12-жылдық мектеп мұғалімі

Жоспары:

1.12-жылдық білім берудің жаңа реформалық жүйесі.

2.Жаңа үлгідегі мектеп мұғаліміне қойылатын талаптар.

3.Мұғалімнің педагогикалық мәселелері.

Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық мектеп мұғалімі қандай болуы керектігін түсіндіру

Лекция мәтіні (қысқаша):

«Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана

шеберлік емес, ол – жаңадан

жаңаны табатын өнер»

Жүсіпбек Аймауытов

1.12-жылдық білім берудің жаңа реформалық жүйесі.

«Біз баға жетпес тәрбие мен білім қорын арттырып, оны жаңаша түрлендіру білуіміз қажет» — деген болатын Н.Ә.Назарбаев. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі. Сондықтан да мектеп тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімі мен қызметкерлерінің де түгелімен жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді. Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапалары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді қажет етеді.

Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12-жылдық білім беру турасында өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім бұл жүйенің сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек.

2.Жаңа үлгідегі мектеп мұғаліміне қойылатын талаптар.

Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек деген сұраққа оның кәсіби шеберлігі жөнінде жалпы орта мектептің мұғалімдеріне қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, негізгі талаптарды толықтырып, жаңа талаптар ұсынылады. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы бойынша оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы, әдістерін меңгеру оның кәсіптік сапаларының қалыптасуына өз септігін тигізеді. Осының бәрі жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерде зерттеушілік-шығармашылығы талаптарын толық меңгерген, қызығұшылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес бере алатын мұғалім қажет.

3.Мұғалімнің педагогикалық мәселелері.

Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, киімі, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолданудықажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өткенді жөн:

  • сабаққа педагогикалық талдау жасау;
  • дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
  • сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері;
  • мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

Мұғалім үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі көзі-сабақ болып

табылады. Тек сабақта ғана мұғалім оқушылармен ұжымдық, топтық, жеке дара жұмыстар жүргізе отырып, оқушылардың білімінің мол, дүниетанымының кең, тәрбиелі азамат болып өсіп шығуына мүмкіндік жасайды. Сабаққа талдау жасау, оның ішкі құрылымының бірізділік, логикалық байланысы жағынан көптеген сұрақтарға жауап таба аламыз.

Сабаққа талдау жасаудағы негізгі мақсат – жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау, жетістіктерді жетілдіріп, кемшіліктерді жою жөнінде ойтұжырымын жасау. Әрбір мұғалім «Мен сабақтың негізгі мақсат-міндеттерін анықтай отырып, өзіме жауапты істі шешуге деген құштардыққа ие боламын» деген қағиданы бойына сіңіріп, жүрегімен ұғынуы тиіс.

Дамыта оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, өздігінен оқуға үйрету. Жаңа қоғам мұғалімі үшін өзінің шығармашылық жұмысына ұқыптылығымен қарау нәтижелі сабақтың жағдайын жасау болып табылады.

Тек нақты мақсат пен материалды жетік меңгеру мұғалімге кез келген күтпеген жағдайды сабақты сабақ етіп, аспай-саспай жүзеге асыруға, жұмыс формасын бұзбауға көмектеседі.

Жастардың тәрбиесімен айналысатын ұстаздар өз ұстанымын осы мақсатты іске асыруға пайдаланса, онда еліміздің бейбітшілік пен бірлік, ынтымақ қашан да қанат жайып тұратыны сөзсіз.

Бақылау сұрақтары:

1.12-жылдық білім берудің жаңа реформалық жүйесі.

2.Жаңа үлгідегі мектеп мұғаліміне қойылатын талаптар.

3.Мұғалімнің педагогикалық мәселелері.

4.Ұстаздың оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жолдары.