Қос электр қабаты және оның қасиеттері

Жоспары:

  1. Электродты потенциал

2.Металл пластинкасын өз тұзының судағы ерітіндісіне салғандағы үш түрлі жағдай

3.Металл бетінің зарядталуы

Лекция мәтіні:

Металл бетін қорғайтын, металл — су фаза аралығында қос электр қабаты туындайды. Шекарада пайда болатын потенциалдардың айырмасы электродты потенциал деп аталады. Ол латынның мүмкіншілік, қуаттылык деген сөздерінен алынған.

Егер сұйық орта су болса, онда жалпы алғандағы барлық металдарға арналған көрініс және құбылыс біртекті болып келеді: металл теріс зарядталады, ал оған шекаралас сұйық оң зарядталады. Бірақ та бұл құбылысты зерттеп, ондағы потенциалдарды өлшесе, олардың мәні әр түрлі екен. Оған басты себеп, біріншіден, металдың кристалдық торындағы байланыс күштерінің әр түрлі болуы, екіншіден, ондағыкатиондардыңәр түрлігидраттануы.

Ал металл пластинкасын өз тұзының судағы ерітіндісіне салса, мынадай үш түрлі жағдай болуы мүмкін:

  1. Ерітіндідегі металдың бастапқы берілген ион концентрация-
    сы С металл пластинкасын ерітіндіге енгізгеннен кейін орнаған
    тепе-теңдікке сәйкес келетін концентрациядан С0 аз (С<С0). Мұн-
    дай жағдайда екі процесс те қатарынан жүреді; әуелі металл ері-
    тіндіге ауысады:

Ме^Ме+ + е-(а)

және ерітіндіден металл бөлінеді:

Ме+ + е-+*Ме(б)

Жалпы процестің шарты С<С0 болғандықтан, жоғарыдағы екі процестің біріншісі басымырақ жүреді, яғни металл ерітіндіге ауысып, электрон бөлінеді. Мұның нәтижесінде ерітіндідегі металл пластинкасыныц беті теріс, ал оған жанасып жатқан ерітінді қабаты оң зарядталады.

  1. Берілген ерітіндідегі металл ионыныц концентрациясы оған мсталл пластинкасын салған соң орнаған тепе-теңдік жағдайындағы концентрациядан артық, яғнн С>Са. Мұнда ерітіндіден металл иондары бөлініп, пластинка бетіне жиналады. Бұл процесс жүруі үшін, бөлінетін металл катионы өзіне электрон қосып алуы керек. Системада электр көзі, яғни электрон беретін орын жоқ болғандықтан, металл бетінде катион қалады, сөйтіп ерітіндіге салынған металл пластинкасының үсті оң зарядталады.
  2. Берілген ерітіндідегі металл ионыныц концентрациясы оған тең болғандағы жағдайда динамикалық тепе теңдік орнайды.