Бұлшық ет жүйесі Тұлғаның бұлшық еттері

Сабақтың мақсаты:Студенттерді арқа,көкірек пен құрсақтың негізгі қаңқа еттерін көрсетіп, еттердің бекіну орындарын және атқаратын қызметтерін білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: арқа,көкірек пен құрсақтың негізгі қаңқа еттері (аутохтондық) бұлшық еттер. Арқаның бұлшық еттері-омыртқаны тік ұстайтын еттер және ол еттердің трактылар құрайтын тарамдары;омыртқа –қабыртқа,арқаның жалпақ еті ,сегізкөз-осьтік ет.Көкіректің бұлшық еттері,ең ішкі қабыртқа асты еттері,ішкі және сыртқы қабыртқа аралық еттер; көлденең ет,көкет оның бөлімдері және тесіктері Бұғана асты,кіші көкірек,алдыңғы тіс тәрізді,алкен және кіші ромб тәрізді, жауырынды көтеретін ,трапеція тәрізді еттер.Құрсақтың бұлшық еттері:Ішкі және сыртқы қиғаш еттер;тік және көлденең еттер.Қарынның ақ сызығы.

Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшеттер.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Миология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Бұлшық еттердің жалпы құрылысы жоспарымен,олардың жіктелуімен,бұлшық ет талшықтарыныңерекшеліктерімен, бұлшық еттердің топтарға бөлінуімен танысып шығу.Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы арқа,көкірек пен құрсақтың негізгі бұлшық еттерін тауып, еттердің бекіну орындарын есте сақтау керек. Арқаның бұлшық еттері-омыртқаны тік ұстайтын еттер және ол еттердің трактылар құрайтын тарамдары;омыртқа –қабыртқа,арқаның жалпақ еті ,сегізкөз-осьтік ет.Көкіректің бұлшық еттері,ең ішкі қабыртқа асты еттері,ішкі және сыртқы қабыртқа аралық еттер; көлденең ет,көкет оның бөлімдері зертегенде олардың пайда болуын, тыныс алудағы атқаратын жұмысына тоқталу қажет.Құрсақтың бұлшық еттерінішкі және сыртқы қиғаш еттер;тік және көлденең еттерді зертегенде

орындарына, бұлшық ет талшықтарының ерекшеліктеріне, атқаратын жұмысына көңіл аудару қажет.

Бақылау сұрақтары:

Бұлшық еттер ұлпасы:көлденең жолақ бұлшық еттер ұлпасының ерекшеліктері

Бұлшық еттерің жіктелуі

Қаңқа бұлшық еттерінің құрылысы мен қызметі

Бұлшық еттердің қосымша аппараты

Арқаның бұлшық еттері

Көкіректің бұлшық еттері

Құрсақтың бұлшық еттері

Негізгі түсініктер: Бұлшық еттер ұлпасы, қаңқа бұлшық еттері,талшықтар,эндомизий,перимизий,эпимизий,фасция,сіңір,апоневроз, бұлшық ет басы, бұлшық ет құрсағы,агонист,антагонист,синергист,фиксатор.