Сезім мүшелері

Сабақтың мақсаты: Студенттерді сезім мүшелерінің:көру,есту,тепе-теңдік,иіс,дәм сезу мүшелерінің топографиясымен,пішінімен,құрылысымен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, оның бөлімдері мен негізгі ерекшеліктерін анықтай білуге үйрету,тері сенсорлық жүйенің жүйенің рецепторларын жіктей білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны:Сезім мүшелері туралы түсінік, олардың компоненттері.Анализаторлар туралы түсінік, олардың компоненттері. Сезім мүшелерінің жіктелуі.

Көру органдары,негізгі және қосымша мүшелері.Көз алмасы:диаметрі,полюстері,осі, қабаттары, және ядросы.Қабықтары: Сыртқы тығыз талшықты ( фиброзды),оның бөліктері- склера және ақ қабық (мүйізді қабық);ортаңғы тамырлы қабық оның бөліктері алдыңғы — нұрлы, ортаңғы – кірпікті дене, артқы – меншікті тамырлы қабықтар. Нұрлы қабық: қарашық тесігі,кірпікті дене

Кірпікті дене біріңғай салалы ет ұлпасы , көз бұршағының пішінін өзгертіп, көздің көруін икемдеуіТорлы қабық, көру жүйкесі.Көз алмасының ішкі ортасы: көз бұршағы қоймалжың келген шыны тәрізді дене, “ аккомодация ”Көру органының қосымша аппараттары: қабақ, кірпік және көз жас безі. Қабақ :жоғарғы жоғарғы және төменгі қабақтар,кірпіктер.Көз жасының аппараты.Көздің бұлшық еттері : тік, қиғаш еттер .

Есту мүшесі:сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.Сыртқы құлақ: құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы .Ортаңғы құлақ: дабыл қуысы, есту сүйекшелері және есту түтігі

Ішкі құлақ немесе сүйекті лабиринт бөліктері:Орталық – кіреберіс, ұлу, иірім каналдар.Ұлу :“кіреберіс сатысы”, дабыл сатысы.Корти мүшесі.

Тепе-теңдік сақтау мүшесі:жартылай дөңгелек каналдардың жарғақтары жасушалық құрамы,сезгіш жасушалармен әрекеттесетін құрылымдар, кіреберіс- ұлу жүйкесі,

Дәм анализаторы. Дәмді қабылдайтын рецепторлар -дәм емізікшелері, құрылысы,орналасуы,жүйкеленуі.

Иіс анализаторы. Мұрын қуысының кілегей қабықшасының жоғарғы бөлігінде орналасуы,иіс жасушаларының пішіні, иіс жүйкелері

Тері анализаторы. Тері рецепторлары:бос және бос емес ұштары.Жанасып сезуді қамтамасыз ететін құрылымдар.

Оқу материалы: муляждар, планшеттер, көздің, құлақтың ашылып –жабылмалы пластмасса модельдері,мүшелер бейнеленген таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Сезім мүшелері” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді пайдалана отырып муляждар мен планшеттерлегі сезім мүшелерінің бөлімдері мен детальдарын табу керек .Анализаторлар жөнінде нақты түсінік болып, оның басты компоненті үлкен мидың белгілі бір бөлігі екендігі,және анализатордың басты бөлігі рецептор екендігі есте болу керек .Көру мүшесін оқып үйренгенде кірпікті дененің құрылысына ерекше назар аудару керек,себебі,оның бұлшық еттері цинн тарамыстарымен бірге көздің аккомодациясын жүзеге асырады.Торлы қабықты қарастырғанда фоторецепторлақ жасушалар таяқшалар мен колбаларға ғана емес көру жүцкесін түзетін биполярлы және ганглиозды жасушаларға да көңіл аудару керек .Студенттер сары дақтың неліктен ең жақсы көру аймағы болып табылатындығын білуі керек .Есту мүшесін оқып үйренгенде, ұлу каналында орналасқан негізгі мембрана құрылымдарына ,дыбыс толқынының қалайша жүйке импульсіне айналатындығына,отолит аппаратының ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек.Дәм сезу мүшелерін қарастырғанда олардың тіл емізікшелерімен байланысыты ерекшеліктеріне тілдің ,таңдайдың ,жұтқыншақ пен жұтқыншақ қақпағында орналасуларын ескерген абзал.Иіс сезу мүшелерін қарастырғанда иіс жасушаларына және олардың лимбиялық жүйемен байланысына көңіл аудару керек .

Бақылау сұрақтары:

Анализаторлар және олардың компоненттері

Сезім мүшелері , олардың компоненттері.

Сезім мүшелерінің жіктелуі

Көру мүшесінің құрылысы

Тор қабықтың үшнейронды торы

Көз алмасының жарық сындыру орталары

Есту мүшесінің құрылысы

Тепе-теңдік мүшесінің құрылысы

Дәм сезу мүшесінің құрылысы

Иіс сезу мүшесінің құрылысы

Негізгі және қосымша түсініктер: Сезім мүшелері ,анализаторлар ,көру органдары,көз алмасы,қабықтары: склера,ақ қабық (мүйізді қабық); тамырлы қабық, кірпікті дене, меншікті тамырлы қабық,нұрлы қабы,: қарашық тесігі,сары дақ,орталық шұқырша,соқыр дақ,

көз бұршағы , шыны тәрізді дене, сулы дене,камералар, “ аккомодация ” қабақ, кірпік, көз жас безі,жоғарғы және төменгі қабақтар,кірпіктер. Көз жасының аппараты.Көздің бұлшық еттері : тік, қиғаш еттер ,коньюктива,сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы ,ортаңғы құлақ: дабыл қуысы, есту сүйекшелері,балғаша ,төсше,үзеңгіше, есту түтігі,ішкі құлақ сүйекті лабиринт,жарғақты лабиринт,кіреберіс, ұлу, иірім каналдар,ампула,негізгі,жабынды,вестибулярлы мембраналар,дақ, перилимфа,эндолимфа,отолит аппараты,дәм емізікшелері, дәм шұңқыры,иіс сезу аймағы.