Нуклеин қышқылдарының және белоктардың алмасуы

1.Нуклеин қышқылдарының асқорыту жолындағы өзгерістері.

2.Нуклеин қышқылдарының алмасуы.

  1. Белоктардың асқорыту жолындағы өзгерістері.

4.Белок алмасуы.

Асқазанда /ұлтабарда/ пепсин және тұз қышқылының әсерімен нуклеопротеидтердің көпшілігі нуклеин қышқылдарына және қарапайым белоктарға ыдырайды.

Нуклеин қышқылдарының ыдыралған өнімдері ащы ішіекте мононуклеотидтер, нуклеозидтер, пентозалар, пурин және пиримидин негіздері, фосфор қышқылы / оның эфирлері және тұздары/ түрінде сіңіріледі.

Тканьдер клеткасында нуклеин қышқылдары нуклеаза ферментінің әсерімен ыдырайды. Нуклеаза нуклеин қышқылдарының молекуласындағы байланыстарды біртіндеп бір ізділікпен үзеді :

Адениндезаминаза және гуаниндезаминаза ферменттері аденинді гипоксантин мен аммиакқа сумен әрекеттесу /гидролиз/ арқылы ыдыратады.

Гипоксантин және ксантин ксантиноксидаза ферментінің ықпалымен несеп қышқылына тотығады.

Пиримидин негіздерінің жануарлар тканьдеріндегі және кейбір микробтардағы ыдырауы урацилдың айналуы мысалында анықталған. Нуклеин қышқылдарының биологиялық түзілуі негізгі 3 сатыдан тұрады :

а/ Пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтердің түзілуі;

ә/ Нуклеотидтердің фосфорлануынан трифосфаттардың пайда болуы;

б/ Трифосфаттардың, ДНК –матрицасы болған жағдайда, нуклеин қышқылдарының молекуласына полимеризациялануы.

Пиримидиндік нуклеотидтерді құрайтын ең негізгі бастапқы затқа 5- монфосфат жатады. Ол урацилден, пентозадан және фосфаттан түзіледі. Нуклеин қышқылдарының / полинуклеотидтердің/ түзілуі пентозофосфор эфирлік байланыстары арқылы көптеген мононуклеотид қалдықтарының бір – бірімен қосылуынан болады.

«ДНК – «түртпе» мононуклеотидтерді орналастыру үшін «штамп» немесе «матрица» қызметін атқарады, ал одан жаңа ДНК –нің тізбегі түзіледі деп есептейді.

Асқорыту жолында белоктар амин қышқылдарына дейін ыдырауға кенеледі. Асқорыту сөлдерінің әсерімен азық белоктары амин қышқылдарына дейін ыдырайды.

Белоктар амин қышқылдары, төмен молекулалы пестидтер және простетикалық топтың құрамды бөлігі түрінде сіңіріледі. Олардың сіңірілетін жері – ішектің шырышты қабығындағы эпителий клеткаларының ішкі қуысына бағытталған жағындағы өте нәзік талшық іспеттес иректі өскіндер.

Сіңірілген белоктардың өнімі қақпа көктамыры арқылы бауырға түседі. Амин қышқылдары бауыр көктамырынан үлкен қанайналым шеңберіне өтіп органдар, тканьдер және клеткаларға тартылады, біраз бөлігі лимфа жүйесіне түседі.

Амин қшқылдарының көп мөлшері белоктарды, кейінгі біраз бөлігі- гормондар, ферменттер және басқа биологиялық активті заттарды синтездеуге, ал қалған бөлігі аминсізденіп қайтадан аминденіп энергетикалық шикізат ретінде және липидтердің, көмірсулардың, нуклеин қышқылдарының биологиялық түзілуіне материал болып пайдаланылады.