Тері жабынының құрылысы

Сабақтың мақсаты: Студенттердітері жабыны мен оның туындыларыныңқұрылысымен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, оның бөлімдері мен негізгі ерекшеліктерін анықтай білуге үйрету

Сабақтың мазмұны:Тері- құрылысы микроморфологиялық деңгейде зерттелетін ерекше мүше.Тері:эпидермис және дерма.Эпидермис: бес қабатты жасушалардан тұратын көп қабатты жазық эпителий;дерма:емізікті және торлы қабаттары.Тері асты майлы клетчатка.Терінің туындылары:түктер,тырнақтар,бездер.Түк:түбірі және өзегі;түбірі :сыртқы және ішкі қынаптардан түзілген түк фолликулы;емізікшесі және матриксы бар түк баданасыТүк өзегі:милы және қыртысты заттары,кутикула.Түк тің типтері:ұзын ,түбітті,қабыршақты.Тырнақ:түбірі,денесі,еркін шеті.Терінің бездері:тер,май,сүт бездері.Тер безі:құрылысының түтікті болуы,секреторлы бөлімі және шығару өзегі; апокринді және мерокринді бездер ,олардың бір бірінен айырмашылықтары.Май безі :құрылысының альвеолярлы типті болуы,секреторлы бөлімі және түкпен байланысты шығару өзегі.Сүт безі:топография,еркектерде және әйелдерде даму дәрежесі; емшек маңы шеңбері және сүт өзектері бар емшек.бөліктер,аралақтар.өзектер жүйесі:бөлік ішілік,бөлікаралық,синустары бар радиалды.

Оқу материалы: муляждар, планшеттер, гистологиялық препараттар,терінің және оның туындыларының суреттері көрсетілген таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Терінің құрылысы мен қызметі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді және гистологиялық таблицаларды пайдалана отырып терінің және оның туыдыларының құрылысымен таныс болу.Терінің мүше ретіндегі микроанатомиялық құрылысымен гистология пәніне арналған әдебиеттерден танысып шығуға болады.Түктің құрылысын қарастырғанда оның өзегігің көлбей орналасқандығына ,түкті көтеретін бұлшық еттің барлығына,май безінің барлығына көңіл бөлу керек.Тер безінің құрылысын қарастырғанда экзокриоциттермен көрші орналасқан миоэпителиалды жасушаларға мән беріу керек.Сүт безінің құрылысын қарастырғанда ,оның түр өзгерткен тер безі бола тұра,оның құрылысының функционалдық жағдайға байланысты өзгеріп тұратынын, ал ол жағдай гормондармен бақыланып,әйелдің жыңыс жүйесіндегі өзгерістермен корреляциялық байланыста болатындығын естен шығармау керек.

Бақылау сұрақтары:

Тері жабынына жалпы сипаттама

Терінің құрылысы

Түктің құрылысы

Тер және май бездерінің құрылысы

Сүт безінің құрылысы

Негізгі және қосымша түсініктер: Жлпы тері жабыны,тері эпидермис,көп қабатты мүйізденетін эпителий,базалды мембрана,меланоцит,тікенекті қабат,дәнді қабат,кератогиалин,жалтыр қабат,элеидин,мүйізді қабат,дерма,емізікті қабат,айдаршыа,папиллярлы өрнек,торлы қабат,тері асты клетчаткасы,май ұлпасы,түк,түбірі,фолликул,қынады,көтеретін ет,бадана,өзек,милы және қыртыс заттар,тырнақ,түбірі,денесі,еркін шеті,тер безі,эндокниноцит,миоэпителиоцит,мерокринді без,апокринді без;май безі,себоцит,сүт безі,емшек,емшек маңы шеңбері,сүт тесіктері,сүт синусы,альвеола,лактоцит.