Бас сүйектері. Сүйектердің байланысу түрлері .

Жоспар:

1.Бас сүйек қаңқасы. Ми сауыты сүйектері.

2.Маңдай сүйегі. Самай сүйегі. Шүйде сүйегі .Төбе сүйегі. Сына сүйегі. Тор сүйегі

  1. Бас сүйек қаңқасы. Бет бөлімінің сүйектері.

4.Сүйектердің байланысу түрлері.

Бас сүйек 23 сүйектен құралған ,оның 8-і жұп,7-еуі тақ. Бас сүйек ең алдымен бас миы және онымен байланысты сезім мүшелері жайғасатын орын болып табылады.,сонымен қатар ол сыртқа ашылатын ас қорыту және тыныс алу жолдарының бастапқы бөлімін қоршап тұрады. Бас сүйек 2 бөлімнен тұрады:

  1. Ми сауыты сүйектері.
  2. Бет бөлімінің сүйектері.

Ми сауытыында қақпақ және негізін ажыратады. Ми сауытының сүйектері жұп және тақ болады.Жұпқа төбе мен самай сүйектері таққа шүйде ,маңдай,сына,тор тәрізді сүйектер жатады

Шүйде сүйегі(қарақұс) ми сауытының төменгі және артқы бөлігін құрайды.Оның сыртқы жағы дөңес ішкі беті ойыс келеді. Шүйде сүйегінің үлкен тесігін айнала төрт бөлігі жатады: қабыршақты бөлігі,қос латеральды бөліктері және негізгі бөлігі. Латералды бөлігінің астыңғы бетіндегі екі кебіс тәрізді буын дөңесіне ауыз омыртқаның буын ойысы жалғасады.

Шүйде сүйегінің қабыршақты бөлігінің сырт жағында бір-бірімен көлденең параллель өтетін желке бұдырлары болады.Оларға желке еттері тіркеледі .Қабыршақ бөлігінің ішкі беті сайшалар арқылы төрт ойысқа бөлінген.

Шүйде сүйегі алдыңғы жағынан сына сүйегімен,екі жағынан самай және төбе сүйектерімен шектеседі.

Шүйде сүйегінің жұту төмпегі, ылдиы болады.

Төбе сүйегі-төрт бұрышты жұп сүйек.Оның төмпегі, маңдай, қабыршақты, шүйде, сагиттальды шеттері, шүйде бұрыштары, сигма тәрізді қойнаудың сайы болады.

Маңдай сүйегі- қабыршақты бөлім, екі көз бөлімі, мұрын бөлімі, жалпы төрт бөлімнен тұрады.Маңдай жалпақ төбеге қараған дөңес бөлімнен , төменге қарай маңдай қабыршағын көз шарасының ойығының жиегін түзейді .Осы екі көз аралығында мұрын бөлігі бар. Маңдай сүйегінің мұрын бөлігінің үстіңгі жағындағы қуыстықты маңдай қойнауы дейді Ол мұрын қуысымен тығыз байланыста жатады. Маңдай сүйегінің қас доғалары, самай сызығы , самай беті, көз жасы безінің сайы, апертуралары, торлы ойындысы болады..

Самай сүйегі-жұп ми сауытының негізін және бүйір иіндерін құрайды.Қызметінің әртүрлі болуына қарай самай сүйегі ми сауытының сүйектерінің ішіндегі ең күрделісі. Самай сүйегінде есту және тепе теңдікті сақтау мүшелері орналасқан. Самай сүйегі төменгі жақпен байланысып, шайнау аппаратының тірегі болады.Оның латерал бетінде есту мүшесінің дыбыс тесігі болады.

Самай сүйектері дыбыс тесігінің айналасын қоршаған қабыршақты бөлім, дабыл бөлім, тасты бөлімдерден тұрады.Қабыршақты бөлімі аздап иілген жұқа сүйек,мисауытының бүйір жағын құрайды.Онда алға қарай көлденең бағытталған шықшыт сүйегіне жалғасатын шықшыт өсіндісі болады. Осы өсіндінің асында буын шұңқыры және төмпегі бар Осы жерге төменгі жақтың буын өсіндісі буындасады. Дабыл бөлімі сыртқы есту түтігін алды артанан қоршап ,оның алдыңғы және төменгі қабырғасын түзеді. Тасты бөлімінде –ішкі құлақ қуысы орналасады.Оның артқы бетінде ішкі тесігі, ал астыңғы бетінде бет жүйкесі мен ұйқы артериясы ,мойындырық венасы өтетін тесіктер бар.

. Дабыл қуысында үш есту сүйекшелері:балға,төс,үзеңгі орналасқан. Дабылдық қуысының медиалды жағында шытырман,((ұлу) ,кіреберіс,және үш жарты ай тәрізді түтіктерден түзілген .Шытырман бөлігінде есту ,ал кіреберіс,және үш жарты ай тәрізді түтіктерде тепе теңдікті сақтау мүшесі орналасқан. Самай сүйегінде біз тәрізді өсінді, біз-емізін тесігі, емізік өсіндісі болады.

Сына сүйегі немесе негізгі сүйек –тақ ,ол ми сауытын құраушы барлық сүйектермен байланысып ми сауытының түбін құрайды. Сына тәрізді сүйектің Сына тәрізді сүйектің денесі қуысты боладыда сол қуысы арқылы мұрын қуысымен жалғасып жатады.Сына тәрізді сүйектің толық орта жерін денесі дейді,оданекі үлкен қанат, екі кіші қанат және қанат тәрізді өсінділер –медиалды ілмек және латералды өсінділер бар.Денесі арт жағынан шүйде сүйегімен байланысса,алдыңғы жағынан мұрын қуысымен жалғасады.Жоғарғы бетінде түрік ерінің арқасы мен ойысы, гипофиздік ойыс болады. Үлкен және кіші қанаттары өзара көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы ажырап жатады.Үлкен қанатта үш тесік бар-дөңгелек,ойыс және сопақша.Бірінші екеуінен үшкіл жүйкенің тармағы өтеді ,ал сопақ тесіктен –артериялар өтеді. Үлкен қанаттарының самай, көз, ми, жоғарғы жақ беттері; дөңгелек, сопақ, остік тесіктері бар. Кіші қанаттарының көз және ми беттері болады. Сына тәрізді сүйектің медиальды және латеральды тақташалары, қармақ, шұңқыршасы бар екендігі белгілі

Тор сүйегі ми сауытына да, бет бөліміне де жататын тақ сүйек. Оның көлденең тақташасы, әтеш айдары, торлы тақташасы, иіс жүйкесінің тесігі, торлы шытырман, көз тақташалары, жоғарғы және ортаңғы мұрын кеуілжірлері, торлы ауа қойнауы болады.

Бет бөлімінің сүйектері жұп және тақ сүйектерден құралған.Бас сүйегінің

қаңқасының бет бөлімі сүйектеріне жұп жоғарғы жақ, көз жасы сүйегі, мұрын сүйегі,төменгі мұрын кеуілжірі,таңдай сүйегі ,шықшыт сүйегі және тақ төменгі жақ сүйегі,тіл асты сүйегі,кеңсірік жатады.

Бет бөлімі, оның сүйектерінің орналасуы,олардың құрылысы күрделі келеді.

Жоғарғы жақ беттің орталық бөлімін алып жататын үлкен жұп сүйек.Оның денесі,маңдай,шықшыт,таңдай,алвеолярлы өсінділері;алдыңғы,самай асты,көз,мұрын беттері; көз асты шеті ,мұрын ойығы,алдыңғы мұрын қыры,сүйір тіс шұңқыры, төмпек,альвеолярлы тесіктері,көз асты сайы мен каналы, көз жасы ойығы,кеуілжір жалы,альвеолярлы доғасы болады. Жоғарғы жақ сүйегінің үстіңгі беті көз шарасының төменгі жағын ,мұрын беті мұрын қуысының бүйір қабырғасын құрайды.

Төменгі жақ сүйегінің денесі және 2 бұтақтары болады. Денесінің негізі, иек асты қыры, альвеолярлы доғасы бар..Бұтақтарының буын және тәждік өсінділері,ойығы, бұрышы болады. Төменгі жақ сүйегінің төменгі жақ тесігі, бұлшық ет бұдырлары және шұңқыршалары әртүрлі қызметтер атқарады. Төменгі жақ сүйегінде 16 тіс ұясы бар.

Шықшыт сүйегі жұп .Оның латеральды,көз,самай беттері, маңдай,самай, жоғарғы жақ өсінділері болады .Бұл өсінділерімен шықшыт сұйегі осы аттас сүйектермен байланысады. Шықшыт сүйегінің шықшыт көз, шықшытжақ, шықшытсамай тесіктеріде бар..

Таңдай сүйегі қатты таңдайдың түбін құрайтын жұп сүйек. Оның горизонтальды және вертикальды тақташалары, көз,сына,пирамида өсінділері, торлы,кеуілжірлі айдаршықтары, артқы,мұрын қырлары болады.

Тіл асты сүйегінің денесі,үлкен және кіші мүйіздері болады

Тіл асты сүйегі төменгі жақтың астында тілдің 8түбінде тұратын таға тәрізді тақ сүйек. Бұл сүйек ешқандай сүйекпен байланыспайды.

Төменгі мұрын кеуілжірінің көз жасы,жоғарғы жақ,торлы өсінділері. болады.

Кеңсірік төрт бұрышты ромб тәрізді жұқа жұп сүйек,ол мұрын қуысын бөлуге қатыслды.

Көз жасы сүйегі көз шарасының ішкі бетін түзетін кішкентай жұп сүйек.

Мұрын сүйегі төрт бұрышты пластинка тәрізді жұқа жұп сүйек, ол кеңсірік тұсындағы мұрын тесігін жауып тұрады.. Бас сүйек қаңқасының жалпы біріккен құрылысын алып қарағанда ол негізі,ми қақпағынан тұрады.

Краниометрия-деп бас сүйектің өлшемдерін айтады.Оның вертикальды ,беттік,латеральды,шүйделік,базиллярлық нормалары болады. Бас сүйектерінің бір-бірімен байланыстары:жіктер мен буындар түрінде болады.

Сүйек байланыстары туралы ілім синдесмология деп аталады.(латынша син-байланыс,десмо-байлам,логос –ғылым деген сөздер)

Сүйектердің байланысу түрлерін 3 топқа бөлуге болады:

1.қозғалыссыз немесе синартрозды байланыстар

2.қозғалмалы,буын немесе диартрозды байланыстар

3.жартылай буынды немесе симфиз

Қозғалыссыз байланыс кезінде сүйектердің бірімен-бірі қсоылысқан ара жігі білінбей тұтасып кетеді.Сүйектерді жалғастырушы ұлпалардың өзгеру жағдайына қарай синартрозды байланыстар үшке бөлінеді:

А)талшықты немесе синдесмозды байланыстар

Ә)шеміршекті немесе синхондрозды байланыстар

Б)сүйекті немесе синостозды байланыстар

Қозғалмалы қуысты байланыстар буын деп аталады.Буындардың барлығы мынадай міндетті элементтерден тұрады:буын қапшығы немесе буын капсуласы,буын қуысы,буын беті,синовия сұйықтығы.Сонымен қатар буындарда мынадай міндетті емес компоненттер де кездесуі мүмкін:буыын ернеуі,буын тегеріші немесе диск,буындасушы байлам.Буындар жай,күрделі,бір білікті,екі білікті,көп білікті,жұмыртқа тәрізді,ершік тәрізді,айдарша тәрізді,шар тәрізді,жзық буындар болып жіктеледі.

Жартылай буын симфиз байланысы шаттағы сүйектердің түйіскен жерінде қасағаада кездеседі.Жартылай буын бұрын қозғалмалы болып,кейін сүйектердің қозғалыссыз қосылысқа айналуы кезінде пайда болады.Кейбір омыртқа денелерінің арасында тегеріш (диск) пайда болған кезде де симфиз тізіледі.