Бұлшық ет жүйесі мойынның бұлшық еттері

Сабақтың мақсаты:Студенттерді бас пен мойынның негізгі қаңқа еттерін көрсетіп, еттердің бекіну орындарын және атқаратын қызметтерін білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Бұлшық ет жүйесі

Мойынның бұлшық еттері:тері асты еті,төс-бұғана-емізік еті,алдыңғы,ортаңғы және артқы сатылы еттер,белбеу еті,жартылай ості ет.Тіл асты сүйегінің үстіндегі еттер: иек асты тіл асты,жақ тіл асты,қос құрсақты, біз тіл асты .Тіл асты сүйегінің астындағы еттер:төс тіл асты,төс-қалқан, қалқан тіл асты, жауырын- тіл асты

Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшеттер.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Миология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Бұлшық еттердің жалпы құрылысы жоспарымен,олардың жіктелуімен,бұлшық ет талшықтарыныңерекшеліктерімен, бұлшық еттердің топтарға бөлінуімен танысып шығу.Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы мойынның бұлшық еттерін тауып, еттердің бекіну орындарын есте сақтау керек. Мойынның бұлшық еттерін зертегенде олардың артқы(арқа) және алдыңғы ,нағыз мойынның бұлшық еттері болып бөлінетіндігіне көңіл аудару қажет

Бақылау сұрақтары:

Бұлшық еттер ұлпасы:көлденең жолақ бұлшық еттер ұлпасының ерекшеліктері

Бұлшық еттерің жіктелуі

Қаңқа бұлшық еттерінің құрылысы мен қызметі

Бұлшық еттердің қосымша аппараты

Бастың бұлшық еттері

Шайнаубұлшық еттері

Ымдау бұлшық еттері

Негізгі түсініктер: Бұлшық еттер ұлпасы, қаңқа бұлшық еттері,талшықтар,эндомизий,перимизий,эпимизий,фасция,сіңір,апоневроз, бұлшық ет басы, бұлшық ет құрсағы,агонист,антагонист,синергист,фиксатор.