Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесі Шеткі жүйке жүйесі

Сабақтың мақсаты:Студенттерді шеткі жүйке жүйесінің компоненттерініңжәне вегетативті жүйке жүйесінің атын атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға оның негізгі құрылымдарының анатомиялық құрылысының деталдарын біліп,және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету, сонымен шеткі жүйке жүйесі бөлімдерінің қалыптасуы туралы айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Шеткі жүйке жүйесі ,оның ерекшеліктері.Рецепторлар жұлын өрімдері, ми жүйкелері, вегетативті ганглийлер. Вегетативті жүйке жүйесі: жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері Симпатикалық бөлігі:орталық бөлімі, жұлынның летералды мүйіздеріндегі нейрондар,шеткі бөлімі преганглионарлық және постганглионарлық талшықтар.Парасимпатикалық бөлігі:орталығы ,көпір,ортаңғыми,сопақша ми және жұлынның сегізкөз бөлімі алдыңғы мүйіздеріндегі орталықтар.Шеткі бөлімі преганглионарлық және постганглионарлық талшықтар ;интрамуралды және экстрамуралды ганглийлер.Әрбір бөлігінің өзіне тән ерекшеліктері.

Вегетативті рефлекторлы доға туралы түсінік

Оқу материалы:Планшет тер, таблицалар.жұлынның жүйкелері кескінделген муляждар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Неврология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, муляж дар мен планшеттердегі шеткі жүйке жүйесі және вегетативті жүйке жүйесі құрылымдарын қарап шығу керек. Студенттер еткі жүйке жүйесі көз алдарына нақты елестете білу керек, және әрбір жүйкенің аттарын жатқа білу керек .Вегетативті жүйке жүйесін қарастырғанда олардағы импульстің өту бағыттарын білу қажет.Парасимпатикалық ганглийлердің тізбектеле орналасқандығына және өрімдердің барлығына ерекше көңіл аудару керек. Парасимпатикалық бөлігінің орталық нейрондарының ми және жұлын бөлімдерінде орналасқандығына көңіл бөлу керек.

Бақылау сұрақтары:

Шеткі жүйке жүйесі бөлімдері

Вегетативті жүйке жүйесі

Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық бөлігі:

Вегетативті жүйке жүйесі парасимпатикалық бөлігі

Преганглионарлық және постганглионарлық талшықтар

Интрамуралды және экстрамуралды ганглийлер

Негізгі және қосымша түсініктер:Шеткі жүйке жүйесі , ми жүйкелері,вгетативті ганглийлер,вегетативті жүйке жүйесі,импатикалық бөлігіпреганглионарлық және постганглионарлық талшықтар.Парасимпатикалық бөлігіинтрамуралды және экстрамуралды ганглийлер.Вегетативті рефлекторлы доға