Ағылшын мақалдары мен олардың қазақ, орыс тілдеріндегі баламалары

«Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» деген ұлы ақын Абай атамыздың сөзінен бастайық. Біздің планетада әр түрлі халықтар тұрады. Сол әр халықтың өзінің тілі, діні, әдебиеті, ауыз әдебиеті сияқты өз тілінің ерекшеліктер болады. Адамның ойын жарыққа шығаратын күшті құрал тіл. Ал тіл адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Өзіміздің рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Ауыз әдебиеті халқымыздың асыл да мол мұрасы, қымбат қазынасы. Ағылшынша, қазақша,орысша мақал-мәтелдер бірдей болады. Келтірілген мысалдардан кейде қазақша мен орысша мақалдар, кейде үшеуі де құрлысы мен мағынасы жағынан бірдей, бір-бірінің тура аудармасы болып келетінін белгілі. Кейде 3 тілдегі мақал-мәтелдер бір-бірімен тек алынып отырған тақырып, білдіретін мағынасы жағынан ұқсас болуы мүмкін. Екіншіден, ағылшынша, қазақша, орысша мақалдардың синонимдері болады. Кейде мақалдар өз синонимдерімен тек образдармен ерекшеленеді, кейде мағынасы жағынан үндесіп, ұқсас болады.

Мақалдарды бірнеше тілде білу сабақ барысында өзімізге де пайдалы. Олар да түрлі тарихи жағдайларда құрылған, бірақ сонда да халықтың арманын, мақсатын көрсетеді. Белгілі бір ойдың әр түрлі халықтардың, яғни әр түрлі тілдегі қалай айтылатындығын есту қызықты.

— Сондықтан қай тілде болсын мақал-мәтелдерді оқып, үйрену керек. Өйткені тіл өзгерсе де, сөз өзгерсе де мақалдың түпкі мағынасы, айтайын деген ойы өзгермейді. Бірақ ең алдымен өз тілімізді, әркім өз халқының рухани байлығын білу керек. Бұл мақалдарды ағылшын тілінде ғана емес, қазақ, орыс тілі пәндерінде көптеген құрал ретінде пайдалануға болады.

Әрбір сабақта тиянақты, сапалы білім беру тәрбие жұмысымен күнделікті бірлікте жүргізілуі тиіс. Мақал-мателдер халық ауыз әдебиетін сүйіп құрметтеуге, сөз өнерінің асыл қазынасын меңгеруге, тапқыр сөйлеуге, ретті жерлерде қолдана білуге сыйғызып, айта білуге тәрбиелейді. Мақал-мәтелдер мен жаттаған өлеңдер өткен тақырыпты пысықтау үшін, оқушылар жалыққан кезде көмектеседі, олардың ізденушілік қабілетін дамытады, үш тілді меңгеруге ынтасын арттырады.

Мысалы белгілі бір грамматикалық тақырыпты өткен кезде жаттығулармен қатар үй тапсырмасы ретінде мақал мателдерді беріп, одан бүгінгі өткен грамматикалық тақырыпты тауып қолдануын түсіндіріп, орысша, қазақша аударып келуге берілсе, бұл әрі түсіндірілген грамматикалық тақырыпты пысықтайды, әрі іздендіреді және тәрбиелік құндылығы болады. Шет тілін оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын дамыту, жана әдіс-тәсілдерді енгізу бүгінгі күннін басты талабы.

Бүгінгі күнде көп тілді меңгерген жан-жақты, ел ертеңін ойлайтын дана ұрпақты тәрбиелеу-киелі мәселелердің бірі деп түсініп, мына мақал-мәтелдерді, өлен шумақтарын сабаққа қолдануды ұсынып отырмын.

Соңғы 15 жылдағы еліміздегі халықаралық саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың дамуы мен нығаюы және республикамыздың халықаралық қоғамдастыққа енуі білім беру саясатына шет тілдерге байланысты көптеген өзгерістер әкелді. Қазіргі кезде ғаламдық жаһандану, яғни әлемдік білім беру кеңістігіне ену процесі жүріп жатыр. Президентіміз Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды. Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамассыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет [7,б 32]. Яғни жоғары нәтижелерге жету үшін, біздің болашақ ұрпағымыз өте білімде, заман талабына сай жан-жақты дамыған, мәдениетті және өте тәрбиелі болуы қажет. Ал жан-жақты дамыған тұлға тек берік біліммен қаруланып қана қоймай, қазіргі заман талаптарына сай бірнеше шетел тілдерін меңгеруі тиіс.

Қазіргі кезде шетел тілінің қажеттілігі күннен-күнге артып келеді. Ол қоғамдық – экономикалық, ғылыми – техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы айғақ болып отыр. Бұл айғақ шетел тілдерін оқытудың дәрежесін жоғарлатуда. ЮНЕСКО XXI ғасырды полилингвизм ғасыры деп атады. Біздің болашақ ұрпағымыз тек өз ана тілін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар бірнеше шетел тілін меңгеруі хақ. Ал шетел тілін жан – жақты меңгертуде оқыту – тәрбие процесін қызықты, ыңғайлы және ұтымды қылу үшін, 3 тілділікті (қазақ,орыс,ағылшын) қолдануды ұсынамыз.

Мақаланың басты мәселелеріне тоқталатын болсақ: шетел тілді жан-жақты меңгерту, балалардың сөздік қорын байыту және шет тілдегі мақал – мәтелдерді қолдануға дағдыландыру, күнделікті қолданысқа енгізу. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»,- деп Әл-Фараби айтқан. Яғни ең басты мәселелердің бірі балаларға 3 тілдегі мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңыздылығын түсіндіру болып табылады.

Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасалып, екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – мақал-мәтелдер.

«Мақал-мәтел – сөз мәйегі», «Мақал – сөздің мұнарасы»,- деп қазақ халқы ауыз әдебиетінің асыл жанрына аса құнды баға берген.

Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан алғанда ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлардың бірі – мақал-мәтелдер баланың ой-өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім-тәрбиесінде терең мән жатыр.

Мақал-мәтелдер – ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналық жемісі. Мақал-мәтелдер – әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылының кені жатыр.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: мақал- үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал деп қысқа, образды,ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз. [6,б 102] Мәтел – тұжырымды. Бейнелі әрі ықшам нақыл сөз.[6,б 168]

Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер жан – жақты қарастырылып талданды. Мысалы: 1. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдер жеке тақырыптар бойынша сараланды;

·Адам және оның қасиеті;

·Еңбек және кәсіп;

·Ғылыми – білім. т.б.

2. Мақал-мәтелдер мағыналарына қарай сараланды;

·Мақал-мәтелдердің 3 (қазақ,орыс,ағылшын) тілде сөздік баламасының әр түрлі мағыналарының бірдей болуы;

·Мақал-мәтелдердің 3 (қазақ,орыс,ағылшын) тілде сөздік баламасының дәл келуі;

Мысалы: Білім – қуат. Знание – сила. Knowledge is power.

Бұл мәтелде 3 тілдегі сөздік баламасы және де мағынасы дәл келіп тұр. Бұл синонимикалық мәтелдер, яғни аудару барысында тікелей аудару арқылы аударылған, мағыналары да, сөздері де бірдей. Бұндай ұқсас синонимикалық мақал-мәтелдерді шетел тілін меңгеруде қолдану өте қолайлы.

1.A good name is better than riches – Добрая слава лучше богатства – Жақсы сөз – жарым ырыс.

2.Twoheadsbetterone – Одна голова хорошо, две лучше – Екі кісі бір кісінің тәңірісі.

3.East or west home is best – Вгостях хорошо, дома лучше — Өз үйім өлең төсегім.

4.If you run after two hares, you will catch neither — За двумя зайцами погонишься, ни одного не поймаешь — Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.

5.There is no smoke without fire – Нет дыма без огня – Жел болмаса, шөптің басы қозғалмайды.

6.There is no place like home – В гостях хорошо, а дома лучше – Айхай өз үйім, кең сарайым боз үйім.

7.There are spots even on the sun – Конь о четырех ногах, и тот спотыкается – Төрт аяқты мал да сүрінеді.

8.Tastesdiffer – На вкус и цвет товаришей нет – Әркімнің өз талғамы бар.

9.All is well that ends well – Все хорошо, что хорошо кончается – Басы қатты болса, аяғы тәтті болады.

10.Badnewsfliesfast – Худые вести не лежат на месте – Жамандық жерде жатпайды.

11.We shall see what we shall see – Поживем – увидим – Көргеніңнен көрмегенің көп

12.Who keeps company with the wolves will learn to howl – С кем поведешься от того и наберешься – Жолдасына қарап, кісіні білерсің.

13.Better late that never – Лучше поздно, чем никогда – Ештен кеш жақсы.

14.Allisnotthatglitters – Не все то золото, что блестит – Жылтырағанның бәрі алтын емес.

15.Asyouhavemadeyoubed,so you must lie on it – Что посеешь, то и пожнешь – Не ексең, соны орасын.

16.Rome was not built in a day – Москва не сразу строилась – Еңбегіне қарай өнбегі.

17.Dont count your chickens before they are hatched – Цыплят по осени считают – Балапанды күзде санайды

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Шет тілін оқыту әдістемесі оқулығы.

2.Қазақстан мектептеріндегі шет тілдері (журнал) №4 2004.ж

3.Мектептегі шет тілі №5 2004.ж (журнал)

4.Мектептегі шет тілі (журнал) №2200.3ж

5.Албытова Н. Қазақ балалар фольклор арқылы бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру. – А ., 1999.

6.Қазақ мақал-мәтелдері. Құрастырған: Ж.Дәуренбеков — А ., 2001

7.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 7 том. – Алматы: Ғылым, 1983.

Бисенова Г. А. Ағылшын мақалдары мен олардың қазақ, орыс тілдеріндегі баламалары [Текст] / Г. А. Бисенова, Р. Ж. Абтихалова // Молодой ученый. — 2015. — №8.2. — С. 46-48.