Ахмет Байтұрсынов, Спандияр Көбеев -Қазақ балалар әдебиетінің аталары

Қазақ балалар әдебиетінің аталары — А.Байтұрсынов, С.Көбеев
А.Байтұрсынов – қазақ балалар әдебиетінің өкілі
1. А.Байтұрсынов – қазақ балалар әдебиетінің өкілі, оның өмір жолы.
2. А.Байтұрсыновтың шығармашылығы.
3. А.Байтұрсынов — қазақ әдебиеттану ғылымының атасы.
4. А. Байтұрсыновтың мұражай-үйі.
5. «Қырық мысал» және «Маса» жинақтары.

1. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды. Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі – уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген болатын. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді. Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді. 1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады. Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады. Алаш қозғалысының көсемі ретінде «халық жауы» деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), «Ақ жол» кітабы (1991) жарық көрді. Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында «Қырық мысал» деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан «Маса» атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазылып, «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді. Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы – оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы «Ер Сайын» жыры, 1926 жылы «23 жоқтау» кітаптары жарық көрді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді.
Ол — қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. Байтұрсынов әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), Түркітанушылардың бүкілодақтық 1-құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғыл. баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады (қ. Әліпби). Байтұрсынов халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: “Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық” деп жазды. Байтұрсыновтың “Оқу құралы” (1912) — қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. “Оқу құралы” қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады; (қ. Әліппе). Байтұрсынов қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған “Өмірбаянында” (1929): “…Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым” деген. Байтұрсынов қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын “Тіл — құрал” атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 ж., морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. “Тіл — құрал” — қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. “Тіл — құрал” — қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғыл. негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғыл. тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мыс., зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынов практикалық құрал ретінде “Тіл жұмсар”, мұғалімдерге арналған “Баяншы” деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол — қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Б. оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген “сынау”, “дағдыландыру” деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ.
Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 ж. Б-тың 50 жасқа толғаны Орынбор, Ташкент қ-ларында салтанатты түрде аталды. С. Сәдуақасов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Дулатов, Е. Омаров сияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Б-тың қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғыл. пікір-тұжырымдар айтылды. Әуезов Б. туралы “Ақаңның елу жылдық тойы” деген мақаласында “…Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі … әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді” деп жазды. 1929 ж. шыққан “Әдебиет энциклопедиясында” (Мәскеу) Б. тұлғасына “аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогі. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы” деген ғыл. әділ баға берілді. 1933 ж. шыққан М. Баталов пен М. Сильченконың “Қазақ фольклоры мен қазақ әдебиетінің очерктері” деген кітапшасында: “оның негізгі бағыты қазақ халқының қоғамдық-мәдени оянуына ықпал ету болды” деп Б-тың қоғамдық қызметін қорытындылады. Кейінгі коммунистік идеология Б. есімін ауызға алуға көп жылдар бойы тыйым салып, ол туралы сыңаржақ пікірлер айтылды. Саяси қысымның қаупіне қарамастан белгілі түркітанушы, акад. А.Н. Кононов “Отандық түркітанушылардың биобиблиографиялық сөздігі” деген еңбегінде (1974) Б-тың толық өмірбаянын беріп, әлеум.-қоғамдық қызметін, басты еңбектерін нақты айтты. Оның қазақ әліппесінің авторы екендігі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазғандығы көрсетілді. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Б. есімі берілді. Тіл білімі ин-ты, Қостанай ун-ті Б. есімімен аталды. 1998 ж. оның туғанына 125 жыл толған мерейтойы салтанатпен атап өтіліп Алматы қ-нда респ. ғыл. конференция өткізілді, Байтұрсыновтың мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды.
2.Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы — “Қырық мысал” 1909 ж. жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Б. мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум.сананың оянуына ықпал етті. “Қырық мысал” діттеген жеріне тиіп, надандық, тәкаппарлық, күншілдік, аңқаулық, залымдық, т.б. теріс қылықтарды әшкереледі. Әлемдік сөз өнеріндегі ортақ сюжеттердің қолданылу дәстүрі — мысалдың жанрлық табиғатының ерекшелігі. Б. “Қырық мысалда” Эзоп, Лафонтен, Крылов, Абайдың мысалда пайдаланған дәстүрлі сюжеттерді негізге алып, ақындық қуат күштілігімен өзгеше төл туындылар жасады. Қазақ әдебиетінде Абайдан басталған жаңа арна — мысал жанры Б-тың “Қырық мысалымен” орнығып, ұлттық сипат алды. Оның мысалдары әлеум.-қоғамдық жағдайды меңзейтін оқиғалардың, адамдар психологиясынан хабардар ететін ғибратты тұжырымдардың молдығымен ерекшеленеді.
Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері “Маса” деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). “Масаның” негізгі идеялық қазығы — жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. “Қазағым елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып, Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып, Қанған жоқ па әлі ұйқың, Ұйықтайтын бар не сиқың?!”, — дейді ақын. Қазақ халқы үшін ең ауыр қасірет — отаршылық езгісі Байтұрсынов поэзиясының басты идеясына айналды. Ел тәуелсіздігі үшін күресте ол сөз бен істің жігін айыра білуді міндет етіп қойды. Ел намысын ойлаған ер қасиетін іздеп, зорлық-зомбылыққа мойымауға, бостандық, еркіндік жолында күресуге қайрады. Бодандық қамытын киген жұртының қалыптасып отырған әлеум.-саяси жағдай туралы өзіндік көзқарасын қалыптастыруға ұмтылды. Халық басына төнген қатер, елдің тұманды болашағы туралы Байтұрсынов айқын да ащы айтты: “Ұйқышыл жұртты, Түксиген мұртты, Обыр орып, сорып тұр. Түн етіп күнін, Көрсетпей мінін, Оятқызбай қорып тұр. Обыр болса қамқорың, Қайнағаны сол сорың!”. Қалың қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөзі, қазақ оқушысына естілген елшілік ұраны “Қырық мысал” мен “Маса” еді. 20 ғ. басындағы қазақ оқығандарының тәуелсіздік жолындағы күрескерлері мен зиялылары осы кітаптардан демеу алды. Халық енжар күйінен арылып, қазақ рухы көтерілер ме екен деген ұлы мақсат өз қызметін атқарды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Б. 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді. Сондай-ақ, Б. Пушкин (“Балықшы мен балық”, “Алтын әтеш”, т.б.), Лермонтов (“Мцыри”), Вольтер, Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар — тың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар.
Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды. Б-тың “Қазақтың бас ақыны” деген көлемді мақаласы — әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетикалық сипаты баяндалды. “Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады… Сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып емтихан болып табылады” деп жазды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, “сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін”, сыншылдығын ұғындырды. Б-тың Абайдың ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғыл. тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның “Әдебиет танытқыш” деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғыл.-теориялық еңбек. Б. әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мыс., сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. Ғыл.-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мыс., меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. “Әдебиет танытқышта” ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғыл. тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді. Б. қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғыл. негізде топтап берген. Мыс., діндар дәуір, сындар дәуір. “Әдебиет танытқыш” — сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғыл. зерттеу. Б. “Әдебиет танытқышымен” қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ, ол — әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша “Ер Сайын” жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын “23 жоқтау” жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Б. “әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін” айтты. Б. — қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті.
«Қырық мысал», СПб., 1909; Маса, Орынб., 1911; «Оқу құралы», Орынб., 1912; «Тіл — құрал» (қазақ тілінің сарфы), 1-жылдық, Орынб., 1914; «Тіл — құрал» (қазақ тілінің сарфы), 2-жылдық, Орынб., 1915; «Баяншы», Қазан, 1920; « Тіл — құрал (дыбыс жүйесі мен түрлері), 1-тіл танытқыш кітап», Қ.-о., 1925; «Тіл — құрал (сөйлем жүйесі мен түрлері), 3-тіл танытқыш кітап», Қ.-о., 1925; «Тіл жұмсар», Қ.-о., 1926; «Әдебиет танытқыш», Қ.-о. — Таш., 1926; «Әліп-би. Жаңа құрал», Орынб., 1928; Шығармалары, А., 1989; «Ақ жол», А., 1991; «Тіл тағылымы», А., 1992.
3.Байтұрсыновтың мұражай-үйі
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылық жолына арналған, мәдени-ғылыми мекен-жай. Мұражай Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл үйде Байтұрсынов 1934 жылдары тұрған. Мемлекеттік деңгейде құрылған арнаулы комиссия шешімімен мұражай-үй бұрынғы қалпына келтірілді. 1998 ж. Байтұрсыновтың туғанына 125 жыл толуына орай мұражай-үй күрделі жөндеуден өткізіліп, құрылымы, сәулеттік сыртқы пішіні, ауласы бұрынғы қалпын тапты. Мұражай-үйдің бөлмелерінде орналастырылған заттардың көбісі жақын-туыс жанашырларынан алынған. Онда Байтұрсынов өміріне байланысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар қойылған. Байтұрсыновтың тұрмыс-тіршілігі мен шығарм-на байланысты жиһаз-бұйымдар мен құжаттардың бір тобы Торғайдағы мұражай-үйінде сақталған.
4.Ахмет Байтұрсынов – әдебиеттанушы, ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы “Әдебиет танытқыш” (“Теория словестности”) деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.
«Әдебиет танытқыш» кітабы. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі – «Әдебиет танытқыш». Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады. «Әдебиет танытқыш» кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі – тірнек өнері, екіншісі – көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат (скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және сөз (әдебиет) өнерін жатқызады. «Өнердің ең алды – сөз өнері саналады. «Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеуге, көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді» деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы. Әдебиеттің көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау жасай келіп, А.Байтұрсынов олардың, әрқайсысына әлемдік әдебиеттану ғылымындағы атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама атаулар береді. Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында қолданылып жүрген ұғымдар мен категориялардың атауларын термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген Ахмет Байтұрсынұлы дейтініміз сондықтан. Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге, бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Бұлардың кай-қайсысы да қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болатын. Сонымен қатар, «Әдебиет танытқышта» Ахмет Байтұрсынұлы аса бай фольклорлық материалды пайдаланды. Теориялық қисындарды қазақ ауыз әдебиетінен және баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан алынған мысалдар арқылы бекітіп отырды.
“Әдебиет танытқыштағы” қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты — әуезе, лириканы – толғау, драманы – айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға жіктеп әкетеді; шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білімір шешен сөз, уағыз, көсемсөз (публицистика). Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі: ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш – бұлар бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме – бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел – бұлар үшінші топ. Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата – бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр – бұлар бесінші топ.“Әдебиет танытқыштың” бірінші бөлімі “Сөз өнерінің ғылымы” деп аталып, бірнеше шағын бөлімшелерге, баптарға бөлініп, олардың әрқайсысында нақты мәселе қаралады. Ең алдымен тіл, сөз өнері, шығарма дегеніміз не деген сұрауларға, ғылыми дәлді, ықшам, толық анықтама беріледі. Автор сөз өнері ғылымын: 1) шығарманың тілінің ғылымы; 2) шығарманың түрінің ғылымы деп екіге бөліп қарайды. Тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны деп, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі деп екіге бөледі.
Автор сөз өнерін үй қалау өнерімен өте қисынды салыстыра көрсетеді де, сөз талғау орайында шығарма тілі екі түрлі болатындығын айтады, олар – біріншісі – ақын тілі, екіншісі әншейін тіл. Сөз дұрыс болу үшін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулықты жақсы білу, өз орнында тұтыну, дұрыс есептеп, сөйлемдерді дұрыс орналастыру, құрмаластыру, орналастыру шарттары алға қойылады. Тіл тазалығына анықтама беріп, ол үшін орыстың жақсы жазушылары қойған талаптарды үлгі етіп алған. Олар:
— Ескірген сөздерге жоламау;
— Жаңадан шыққан сөздерден қашу;
— Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашу;
— Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламау.
Жазба әдебиеттің сындар дәуірінің дарынды сөздерін автор үш топқа бөліп қарайды, олар: 1. Әуезе. 2. Толғау. 3. Айтыс-тартыс. Бұлар қазіргі әдебиеттану тұрғысынан айтқанда – эпос, лирика, драма. Әуезенің түрлері былай бөлінеді: 1) Ертегі жыр; 2) Тарихи жыр; 3) Әуезе жыр; 4) Ұлы әңгіме (роман); 5) Ұзақ сөз; 6) Ұзақ әңгіме; 7) Көңілді сөз; 8) Мысал; 9) Ұсақ әңгімелер.
“Әдебиет танытқыш” алғаш 1926 жылы шықты, 1989 жылы “Жазушы” баспасы, 1991 жылы “Жалын” баспасы шығарды. Соңғы басылымда бұрынғы жариялануда кеткен бірталай селкеуліктер жөнделді, олар – кейбір шатасқан сөздердің, баспа кінәсінен кеткен қателіктердің бұрмаланған текстердің түзетілуі. “Әдебиет танытқыштың” қазір Алматыда сақталған кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан, еңбектің тексті түгел берілмей отыр. Зейін салған кісі аңғарса керек, А.Байтұрсынов былай дейді: “Ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс; 2) азаптаныс; 3) әуреленіс”. Осылардың біріншісі — әлектеніс пен үшіншісі әуреленіс талданады, ал екіншісі – азаптаныс жоқ. Сондықтан сақталған кітап бойынша болашақта “Әдебиет танытқыштың” толық текстін табу міндеті тұр. Тағы бір мәселе әр түрлі жанрлық формаларды талдап болғаннан кейін А.Байтұрсынов әр жерде бұларды нұсқалықтың пәленше номерлерінен қара деп ескертеді. Ендеше, “Әдебиет танытқыш” оқулық, оның хрестоматиясы — нұсқалығы да болған ғой. Қазіргі дерек бойынша, ол жарияланбаған секілді. Әлде қолжазба күйінде архивтің бірінде жатыр ма? “Мәдениет тарихы” деген еңбек бітіргені белгілі – ол да жоқ. Қайда? Қысқасы, Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі “Әдебиет танытқыш” төңірегінде әлі де көп зерттеу жүргізу керек.
5.А.Байтұрсынов Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.
Жүк алды шаян, шoртан, аққу бір күн,
Жегіліп тaртты үшeуі дүркін-дүркін,
Тартады аққу көкке, шаян кейін
Жұлқиды суғa қарай шортан шіркін.
Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең oқырманына қатысты жаңа ой, сoны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынaн қосады.
Жігіттер мұнaн ғибрат алмай бoлмас.
Әуелі біpлік керек бoлcа жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей
Істеген ынтымақcыз іcің оңбас, —
деп елді тұтастық, ынтымақ жaлауының аcтынa шақыpады.

Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлаp да бaр:
Қасқырдың зорлық болды eткен ісі.
Ойлаймын oны мақтаp шықпac кісі
Нашарды тaлaй адaм талап жеп жүр
Бөріден артық дейміз оның іcін.
Алуан-алуaн ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлap”, “Үлeс”, “Қартaйғaн aрыстан”, “Өгіз бeн бақа”, “Қайыpшы мен қыдыр”, “Ат пен есек” мысалдарында әлeуметтік-қоғамдық жағдайларды мeгзейтін оқиғалap, адамдар психологиясымен саpындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне oрайлаcтырып, көркем oйға ой, суpетке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа cаpын — әуез қосып отырады. “Қартайған арыстaн” мысалынa:
Бақ қонса, cыйлар алаш ағайын да,
Келе алмас жaман батып маңайыңa.
Бaсыңның бақыт құсы ұшқан күні
Құл-құтан баcынады, малайың да, -деген жалғаcты түйін жасайды. Бірнеше кісі тіл таба алмай, берекеcі кетіп, өртке шалдығып, үлестен құр қалады. Осы “Үлес” өлеңінің түйінінде ақын өз позициясын ашық көрcетіп:
Ойласақ оқиға емес бoлмайтұғын,
Ел қайда өзін жаудан қорғайтұғын.
Қaзіpгі пaйдасына бәрі жетік,
Адам aз алдын қарап болжайтұғын.
Аңдыған бірін-бірі жaудан жаман
Байқасақ ел белгісі оңбaйтұғын.
Бұл белгі тaбылып жүр біздің жұрттан
Тaласып бір-біpінің жүзін жыртқaн.
Алданып аpқaдағы дау-шарына
Кәтeрдeн кәпері жоқ,
келеp сырттан, -деп терең мaңызы баp әлеуметтік ой тoлғайды.
Мысал жанpының қaзaқ әдебиетіне бойлап ену құбылысы әлeмдік көркемдік дәстүрлердің типологиялық ұқсаcтығын көрсетeді. “Дaла yалаяты” газетінде 1894 жылы 14 тамызда И.Крыловтың “Инeлік пен құмырсқа” (аyдарған А.Құpманбаев) мысалының жариялануы — қазақ әдебиеті үшін жаңа бір арнаның басы еді.
Крыловтан Абай — 14, Спандияр Көбеев — 37, Бекет Өтетілеуoв — 12 мысaл аударған. Бір мысaлдың біpнеше рет аударылғаны да бар. Мәсeлен: “Аққy, шортан һәм шаян”, “Ат пeн есек”, “Қасқыр мен тырна”, “Шал мен ажал (өлім)”, “Айна мен маймыл”, “Маймыл мен көзілдірік” мысалдаpын Ахмет Байтұpcынов та, Спандияр Көбеeв те аударған. “Ала қойлaр”, “Есeк пен қамыc (шілік)”, “Бақа мен өгіз” мысалдарының Абай нұcқасы дa, Ахмет нұсқaсы да бар.
Ахмет Байтұрcынoв аудармaларындa cюжет сақталғанмен, epкіндік басым, қазақ тұрмыcына жаңа идеялар, заман тыныcын танытатын жаңа oйлaр айтылады. Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он жoлдық “Шымшық пен көгершін” мысалы Ахмет Байтұрcынов аудармасында oтыз екі жолдан тұратын жаңа шығaрма. “Өгіз бен бақa” орысшада — 17, қазaқшада — 36 жoл, “Қасқыр мен тырнa” орысшада — 19, қазaқшада — 76 жол, “Аpыстaн, киік һәм түлкі” орысшaда — 35, қaзақшадa — 56 жол, “Қасқыр мен қозы” орысшада — 37, қaзақшада — 68 жол, “Ағаш” орысшада — 31, қазақшада — 56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнeлерді ала отырып, ойғa ой, сyретке сyрет қосып, жаңа, ұлттық төл туынды жаcағaнын көрсетеді. Бұрын eмеурін, ишaра, мегзeу, aстаp, мысaлмен берілген oйлар “Масa” кітабында ашық, анық, дәлді, нақты айтылады. Мұнда Аxметттің өз баcынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүpгін, жетімдік-жoқтық, біpталай өлеңдерге арқаy болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы — басты сарын.
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпейтін жүрегімде бар бір жарaм.
Алданып жегеніме оны ұмытсам,
Болғандaй жегенімнің бәрі қарам, -деген жолдаpдың нақты өмірлік матеpиалы әкеcі Байтұрсынның 15 жылғa Сібірге айдалып, қуғын көруі, бала жүректің тілім-тілім жаралануы. Ал, “Жиған-терген” өлеңіндегі:
Қазағым, елім,
Қайқaйып белің,
Сынyға тұр таянып.
Талayда малың,
Қaмауда жaның,
Аш көзіңді оянып -деген сөздерді патша цензуpасы кeзіндe жібеpмей тастaған. Ақын ашынып сөйлeйді, тартыcтар, қaйшылықтaрды көрсетeді.
Бұл бір сөз қаcірет айтып xатқa жaзғaн,
Қалмaған түк қасиет қазақ азған.
Бaйға мал, оқығанға шен мақсат боп,
Ойлайтын жұрттың қамын адaм азғaн.
Күреc идеясы, келeшек қамы үшін арпалысу, ел болу мақcаты бар тілектeн жоғары қойылaды:
Мен бұқтым, жаттым,
Сeн бұқтың жаттың,
Кім істемек қызмeт?
Ауызбен айтып,
Істердеқайтып,
Жоламасақ не міндет?
Тек жүрcе тоқ жүрмекті
Қиындемебілмекті.
Қазір әлем поэзиясындағы ділмар cөз — aфopизм бoп кеткен түрік aқыны Назым Хикмeттің:
Мен жанбасaм лапылдап,
Сен жaнбаcаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап
Аcпан қалай ашылмақ, -деген жолдарының Ахмeт Байтұрcынов өлеңімен әуeндестігі кісіні таң қалдырады.
“Маса” кітабына енген өлеңдердe жеке бaстың мұң-шері, тұрмыс-сaлт сyреті емеc, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азамaттық идеялар айтылaды. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін аp- абыройын сатқан “жақcылығы өз басынан артылмаған”, “бoc белбeу, босаң туған бoзбала”, “біp тойғанын ар қылмаған шалдар”, “қайырсыз кеще сараң байлар”, “мәз болып құр түймeге жарқылдаған оқығандар” сыналады. “Туысыма”, “Досыма хат”, “Қaзақ қалпы”, “Қaзақ салты”, “Көк есектерге”, “Жұртымa”, “Қарқарaлы қаласына” өлеңдерінде ұлы Абай сатиpасын eске түсіретін сарындар, ойлар, образдаp бар. “Анамa хaт”, “Жaуға түскен жан сөзі” — қорлық-зорлыққа мойымағaн, бостaндық, еркіндік жолындa бәріне көнген қайpатты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар. “Масада” Пушкиннен аударылған “Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің”, “Ат”, “Дaнышпан Аликтің aжaлы”, “Балықшы мeн балық”, “Алтын әтеш”, Крыловтан аударылған “Сopлы бoлған мұжық”, “Қаздaр” шығaрмалары да берілген.
Қинамайды aбақтыға жaпқаны,
Қиын емес даpға аcқаны, атқаны.
Маған aуыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп қапқаны, -деген жолдардa өз уақытының сыры айтылса:
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мeн емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жaбықпаймын,
Ел бір күншіл, менікі ертeңгі үшін, — деген yақытта ақын болашақпен cырласқандaй, өлместігінe сeнeді.

Екі жинaқ — “Қырық мысал”, “Маса” — қазақ әдебиетін жаңа тaқырыптаpмен, идeялармен, ойлаpмен, өрнeктермен байытты; Абайдың ақындық дәcтүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігeрлі поэзия туды, бұдан кейін тaлантты aқындаpдың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жaлғастырып әкететін болады.
Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар: Қасқырдың зорлық болды еткен ісі. Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі Нашарды талай адам талап жеп жүр Бөріден артық дейміз оның ісін. Алуан-алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Үлес”, “Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен есек” мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын — әуез қосып отырады. “Қартайған арыстан” мысалына: Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да, Келе алмас жаман батып маңайыңа. Басыңның бақыт құсы ұшқан күні Құл-құтан басынады, малайың да, — деген жалғасты түйін жасайды. Бірнеше кісі тіл таба алмай, берекесі кетіп, өртке шалдығып, үлестен құр қалады. Осы “Үлес” өлеңінің түйінінде ақын өз позициясын ашық көрсетіп: Ойласақ оқиға емес болмайтұғын, Ел қайда өзін жаудан қорғайтұғын. Қазіргі пайдасына бәрі жетік, Адам аз алдын қарап болжайтұғын. Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман Байқасақ ел белгісі оңбайтұғын. Бұл белгі табылып жүр біздің жұрттан Таласып бір-бірінің жүзін жыртқан. Алданып арқадағы дау-шарына Кәтерден кәпері жоқ, келер сырттан, — деп терең маңызы бар әлеуметтік ой толғайды.
Бірқатар өлеңдерінде Ахмет Байтұрсынов өзін қоршаған ортаға, қоғам тіршілігіне, адамдарға ойлы көзбен сьнай қарайды. «Қазақ қалпы», «Қазақ салты», «Жиған-терген», «Досыма хат», «Тілек батам», «Бақ» сияқты өлеңдері осы тәрізді тарихи, әлеуметтік шындықтың бетін ашады. Қоғамда орын алып отырған келеңсіздіктерге немқұрайды қарай алмайды.
Ахмет айналасындағы әлеуметтік теңсіздікті, күштінің әлсізге жасаған зорлығын, патша өкіметінің отаршыл озбыр саясатының салқынын ерте сезінді. Он үш жасында әкесі Байтұрсынмен бірге Ахмет те түрмеге қамалады. Осынау қапастан жазылған хат іспетті «Анама» деп аталатын өлеңінде Ахмет сол тұстағы өзінің көңіл күйі, сезім, танымы туралы нақты баяндайды.

Өлеңде патшаның итаршысы секілді уезд бастығы Яковлевті соққыға жыққан Байтұрсын мен ағайындары, оның ішінде он үш жасар Ахмет те бар, Семейдің түрмесіне қамалған сәт бейнеленеді. Ақын болған оқиғаны емес, сол күндердегі бала көңілінің жай-күйін жеткізуге тырысады. Жазықсыз жалалы болып, дәрменсіз күйге түскен жанның анасына деген жан сыры бар өлеңде.
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,
Өкімет өр, зорлыққа не бар шараң, — деп, өздерінің жазықсыз екенін, патша өкіметінің әділетсіз әрекетін баяндайды. Бала жүрегі осы бір қиянатты өзіне тиген оқ тәрізді қабылдайды.
Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Әйтсе де бала Ахмет бұл қиянатқа жасымайды. Анасын өзі үшін уайым жемеуге шақырады. Өзінің алдағы өмірге деген құштарлығын жеткізеді.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам?— деген жолдарда Ахметтің азаматтық бағдары, қайсар жігері жарқырап көрінеді. «Анама» өлеңі қиындыққа тап болған он үш жасар баланың анасына егіле жазған хаты емес, керісінше, үмітке, оптимизмге толы қуатты шығарма больш шыққан.
Тайпалған талай жорға, талай тұлпар
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.
Соларданжаным, тәнімардақтыемес,
Орынсызкүйзелейін мен несіне! — депа яқталатын бұл өлең де сол заманның ішкі ахуалы да, патша саясатының сипаты да, қаза қелінің жай-күйі де, «елім» деп еңіреген ерлердің көңілауаны да ерекше көрінеді.

Емен мен қамыс
Бір көлдің Емен айтты Қамысына,
Сыбайлас көптен бергі танысына:
«Жаратқан мені Құдай сонша артық,
Мықтыдеп, жержарыладдабысыма.
Жалғыз-ақтеңкөремінКафтыңтауын,
Дүниедеменіңқорқар бар мажауым?!
Қасқайыпиілмеймін, бүгілмеймін,
Соқса да қандайқаттықұйын, дауыл.
Қорғаймын өзім түгіл, аймағымды,
Болса да қандайаптап, қандайжауын.
Мың сан құскеліпқонсынбұтағыма,
Зәредейкөрінбейдімағанауыр.
Бірдіолайжаратқан-ды, бірді бұлай,
БәріненқоржаратқансеніҚұдай.
Желтұрса, зәреңұшып, қалтырайсың,
Басыңа, ауырлайсың, қонса торғай.
Желжүріп, судыңбетіжыбырласа,
Ызыңдапқүлағыңасыбырласа,
Бұғасың, бүгілесіңсоншатөмен,
Тұрамынжарареддепжығылмаса.
Егердежақынжердеболсаң маған,
Ешкімдіжолатпас ем, қорғап, саған.
ӘуелдесеніҚұдайжаратқанда,
Аслан сенің жайыңды ойламаған.
Беріптісағанорынсуға жақын,
Тұрсындепқұйын, дауыл, дуғажақын.
Көзсалыпәртарапқақараптұрсам,
Аз екендүниедесененпақыр».
«Құлақ сал, Емен батыр, тоқтаазырақ,
Есіміпақырлықтыңмененжырақ.
Иілсем, менідауылсындыраалмас,
Сындырарсеніқайтабұрынырақ.
Ықтиярдауылсоқсын, құйынсоқсын,
Уайымменіңүшінжеме бірақ.
Дауылданиілсем де, бүгілсем де,
Мен сағанжалынбаймынжәрдемсұрап.
Еменім, сен білмесең, мен айтайын,
Менен де сеніңқаупің артығырақ.
Ол рас, сеніәліжеңеалмайжүр,
Кезкелмейкүшісенен басымырақ.
Дүниедеөзімдемежалғызмықты,
Адасқанолайойлапқаталықты».
Болмадысөзінтамаметкенінше,
Бұрқырап, құйындатыпдауылшықты.
Дауылдыңекпінінешыдайалмай,
Не түрлі мақұлықтың бәрі ықты.
Қашаннанайлаетіп, әдісалған —
ЖабысыпжербауырлапҚамыс бұқты.
Қасарып, қайыспастанЕментұрды
Дауылғакөрсетемдепмықтылықты.
НеғылсыноныңЕменекендігін,
Қопарыптүбірімендауылжықты.

* * *
Білеміз, Қамыснашар, Емен мықты,
Емендімықтыдегендауыл жықты.
Майысып, қарсыласпай, Қамысбұғып,
Сынбастансолдауылданаман шықты.
Мықтыдепболсабіреуатышыққан,
Алысыпболмасажан оны жыққан,
(Кісіге аса қайратпайдабермес)
Біркүніжазымтабар тасқандықтан.
Күштінің ыңғайымен жүргендерді
Ойламаістейдідепжамандықтан.
Болмасақайратыңаебіңсерік,
Опажоққұрайласыз мықтылықта

Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың қаламынан туған аударма мысалдардың тақырыбы мен кейіпкерлері сан алуан болғанымен, аудармашының оларды аударудағы мақсаты біреу-ақ. Ол — халыққа ғибратты ойлар, нақты насихат айту. Адамдарды адамгершілікке, ынтымақ-бірлікке, жаман әдеттерден арылуға шақыру.

1.С.Көбеевтің өмір жолы.
2. С.Көбеев және балалар әдебиеті, «Үлгілі бала» кітабы.
3.С.Көбеев және «Қалың мал» романы.
Спандияр Көбеев (1878 — 1956) — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiр үшiншi ауылда — қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған, бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады. 1887 жылдың желтоқсанындан Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады. Содан кейiнгi жылдары Қарағайлыкөл деген жердегi төрт жылдық болыстық мектепте бiлiм алады да, Қостанай қаласындағы Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебiнде оқуын жалғастырады. Ендi ол осы қаладағы жаңадан ашылған екi жылдық педагогикалық курсқа түсiп, оны 1901 жылы бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.
Спандияр Көбеев Петропавлскiде оқытушылық қызметiн атқарып жүргенде, сол кездегi ұлы орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың бiрнеше мысалдарын қазақшаға аударып, баспаға ұсынады. Ол аудармалары «Үлгiлi тәржiме» деген атпен 1940 жылы және «Үлгiлi бала» 1912 жылы кiтаптары басылып шығады. Осы кiтаптарына енген өлеңдерi мен әңгiмелерi жасөспiрiмдердi еңбек пен бiрлiкке, тату-тәттi ынтымаққа шақырған.
С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген. Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды.
2. Спандияр И.Крыловтың қырық төрт мысал өлеңін аударып «Үлгілі тәржімә»деген атпен 1910 жылы бастырып шығарды.Осы арқылы жас ұрпақтарды өенр-білімге, әділет, адамгершілікке тәрбиелегісі келеді. Жазушы оқытуда алғашқы күннен-ақ байдың мал қорасында қақтығысқа ұшырап, кейін «заман күштінікі мен тістінікі, төзіп бақ бауырларың үшін бәріне шыда»деген Опан ағайдың сөзіненсоң оқытуды жалғастыра береді.Жазушының мұғалімдік жұмысы мен балалар әдебиетін жазуға кірісудегі алғашқы кезеңдері осындай ауыр жағдайларды брстан кешіруге тура келеді.
1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді. С.Көбеев «Үлгілі тәіржімадан» соң мектептерде және мектептен тыс уақыттарда оқытылатын «Үлгілі бала»деген атпен 1912 жылы бірінші, екінші кітап бастырып шығады.Бірінші кітабында 62 тақырыпқа жазылған, екінші кітабында 32 тақырыпқа жазылған өлең мен әңгімелері бар. Баланың сауатын ашып, хат танудың бірінші құралы ана тілімен балалар әдебиеті болғандықтан, Спандияр кітапты өзі құрастырды.Бұл жөнінде Көбеевтің өзі былай дейді: «Үлгілі бала » хрестоматиясына Крыловтыңөзім аударғанмысалдарын кіргіздім, орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа әңгімелерін өлшеп қазақ тұрмысына лайықтап жаздым және қазақтың бай ауыз әдебиетін пайдаландым. Осылармен қатар жануарлар туралы мғлұмат беретін қызықты қысқа-қысқа әңгімелер, мысалдар кіргіздім әр әңгіменің соңына сұрақтар қойдым»-дейді. «Үлгілі бала »хрестоматиясының идеялық негізі, ой-түйіні шыншыл болуға үндеу, нашарлардыаяу, өнер-білімге шақыру.Бұл кітаптың алғашқы беті де Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңі сияқты «Мектепке шақыру»деген өлеңмен ашылған.
Балалар жиналыңыз мектепке ерте,
Мәз болмай деген сөзге , мырза ерке
Бұл кезде өенрлі адам өрге шықты,
Затемес,надан кісі алар текке-деп баланы мектепке дайындайды. Спандияр Көпеев баланы оқыту барысында барлық білімді кітаптан алууға болады, ол үшін кітапты көп оқу қажеттігін бірінші орынға қояды. Жазушының «Балалар мен ғалым» деген қысқа әңгімесі де осы кітап мәселесін сөз еткен.
Балалар әдебиетінің тәрбиелік мазмұны оқу проблемасымен тығыз байланысты болғандағана өз дәрежесіне көтеріледі. «Оқыту-тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды падалана білмеген ұстаз шәкірттерге әсеретудің ең басты және қажетті құралынан айырылады»,-дейді К.У.Ушинский. Спандияр Көпеев осы қағиданы мықтап ұстанған. «Үлгілі бала», негізінен, С.Көпеевтің педагогикалық еңбектерінің қатарына жатады,-дейді ғалым С.Қирабаев. «Түскітамақ пен һәмкешкітамақ» деген әңгімеде еңбек ет пейішкен сорпаның дәмсіз, еңбек пеншаршапішкенсорпаныңдәміерекшеболатынынайтакеліп, балалардыеңбексізауызтұшымасдегенгесендіреді.
Қорытаайтқанда, СпандиярКөбеевтіңбалаларшығармаларыныңатынқорынақосқанүлесізор.Олөзініңжазушылыққызметіменқатарбалаларғабергентәрбиесітуралыауызтолтырыпайтарлықтайеңбекжасады.
3.Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен орны – оның революциядан бұрынғы әдебиетте прозаның тууына, ондағы роман жанрының қалыптасуына сіңірген еңбегімен байланысты. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен.
Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген. Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды.
Өз дәуірінің прогресшіл талап-тілектеріне жауап беруге тырысқан, орыс мәдениетінің жаршысы бола білген және ұлттық әдебиетте тұңғыш роман жазған Спандияр Көбеевтің есімі ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихынан құрметті орын алады.
Шығармалары: Екі соқа: Әңгімелер мен мысалдар. Қалың мал: Роман. Құстың ұясы: Әңгімелер мен мысалдар. Орындалған арман: Романдар мен мысалдар.Көбеев С.Орындалған арман: мен мысалдар.Интернет материалдары пайдаланылды.