Қаңқа жүйесі, қол қаңқасы.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді қол қаңқаларының құрылыстарымен таныстыру; оларды әртүрлі қол сүйектерін анықтай білуге сипаттауға үйрету.

Сабақтың мазмұны:Қол қаңқалары: белдеу және еркін қол сүйектері Қол сүйектері . Қолдың иық белдеуі құрылысы және оны құрайтын сүйектердің функционалдық маңызы. Бұғана оның пішіні ұштарының аттары және маңызы . Жауырын сүйегі, жауырынның құрылысы,беттері,бұрыштары,шеттері,,жалы,шұңқырлары,өсінділері,ойығы, мойны, буын беті және олардың функционалдық маңызы. Төс бұғана және иық –бұғана буындары . Еркін қимылды қол сүйектері, тоқпан жілік, кәрі жілік , шынтақ жілік, білезік, алақан және саусақсүйектері және олардың құрылысы.Тоқпан жілік типті түтікті сүйек ретінде,диафиз, проксимальды және дистальды эпифиз,метафиз, апофиз, құрылысының детальдары,денесі,басы,, мойындары,ет төмпешіктері, дельта тәрізді бұдыр, басы бар блок, шұңқырлары,айдаршықтары. Шынтақ жілік ,денесі,өсінділері,ойығы,басы,буын беттері,сүйек аралық қырлары.Кәрі жілік басы,мойны, төмпегі, буын беттері,өсінділері,сүйек аралық қырлары.Білезік сүйектері, сегіз сүйектің аттары,пішіндері.Алақан және саусақ сүйектері.Қол сүйектерінің байланысы.

Оқу материалы: қаңқа, бұғана, жауырын сүйегі, тоқпан жілік, кәрі жілік , шынтақ жілік, білезік, алақан және саусақсүйектері.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтардағы және лекция конспектілеріндегі «Остеология» тақырыбындағы текстермен танысып шығу.Атластағы суреттерді пайдалана отырып ,қол сүйектерін танып-білу.Жоғарғы және төменгі белдеу қаңқаларының құрылысының ортақ жоспар құрылысына жоғарғы белдеу қаңқасының тұйықталмағандығына,солсебепті қимыл еркіндігін қамтамасыз етедіндігіне көңіл бөлу.Формалары әртүрлі сүйектерді тауып, тұлға қаңқасы сүйектерінің байланысу тәртібіне көңіл бөлу. Студенттер кез келген түтікті сүйектің құрылысында анық бағыт-бағдарлай біліп олардағы проксимальды эпифиз, дистальды эпифиз, диафиз, метафиздерді таба білу керек. Апофиздердегі шеміршек ұлпасының болуына көңіл бөлінуі керек. Сондай-ақ, білек сүйектері мен сирақ сүйектерінің бір-біріне қатысты орындарына көңіл бөлінуі керек. Еркін аяқ-қол қаңқасы сүйектерінің құрамынан қысқа және сесам тәрізді сүйектерді бөліп көрсету керек. Барлық білезік және толарсақ сүйектерінің аттарын білу керек және оларды көрсете білу керек.

Бақылау сұрақтары:

Қол қаңқасының бөлімдері

Қолдың иық белдеуі құрылысы

Тоқпан жіліктің құрылысы

Білек сүйектерінің құрылысы

Қол басы сүйектерінің құрылысы

Білезік сүйектерініңұрылысы

Алақан сүйектерініңұрылысы

Қол сүйектерінің байланысу түрлері

Негізгі және қосымша түсініктер: қол белдеулері, еркін белдеу сүйектері, ұштары, шеттері, бұрыш, қыр, проксимальды эпифиз, дистальды эпифиз, диафиз, метафиз, шығыройық, айдаршық, айдаршықүсті төмпектер,сүйек аралық қырлар, бақайшықтар, синостоз, қанат, бұтақ, төмпешік, сай, терминальды сызық.