Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифтік сипаттағы прецеденттік есімдердің лингвомәдени ерекшеліктері

Қазақ халқы да өзге халықтар сияқты – әр–қилы заманннан өтіп, сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен көл-көсір фольклоры бар халық. Соның ішінде мақал-мәтелдерге өте бай ел. Ағылшын мақал-мәтелдері де мың жылдан астам тарихы бар халықтың өсіп-дамуының нәтижесі. Оларды тек көркем сөз құралы демей, ағылшын қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп те қараған жөн.

Ұлт тарихындағы негізгі оқиғалар тілдің құжаттық, мәдени танымдық қарекетінің негізінде фразеологиялық, паремиологиялық жүйеде, ескі мәтіндерде тарихи есімдер арқылы таңбаланып, халық санасында жатталады. Өзгеше ұлттық мазмұндық бейнедегі, мәдени ақпараттық мазмұны басым бұл атаулар лингвистикада прецеденттік деп анықталып, тіл мен мәдениет байланысында қарастырылады.

Прецеденттік есімдер халықтың шалымды ойы мен кемеңгерлігінен туған бай ауыз әдебиеті мен тарихынан алынған фольклорлық мәтіндерде тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, наным-сенімге қарай бірнеше топқа бөлініп зерделенеді. Мысалға, мифтік образдар: Әзірет әли, пайғамбарлар (Дәуіт, Мұса, Сүлеймен), Қанбақ шал, Қыдыр ата;

Қасиетті пірлер және әулиелер: Бибі Фатима, Қожа Ахмет Иассауи, Ұмай ана;

Тарихта болған тұлғалар: Абылай хан, Қасымхан, Есет батыр;

Әдеби мәтіндердегі кейіпкерлер: Дайрабай, Мырқымбай (Б.Майлин), Судыр Ахмет (Ә.Нұрпейісов). Осы секілді ПЕ мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда, қанатты сөздерде, бата сөздерде, нақыл сөздерде молынан кездесетіруге болады.

М: Түгел сөздің түбі бір,

Түп атасы Майқы би

Майқы би – ел басқарған көсем, басынан сөз асырмаған шешен. «Майқы айтты» деген сөздің көп бөлігі халық даналығына айналған.

Кез келген атауды, қалай болса солай атай беруге болмайды. Егер халық құптап, тек бойына сіңіре алса ғана дұрыс атау дей аламыз. Уақытша аталған атаулардың маңызы аз, елеулі әлеуметтік оқиғамен байланысты атауларды, халық қоштайды. Әлеуметтік оқиға және сол оқиғадағы тарихи тұлғаларға ұқсатып кісі есімдерін қояды.

Прецедентті есімдер біріншіден әдеби туындыға түспес бұрын миф, аңыз, әңгімелерде қолданылған, екіншіден, қазіргі кезде әдеби туындылармен қатар діни, халық әдебиеті және тарихи-фәлсәфалық пен саяси-публицистикалық шығармалар да мәтін санатында жүреді. Осыған айғақ С.Иманбердиеваның мақаласындағы поэтикалық шығармаларға, мақал-мәтелдерге, наным-сенімдерден келтірген прецедентті есімдерге мысалдары [1, 90]: Фразеологизмдердегі прецеденті есімдер:

1. Аллаға шүкіршілік қылуы;

2. Алланың жазған парманы;

3. Атымтай [-дай] жомарт;

Мұнда құдіреті күшті Алла тағаланың пендесіне деген жақсылығы мен кеңдігін көрсетеді. Сонымен қатар аты жомарттығымен танымал болған Атымтай бейнесі тура мағынасында берілген. Мақал-мәтелдердегі прецедентті есімдерге мысал:

Атымтайдай жомарт бол,

Наушарбандай әділ бол.

Наным-сенімдегі прецедентті есімдер:

Ассалаумағалейкум, Адыраспан!

Бізді сізге жібереді емдік үшін Омар, Оспан.

Омар, Оспан бейнелері барша мұсылман қауымына қасиетті тұлғалар, жәрдем етуші образында қолданылады. Сөйтіп, автор прецеденттті есімдерге Алла, пайғамбар, құрмет тұтатын есімдер қазіргі кезде де шығармаларда, фразеологизм, мақал-мәтел, наным-сенімдерде жиі қолданылады деген қорытындыға келеді. Профессор Е.Жұбанов қазақ ертегілеріндегі осы секілді прецеденттік антропонимдерді дәстүрлі атауыштық формулалар деп атап, солардың арасындағы кісі аттарына қатыстыларын дәстүрлі атауыш формулалар деп жіктейді [2].

Ал қазақ ертегілеріндегі кісі аттары өзінің мәдени-танымдық қызметіне байланысты қиындығымен ерекшеленеді: Ер Назар, Бек Торы, Шойын Құлақ, Ер Төстік, Кер құла атты Кендебай, Күн астындағы Күнікей қыз т.б. Сонымен қоса эпостық жырларда кезігетін Қара қыпшақ Қобыланды, Қамбар батыр, Қозы Көрпеш, Баян Сұлу, Қыз Жібек т.б. этнотанымдық ерекшеліктің көріністері [3, 264]. Осындай прецеденттік мәтіндердің мәнінің астарында тарихи тұлғалардың, мифтік бейнелердің есімдерінде, яғни антропонимдерде ұлттық болмыс пен мәдениет сақталған. Осы сияқты атаулардың тағы бір тобы – поэтонимдер деп аталады. Лингвистика көлемінде поэтикалық антропонимия немесе ономопоэтика — көркем шығармалардағы жалқы есімдерді (поэтнонимдерді) зерделейтін ономастиканың бір тармағы. Ономопоэтика жалқы есімдердің құрылымдық қағидаларын, мәтіндегі қолданысын, сондай-ақ автордың стилін, дүниетанымын, мақсатын анықтайды. Ономопоэтика нысаны сатиралық туындылардағы кейіпкер аттары арқылы суреттелген каһармандар мен кейіпкерлердің тарихи дәуірдің даму мен әлеуметтік мазмұнын ашуда қандай орын алатынын зерттейді. Cатира (мысал, мысқыл, өлең, сықақ әңгіме, романдар) мен юмор (пародия, эпиграмма, юморесека) жанрында кездесетін кейіпкер табиғаты, әдетте өзінің бейнелілігімен, мәнерлігі және ылғи ауыспалы мәнде қолданылатындығымен өзгешеленеді. Біз үшін оның ең маңыздысы ұлттық сипатында, арнайы зерделеуінде құрамында дене мүшелерінің атаулары (соматика) бар кейіпкер аттары талданған. Яғни бас-көз, бет-ауыз, тіл-жақ мұрын, қол-аяқ т.б. атаулардан Г.Қортабаеваның зерттеу нәтижесінде 250-астам сатиралық юморлық поэтнонимдер жасалған [4, 75]. Ағылшын прецеденттік есімдерінің (әрі қарай ПЕ) фразеологиялық сөздігінен талдаулар жүргізілді [5, 175].

Ең танымал діни ПЕ Adam екендігі анықталды:

Since Adam was a boy (бағзы замандардан).

Old as Adam (ескі — старо как мир).

The old Adam («тозған Адам»; адам табиғатының күнәһарлығы).

Adam`s apple (Адам алмасы; жұтқыншақ).

Екі ФБ бір емес екі ПЕ кездеседі:

When Adam delved and Eve span who was then a gentleman?

Бұл фразеологиялық бірліктер (әрі қарай ФБ) шығуына тарихи жағдайлар тікелей әсер еткен. Оның прототипі У.Тайлер баскаруымен болған (XIV) шаруалар көтерілісінің Джон Боллға тиесілі ұраны болған. 1380-1381 жылдар Англия халқын қанаудың ең сорақы кезеңі болған: Damon and Pythias(«Дамон және Пифиас», айнымас, айырылмас достар).

Castor and Pollux (Әулие Эльм алауы. Рим мифологиясынан, Кастор және Поллукс – Юпитер мен Леданың егіз ұлдары. Теңізшілер олардың аттарын «алау» деген).

BacchushasdrownedmorementhanNeptune(Шарап адамды тоздырады — Вино погубило больше людей чем море).

Мифологиялық сипаттағы прецеденттік есімдер тобына Achilles, Cleopatra, Pandora, Penelope,Mahometжәне т.б. аттар кірді.

Мифтік сипаттағы ФБ тек жеке жалқы есімдерден тұрады. Әйел аттары мифтік ПЕ арасынан 20% ғана құрайды. Бұл аттармен жасалған ФБ іс-әрекет, шарасыздық, адамдар мінез-құлқы мен мақсаттарын, заттарды көрсеті мақсатында қолданылған. Мысалы: Bend the bow of Usysses. («Одиссей садағын майыстыру» яғни өте қиын нәрсе жасау).

Ағылшын ФБ көп бөлігі антикалық мифологиямен де байланысты. Бұл ФБ басым бөлігі халықаралық сипатқа ие, себебі бірнеше тілдерде кездеседі.

Антикалық мифологиямен байланысты ФБ төмендегілерді жатқызуға болады:

the apple of discord – керіс алмасы;

the golden age – алтын ғасыр(тіркес алғаш рет грек ақыны Гесиодтың «Еңбектер мен Күндер (Труды и дни)» поэмасында Сатурн ғасырын, адамдар Құдайша еш мұң-қайғысыз, ұрыс-керіссіз, соғыссыз және еріксіз еңбектенусіз өмір сүрген кезді суреттеуде қолданған);

a labour of Hercules (the labours of Hercules; a Herculean labour немесе Herculean labours) –геркулесеңбегі;

Lares and Penates – лараларменпенаталар, берекелі, жайлы ошақ жасау (лараларменпенаталарежелгі рим мифологиясы бойынша – ошақ жайлылығының Құдайлары).

Гомерлік «Илиада» және «Одиссеймен» байланысты тіркестер:

between Scylla and Charybdis – Сцилламен Харибда арасы, шешімі жоқ жағдайда болу;

on the knees of the Gods – бір Құдайға аян (бір Аллаға аян);

Penelope`s web – «Пенелопа жоспары», созу тактикасы.

Гомер «Илиадада» және кейінірек Вергилия «Энеидада» ақындар Троя қаһармандарының ерлігін мадақтайды. Осыдан like a Trojan – ерлік, ержүректілік, батырлық тіркесі шыққан. Троя соғысы жайлы қалыптасқан тағы бір тіркес the Trojan horse – троя жылқысы, жасырын қиындық.

Ағылшын ФБ көбі Ежелгі Риммен тығыз байланысты. Мысалы, a bed of roses – «райхан гүлі төселген төсек (ложе из роз)», бақытты, уайым-қайғысыз өмір. (Тіркес әдетте болымсыз мәнде жиі қолданылады life is not a bed of roses – өмір жолы — қиын жол. Тіркес Ежелгі Рим байларының төсектерін райхан гүлімен көмкеруімен орайластырылған салттан туған.

Сонымен, прецеденттік есімдер — әдеби туындылардағы, ертегі, аңыздарда келтірген кейіпкерлердің аттары. Прецеденттік есімдер халық мәдениетінде, ауыз әдебиетте, тарих пен күнделікті өмірде де ерекше орынға ие.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Иманбердиева С. Прецедентті атаулардың менсонимдерде қолданылуы // Тілтаным, 2002. №2, – 90-94 б.

2.Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнектері. Алматы: Ғылым, 1978.

3.Батырлар жыры. – Алматы: Жазушы, 1986. 1-т. – 264 б.

4.Қортабаева Г.Қ. Соматикаға қатысты сатиралық юморлық поэтноимдердің тілдік табиғаты. Академик Ә.Т Қайдар және тіл білімінің мәселелері.–Алматы: Дайк Пресс 2004.

5.Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. І бөлім. Алматы,1968. – 79 б.

Нурекешова Г. Р. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифтік сипаттағы прецеденттік есімдердің лингвомәдени ерекшеліктері [Текст] / Г. Р. Нурекешова, М. Ш. Джумагулова, Ж. А. Ташенова // Молодой ученый. — 2015. — №8.2. — С. 57-58.