жүйені сақтау қажет. Жаттығушылардың даярлық дәрежесін ескере отырып мысалы, оқытушы материалды рет-ретімен түсіндіреді. Оқытатын материалды жоспарлағанда жүйе керек. Бұл документтерде қазақша күресте теория мен практиканы оқытушылардың рет-ретімен оқып үйренуін, оларға түсетін салмақтың көлемі мен интенсивтілігінің арақатынасы, палуандар қатысатын белгілі бір сан сақталуын сақтайды. Қандай болмасын оқытушы қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге деген дидактиканы басшылыққа алады.