Физикалық химия пәні.

Жоспары:

  1. Физикалық химия пәні оның зерттеу объектісі мен әдістері
  2. Физикалық химия пәнінің өнеркәсіппен және ауыл шаруашылығы үшін маңызы
  3. Физикалық химия пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.

Лекция мәтіні

Физикалық химия – химиялық құбылыстарды физикалық принциптерінен заңдылықтар негізінде түсіндіретін ғылым. Қазіргі уақытта ол арнайы зерттеу әдістері бар өзіндік ғылым саласына айналып отыр. Физикалық химия әр түрлі химиялық реакциялар және олармен қабаттаса жүретін физикалық процестерді жан-жақты зеттеумен айналысады.Шекаралық ғылым ретінде ол материалдық әлемнің күрделі құбылыстарының арасындағы диалектикалық қарым-қатынастарды ескере отырып зерттеу обьектісін әртүрлі қырларынан зерттейді.

Химиялық реакциялар электрлік құбылыстар жылу берілу электромагниттік толқындардың жұтылуы немесе шығарылуы т.б. физикалық процестермен тығыз байланысты. Мысалы, Гальвани элементтерінде және аккумуляторларда жүретін химиялық реакциялар жәрдемінде электр тогы түзіледі.Көптеген химиялық реакциялар жүргенде жылу түрінде энергия бөлінеді немесе сіңіріледі. Демек, физикалық химия – физикалық заңдылықтар мен зерттеу әдістеріне сүйене отырып, химияның жалпы мәселелерін қарастырады. Физикалық химия заңдарын жалпы химия, биолигия, геология,агрохимия, топырақтану және басқа ғылымдар пайдаланылады.Физикалық химия оның заңдары, зерттеу әдістері химиялық технологияда ерекше маңызға ие болды. Химия өнеркәсібінің дамуы үшін физикалық химия заңдарын жақсы меңгеру қажет. Сол кезде ғана өндіріс негізінде жататын химиялық процесті басқаруға қажетті жағдайларға келтіру мүмкін болады.

Физикалық химия ауыл шаруашылығын химияландыру мәселесінде де алдыңғы қатарлы рөлдердің бірін ойнайды, жаңа тыңайтқыштар өндіру, өсімдік зиянкестерімен күрестің химиялық әдістерін енгізу, топырақтың сулы физикалық қасиеттерін жақсарту мәселелерін шешу, тек физикалық химия бөлімдерінің негізінде ғана мүмкін болмақ.

Химик-сарапшы (химик-эксперт) өзінің күнделікті қызметінде табиғаты мен қасиеттер әр түрлі химиялық қосылыстардың зат құрамын талдап (анализдеп) тексеру үшін әртүрлі физикалық, физика-химиялық және электрохимиялық зерттеу әдістерін қолданады. Мұндай әдістерді қолдана білу үшін олардың теориялық негіздерін, эксперимент жүргізудің тәсілдерін және бұл әдістердің қолданылу аумағы мен мүмкіндіктерін білу қажет.

Пайдаланылу тәсілдеріне байланысты барлық приборлар стационарлы (тақтаға, тұғырыққа, үстелге бекітіліп орнатылған) және тасымалданатын приборлар болып екіге бөлінеді.

Приборлар дәлдік кластары бойынша топтастырылады. Дәлдік класы деп өлшеу аспаптарының қателерінің рұқсат етілген ең жоғары мәнін айтады. Бес түрлі дәлдік кластары бар, олар: 0,2; 0,5; 1; 1,5 және 2,5 деп белгіленеді. Мысалы, амперметрдің дәлдік класы 0,2 болса, онда 5А токты өлшеген кездегі оның ең жоғарғы қатесі 10 тА-ден аспайды, яғни 0,2%-ға тең, т.с.с.

Лабораториялық (зертханалық) электрохимиялық зерттеулерде қолданылатын приборлардың дәлдік кластары 0,2 және 0,5; оларға тексеру кезінде арнайы түзету кестелері жасалынады. Түзетулер рұқсат етілген қатенің шамасынан артпауы қажет.