Тәжірибе мен теориялық арасындағы қарама – қайшылық ғылыми проблемалық мәні.

Жоспары:

1.Мәселеде белгіленген қайшылықтардың зерттелу тақырыбында бейнеленуі.

2.Зерттеудің тақырыбы . Мәселенің қысқа, тиімді құрастырылуы . Зерттеудің тақырыбын негіздеу.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

  1. Альтшуллер Г.С.Найти идею.Введение в теорию решения и:изобретательских задач. 2 изд. -Новосибирск: Наука. 1991, 224 с.

Лекция мәтіні:

1.Ғылыми журнал мен жинақтардағы жарияланымдар зерттеушінің ғылыми ізденістері, оның ұзақ эксперименттері, қойылған міндеттердің жаңа шешім ізденісі, соны идея табудың логика қорытындысы болып қабылданады. Жарияланымда ғалымның мәселе шешудегі жаңа табыстары сауатты да түсінікті баяндалып, нәтижелері көрсетілуі қөажет. Онда зертеуші өзінің жетістіктерін баяндайды , тәжірибемен бөліседі , қателіктерден сақтандыралды, ғылыми ортада оған абырой жинайды немсе оның жалғандығын әшекерелейді . Жарияланым ғалымның белгілі бір мәселеде табысқа бірінші болып жеткенін тіркейді, оның приоритетін басып көрестеді. Бұған қосатынымыз, мақала өз бетінше зерттеушінің ғылыми қисындылығының өлшемі емес, мақаланыңнегізгі көрсеткіші берілген ақпапраттың сапасы. Сондықтан кейбір мемелекеттерде, мысалға АҚШ – та, ғалымның іс- әрекетінің бағалануы оның мақалалар мен баяндамаларын саны арқылы ғана емес, осы зерттеушіге басқалардың еңбектерінде келтірілген сілтеме жасау жиілігі арқылы есептелінеді. Егер басқа зерттеушілер ғылымның мақаласында берілген мәліметтерге сілтеме жасаса, онда алынған материалдардың құндылығы, нақтылығы, пайдалылығы анық екенін көрестеді. Керісінше, ғалым мақаласына жасалған сілтемелер жоқтың қасы болса, онда жарияланымның сапасы төмен, жаңашылдық деңгейі пәс, тақырыбы жалған, жаңа идея жоқ деп нақты айтуға болады.

Кез келген ғылыми жарияланымда бұған дейін ешкім байқамаған бірегей сонылық нышаны болу керек, мейлі ол кішкене ғана, кезең аралық жетістік болсын, бірақ ол міндетті түрде зерттеушінің дара өзі немесе бір топ ғалымдар тапқан жаңа сипатта көрінуі қажет.

2.Жиі басылатын жарияланымдар арасынан ғылыми мақаланы атауға болады. Бұл шағын ғана, көлемі 5-8 бет машинкамен басылған кезең аралық нәтиже туралы хабарлама. Мақалада міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер болуы керек,себебі ол арқылы бұған дейін не болғанын және автор қандай жаңалық енгізгенін көрсетеді.

Мақала жазудың айтарлықтай қатаң тәртібі жоқ. Әркім өз түсінігінше, мүмкіндігінше жазады. Дегенмен,мақала баянадауының қалыпты бір рет – тәртібі бар екенін есте ұстап, жадыда сақтаған жөн.

  • Мақаланың аты жарияланым мазмұнын анық көрсетуі керек. Он сөзден артық ұзын ат беруге болмайды. Себебі мұнджай ұзақ сөйлемді оқырман қабылдамайды, тым қысқа, да ат қоюға болмайды, себебі онда мазмұн айқындалмай қалады.
  • Мақала әдетте алынған нәтижелерді қай салада қолдануға болатынын бірден ашып хабарлайды.
  • Келесі кезеңде мәсленің қазіргі жағдайын ашады. Қазір мәселе шешкдегі бар тәсілдері немесе құрылғылар туралы ақпарат беріледі, қайсысы теорияда бар немесе жүзеге асты соны ажырата отыру керек . Шешімдерді баяндаған соң, қойылған міндеттерді шешуде олардың жағымды қасиеттері туралы шолу беріліп, осы шешімдерді кейбір жағдайда пайдалануға жол бермейтін кемшіліктерге сынды талдау жүргізіледі.
  • Мақалада міндет қойылады. Қолдағы бар құралдары мен туындағанмәселені шешу қиын немесе мүмкіндігі жоқ немесе көп қаржы шығыны кезедсетіні және т.б. айқындалады.
  • Ұсынылып отырған жаңа шешеімге түсіндірме беріледі, оның қолданбалылығы мен өміршеңділігі дәлелденеді.
  • Егер жаңа құрылғы ұсынлып отырса, оның негізгі бөлшнктері мен қызметтері сипатталады. Егер жаңа технология ұсынылса, оның негізгі кезеңдері қызметтері менолардың бірізділігі беріледі.
  • Егер қажеті бар болса, негізгі формулалар мен есептемелер клтіріледі.
  • Мақалада негізгі қорытындылар баяндалады.: негізгі ғылыми жетістік туралы, ұсынылған жаңа идеяның жағымды тиімділігі, оны пайдаланудың негізгі саласы, оның болашақтағы берер пайдасы және келесі зерттеулердің жүргізілетін бағыттары.
  • Ең соңында пайдаланылған әдебиеттің тізімі басылады.