Жоғары бағалау ережелері. (Правила предпочтение)

Жоспары:

1.1-4 ереже.

2.5-8 ереже.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

Лекция мәтіні:

Жоғары бағалау ережелері альтернативті (баламалы, ұқсас) іздеу жағдайында мүмкін әрекеттің бірін таңдауға эвристикалық ұсыныс береді. Эвристикалық ұсыныстарды рационалды және тиімді пайдаланудың негізгі факторы болып таңдаудың түрлі тең жағдайларында интеллектуалды әрекетті реттеу табылады.

Өткен тақырыпта афоризмдерді эвристикалық әдіс ретінде қарастырдық. Олардың бір бөлегі жоғары бағалау ережелеріне жатады және эвристикалық іздеу негізінде нақты жағдайда жоғары бағаланған әрекеттерді таңдауды реттейді. Есепті шешу кезінде интеллектуалды әрекеттерді реттеуі мүмкін жоғары бағалау ережелерінің жүйесін келтірейік:

1-ереже – жеңіл қиыннан гөрі жоғары бағалы (жеңілден қиынға қарай).

2-ереже – таныс ережеден бастап, таныс емес ережеге өту.

3-ереже – қаралып жатқан мәселемен байланысы көп болған обьект байланысы аз болған обьекттен жоғары бағалы.

4-ереже – бүтін бүтіннің бір бөлігіне қарағанда жоғары бағалы. Есепті шешуге кіріскенде маңызды емес бөліктерді үйренуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Олардың есепті шешу идеясы болмайды. Есепті үйренуді оны біртұтас деп қарастырудан бастау керек. Кейіндеу есептің бөліктеріне тоқталуға тура келеді, бірақ оларды алдымен мәні бойынша жіктеп алу керек. Белгілі бір анықтыққа жеткенше үйренілетін есептің басты элементтеріне көбірек назар аудару керек.

5-ереже – есептің басты компаненттері басқа бөліктеріне қарағанда жоғары бағалы. Есепті үйренуді белгілі бір ақпараттармен қамтамасыз ететін басты компаненттер формалардан, құрылымдардан, мазмұнынан бастау керек. Құрылымын қарастыруы керек есептің құрылымдық байланысының ерекшеліктерін анықтау керек, мазмұнын және оның басқы компанентте байланысын зерттеу керек.

Есептегі берілген ақпарат есепті шешу үшін барлық уақытта жеткілікті бола бермейді. Есепте кездесетін элементтердің анықтамаларын пайдалануға тура келеді. Бұл анықтамаларды өз кезегінде анықталатын басқа да ұғымдар болады. Осылайша есептің бөліктері, оның элементтері бір-біріне бағынышты болады және бірінің ішіне бірі енгізілген болады.

6-ереже – жақын тұрған ақпарат алыста тұрған ақпараттан жоғары бағалы. Есепті шешу үшін сыртқы қосымша ақпараттарды жинай отырып біз алдымен берілген есептегі обьект негізінде өз білімімізді және тәжірибемізді жіктейміз.

7-ереже – белгісіздері берілген есептің белгісіздерімен бірдей бұрын шешілген есептер басқа бұрын шешілген есептерден жоғары бағалы. Егер бұл ережені қолдану бізді қанағаттандырмаса бұрын шешілген есептердің кеңейтілген жиынына өтуімізге болады.

8-ереже – белгісіздері берілген есептің белгісіздеріне ұқсас бұрын шешілген есептер басқа бұрын шешілген есептерден жоғары бағалы. Қарастырылған жоғары бағалаудың жалпы ережелері эвристикалық іздеуде әрекетті реттеуге көмектесетін жүйені ұйымдастырудың мысалы болып табылады. Есепеті шешуші адамның жұмыс стилі өзі таңдаған жоғары бағалау жүйесіне негізделеді. Бұған тұлғаның психикасы және тәжірибесі де әсер етеді. Педагог шәкірттерінің жоғары бағалау ережелерін пайдаланудағы әрекетін басқаруы керек. Мұнда негізінен мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін:

Неге бұл әрекетті басқасынан жоғары бағаладың?

Керекті ережені таңдау жеке тұлға үшін эвристикалық әрекет болып саналады. Мұндай әрекеттің өзіне тиісті жағдайлары бар. Осы жағдайларды үйрену, формаль түрде көрнекілеу эвристикалық модельдеудің негізі болып саналады. Сәйкес келетін жоғары бағалау ережелерін таңдауды ойлаудың өздігінен реттелу деп атауға болады. Өздігінен реттелу процесі қазіргі уақытта ойлауды зерттеуде басты орында тұрады. Өздігінен реттелудің кез келген процесінің жалпы принципі болуы кері байланыс принципі табылады.

Ақпараттың тұйық дөңгелекте бір бағытта айналыс жасауы жүйенің «кірісінде» және «шығысында» ақпаратты салыстыруға және осы негізде оның әрекетін түзетуге мүмкіндік жасайды.

Өздігінен реттелудің бар болуы қарастырылатын жүйе ортамен біргелікте ақпарат ағымы екі бағытты циклді болатын кеңейтілген жүйе құрайды. Ақпараттың циклдік ағымын реттеудегі маңызды рольді негізгі жүйе іске асырады. Ал бұл кезде ақпараттың көзі ретінде орта саналады. Өздігінен реттелу ұғымын оның жай формуласымен теңестіруге болмайды. Өйткені бұл ұғымды ойлауға қолдануға болмайды. Өздігінен реттелудің тұрақталушы жүйесі ойлау процесін басқара алмайды. Егер ой ақпараттың әрбір жаңа бір бөлігінде бастапқы нүктеге қайтып келетін болса, есепті шешу мәселесі орнынан қозғалмайды.

Ойлаудың өздігінен реттелуі — өздігінен ұйымдасу немесе өздігінен үйрену. Өздігінен ұйымдасу да кең мағынада қарастырылатын жүйенің ортамен өзара әрекеттену процесінде кейбір құрылымы мен функцияларының өзгеруі ретінде анықтауға болады. Басқаша айтқанда да жүйе жұмысын жақсартуы, реттеуі үшін ортамен тығыз және бір мәнді қатынаста болу керек.