Тамырлар жүйесі:сарысу жүйесі.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді сарысу жүйесінің компоненттерімен, мүшелерімен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, мүшелердің топографиясымен, құрылысын меңгерту, сарысу тамырларын негізгі өзектерді атап көрсете білуге , оның бөлімдері мен негізгі тамырларын анықтауға үйрету

Сабақтың мазмұны: Сарысу жүйесі :даму ерекшеліктері, орталық мүшесінің болмауы, тұйықталмағандығы, асимметриялылығы, сыртқы ағыспен байланысы.Компоненттері:жасушааралық кеңістік, капиллярлар, тамырлар, бағаналар, ағындар, өзектер.Капилляр қабырғасының құрылыс ерекшеліктері, жүйенің тамырлы компоненттерінің организм бойынша таралуы.Негізгі бағандар:мойындырық, бұғанаасты, ішек , бел, шажырақай бағандары.Өзектері:көкірек және оң жақ өзектер, сарысу жиналу облыстары.

Оқу материалы: муляждар,кейбір сарысу тамырларының фиксацияланған препараттары, планшеттер, сарысу тамырлары көрсетілген таблицалар, СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Тамырлар жүйесі, сарысу жүйесі ” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді пайдалана отырып сарысу тамырларының, капиллярларының, өзектерінің құрылысымен таныс болу. Сарысу жүйесін зерттегенде бұл жүйенің байламдық бөлігі иммуногенез жүйесінің құрам компоненті болып табылатындығын еске сақтау қажет, сондықтан қан жасайтын және иммундық қорғаныс мүшелерімен бірге қарастырған жөн.Сарысудың бір бағытта ағатындығына көңіл бөліп, сарысу тамы8рларының вена тамырларымен ұқсастығына , өкірек және оң жақ өзектің асимметриялы орналасқандығына көңіл бөлу керек.Микроциркулярлы ағыстың компоненттерін қарастырғанда, оның артериялық және веноздық компоненттерді ғана емес , сонымен бірге сраысу жүйесін қан тамырлар жүйесімен байланыстыратынын еске ұстаған жөн.

Бақылау сұрақтары:

Сарысу жүйесіне жалпы сипаттама

Сарысу жүйесінің компоненттері

Сарысу капиллырының құрылысы

Сарысу тамырларының құрылысы

Сарысу бағандары, ағындаыны

Оң жақ және көкірек сарысу өзектері

Негізгі және қосымша түсініктер: Сарысу жүйесі, сарысу капиллярлары, сарысу тамыры, бағана, без, ағын, өзектер, мойындырық, бұғанаасты, ішек , бел, шажырақай бағандары, оң жақ сарысу өзегі, көкірек өзегі.