Қазақша күрестің техникасы.

Жоспар:

(1-саѓат)

  1. Қазақша күрестің техникалық тәсілдері.
  2. Тәсілдерді тиімді қолдану шарттары

Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1.Дене тєрбиесі ілімі мен єдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оќу ќ±ралы. Шымкент-2003 ж
  1. Дене шыныќтырудыњ жєне спорттыњ теориясымен єдістемесі.
  2. П.ѓ.ќ.Р.Р. Аманбаев, типтік оќу баѓдарламасы. Алматы – 2001ж
  3. Теория и методика физического воспитания. (под. Рел.Л.П. матвеева и А.Д.Новикова – М : ФИС, 1976 гл. І-ІІ).
  4. Матвеев Л.П. Теория физической культуры – М.ФИС. 1991г
  5. Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк, 1987 г

Ќосымша :

  1. Методические указания по изучению теории физической культуры. Р.Р.Аманбаев, И.А. Моргина — -Алма-Ата 1985 г
  2. Призидентские тесты РК. Алматы 1997 г
  3. Дене тєрбиелеу мєдениеті жєне спорт ілімі мен методикасыныњ т‰сініктері.. Р.Р.Аманбаев. Б.К.Ќаражанов, М.К.Ќалдыбаев — Алматы 1992 ж.

Лекцияныњ мєтіні.

  1. Қазақша күрестің техникалық тәсілдері.

Күрес жекпе-жек қарапайым қозғалыстан (ол қозғалыс кеңістік және уақыт арқылы бір-бірімен байланысты) тұратын тұтас әрекет болып табылады. Яғни әрбір әдіс, қол, аяқ, дене арқылы жасалатын қозғалыстан тұрады. Ол қарапайым қозғалыс деп аталады. Күресте шартты түрде қозғалыстар былай деп аталады.

  • қолдардың қозғалысы; қолдан ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тарту, тіреу, басу т.с.с.
  • аяқтардың қозғалысы – қою, аттау, кейін қою, адымдап кету, бүгу, жазу, іліп шалу, қағу, үстіне салу, итеру т.с.с.

Палуанның қимылдарының біразы бір мезгілде, біразы бірінен соң- бірі орындалады. Барлық тәсілдерді қарапайым қозғалыс және қозғалу формасы деп бөлуге болады.

Күресушінің негізгі жағдайы және қозғалыстары олардың биомеханикалық талдауы (тіреу алаңы, жалпы ауырлық центрі) қазақша күрестер айқасудан басталады. Сондықтан күресушілер айқасқан кезде тепе-теңдіктерін сақтауы керек.

 

 

 

 

 

  1. Тәсілдерді тиімді қолдану шарттары.

Жоғрыда біз тәсілдер құрамын қарағанда қарсыласты шартты түрде қимыл көрсетпейді деп алғанбыз. Алайда күрескен кезде қарсылас әр уақытта дерлік қозғалыста болады. Ол әр уақытта тепе-теңдіктен ауытқып қайтадан қалпына келіп, өз тарапынан шабуылшы палуанды тепе-теңдіктен тайдырып, оның әрекеттерін бейтараптауға тырысады. Қандай амал қолданса да шабуылшы қарсыласының тойтарысына ұшырайды. Палуанның қарсыласы бұлшық еттеріне күш салып, денесін әртүрлі күйге келтіріп шабуыл бағытында палуан ала-алмайтындай орнықтылау бұрышын жасайды.

Күрес кезінде мынадай 5-қолайлы динамикалық сәт кездеседі.

  1. Жығатын бағытта қарсыластың орнықтылық бұрышын жеңуге болатын сәт:
  2. Жығатын бағыттағы қарсыластың орнықтылық бұрышы оның жалпы ауырлық центрінің тіреу алаңының шетіне жақындае есебінен азаю сәті:
  3. Қарсыластың жалпы ауырлық центрі шапшаң жоғары жылжитын сәт:
  4. Жалпы ауырлық центрінің тіреуін оңай қағып жіберетін сәт:
  5. Қарсылас өлі нүктеде болатын сәт (жалпы ауырлық центрінің бір бағыттығы қозғалыс тоқтап екінші бағыттағы қозғалыс басталмаған сәт)

Әдетте әдісті қолдануға дайындықпен әдісті орындауға тұтаса келетін шабуыл палуанды жеңіске жеткізеді.

Қос қолға күш салып лақтыру. Қарсыласын тепе-теңдігінен жұлқып тайдыру. Бұл тәсіл қарсылас тепе-теңдігінен айрылғанда немесе аяқтарын дұрыс қоймағанда, салмағын бір аяғына салғанда, шабуылшының өзіне сүйенгенде қолданылады. Мұндай амал орташа немесе алыс қашықтықтан шапшаң қолданылуы мүмкін. Қарсыластың үстіңгі не астыңғы жағасы мен жеңінен ұстайтын бірнеше вариант бан.