Клетка инженериясы

Жоспары

1.Сома клеткаларының гибридизациясы-қосылуы

2.Клетка инженериясының маңызы

Лекция мәтіні:

1.Клетка инженериясы. Клетка инженериясының негізін сома клеткалардың гибридизациясы-қосылуы құрайды. Жануарлар сома клеткаларының организмнен тыс ортада қосылу қабілеттілігін алғаш рет 1900 ж. Ж. Барский байқады. Мұндай қосылудың нәтижесінде гибридтік клеткалар тіні түзіледі, олардың ядросында бастапқы клеткалар хромосомаларының қосындысына тең хромосомалар саны болады. Егер культураға кейбір заттарды, мысалы полиэтиленгликоль немесе инактивацияланған вирустарды қосса, онда гпбридтік клеткалардың түзілуі өте жоғары жиілікпен өтеді. Осындай мақсатпен Сендай вирусы өте жиі қолданылады. Олардың клетка рецепторларымен байланыса алатын бірнеше ерекше бөліктері бар, сондықтан бір мезгілде екі клеткамен байланыса алады. Вирустың мөлшері өте ұсақ болғандықтан клеткалар өте тығыз жақындасады да, бір-бірімен қосылып, жаңа гибридтік клеткаға бірігіп кетеді. Мұндай қосылуда дикарион — екі ядролы клетка түзіледі. Онан соң екі ядроның хромасомалары бірігіп, синкарион түзілуі мүмкін. Бастапқы клеткалар тек синкарион түзеп қана қоймай, бірнеше ұрпақ көлемінде митоздық бөлінуге қабілетті болуы керек. Қазіргі кезде әр түрлі сүтқоректілердің, тіпті жүйелік тұрғыдан бір-бірінен өте алыс түрлердің клеткаларын гибридизациялау әдістері тәжірибелерде ойдағыдай қолдану алды. Мысалы, адам X тышқан, адам X ірі қара, қоян X тауық, ірі қара X қара күзен, адам X тауық, ірі қара X атжалман т.с.с. гибридтік клеткаларды іn vitro жағдайында өсіруге болады.

2.Жаңадан түзілген гибридтік клеткаларда белгісіз себептермен митоздық бөлінудің алғашқы кезеңдеріне бір түрдің хромосомаларының жоғалуы байқалады. Адам мен тышқанның гибридтік клеткаларынан адамның хромосомалары жоғалады.Әдетте, 30 бөлінуден кейінмұндай клеткаларда тышқанныңбарлық хромосомаларыжәне адамның орта есеппен жеті хромосомасы сақталады. Ірі дара X атжалман, шошқа X тышқан гибридтік клеткаларында алғашқы көрсетілген түрлердің хромосомаларының жоғалуы жиі байқалады. Бір түрдің хромосомаларының гибридтік клеткадан жоғалу өзгергіштігіхромосомалардың генетикалық картасын құрастыруға мүмкіндік береді. Егер гибридтік клетка өсетін ортаға енгізгенөнімге байланысты, гибридтік клеткада қайсыбір хромосома сақталса, онда өнімнің гені осы хромосомада орналасқан деп есептелінді. Қазіргі кезде сома клеткалардыгибридизациялау әдісінің көмегімен адамның 2000-дай генінің хромосомалардағы орны табылды.