Глоссарий Өзін-өзі тану

ТүсінікМазмұны
1Адаптация (лат. бейімделу) – әсерлерге немесе өмір жағдайлардың өзгерісіне тұлғаның, ағзаның бейімделуі.
2Адекваттылықшақырылған тітіркендіргішке жауаптардың сәйкес келуі.
3Агрессивтілікөзінен басқа адамға немесе адамдар тобына физикалық неме психологиялық нұқсан келтіру мақсатымен сипатталтын әрекеті немесе мінез-құлық.
4Актуалдандыру (лат. шынайы, қазіргі) – адамның белгілі бір қасиетінің, бейімділігінің, кәсіби жарамдылығының іс-әрекеттік күйге ауысуы.
5Акцентуацияиндивидтің қандай да бір психикалық қасиетінің басқа жағдайда, әлсіз көрінуі.
6Анкета ( фр. сұрақтар тізімі ) – көрсетілген ереже бойынша сұралушы толтыратын сауалнама қағазы
7Апатия(грек. қызықпаушылық) – қоршаған адамдарға, оқиғаларға, құбылыстарға қызығушылықтың болмауы, енжарлық күй.
8АффектСананың тарылуымен немесе өшуімен байланысты қысқа уақытты эмоциялық бастан кешірулер.
9Ауыру

органикалық түйсік, дискомфорт және ағза тұтастылығына қауіп төнгенде, адекватты емес тітіркендіргіштергежауабы ретінде ағзаның қорғаныс реакциясы.
10Ашу,ыза

қандай да бір құбылысқа деген қанағатанбаушылық және оған деген шұғылжағымсыз қатынаспен көрінетін эмоция.
11Абырой тұлғаның ішкі ар намысында және дербестігінде көрінетін моральдық сезім.
12Адалдық іскер, салмақты және ұйымшыл тұлғаның қасиеті.
13Алдау бір нәрсе туралы немесе біреу туралы дұрыс емес ойды құру, шатасуға ену, уәденің бұзылуы
14Адамның қажеттілігіағзаның күйін жақсартатын мұқтаждық күйі; ағзаның ішкі күйі; бір затқа немесе іске мұқтаж болу;

15

Ар-намысөзінің мінез-құлқын іштей жақсы және жаман тұрғыдан бағалау, өзінің сезімдерін, сондай-ақ әрееттерін, басқалардың ойларын бағалау қабілетінде көрінетін тұлғаның рухани бейнесінің қасиеті.
16Адамдамудың жоғары деңгейінде тұрған тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи іс-әрекет субъектісі.
17Адамгершілік басқа адамдарға адамгершілік қатынаста көрінетін тұлғаның моральды-психологиялық қасиеті.
18Ақыл-ой сезімітанымдық іс-әрекетпен және тұлғаның реттеуші интеллектуалды белсенділігімен байланысты сезім
19Абырой Қиын жағдайларда абыройлы мінез-құлқында көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
20Әңгімелесутұлғаны, оның мотиверін, сезім, ойларын, ниеттерін, алдында тұрған міндеттерін түсінуін зертеу әдістері.
21Әуестікадамның бір нәрсеге деген биологиялық немесе рухани қажеттілігінің жеткіліксіз саналанбаған көрінісі немесе ұғынылмауы.
22Әдептілік, биязылық, сыпайылықадамгершілік намысын сыйлауда, өзарақарым-қатынаста сыпайылықта, басқа адмдардың субъективтік күйін түсінуде көрініс беретін мінез қасиеті.
23Әдіс көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі.
24Әуентерапиясы босаңсу және өзін-өзі реттеу мақсатында әуенді қолдануға негізделген эстетотерапия түрі
25Әдет сананың күшін талап етпейтін қажеттілік болып табылатын мінез-құлық бөлігі.
26Әлеуметтену

қарым-қатынаста, іс-әрекетте жүзеге асатын индивидтің әлеуметтік тәжірибені белсенді қайта жаңғыртудың және меңгерудің нәтижесі
27Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ)топтық психологиялық тренинг түрі, қатысым кезінде құзырлылықты дамыту мақсатында қолданылатын топтық психологиялық жұмысты ұйымдастырудың белсенді әдісі.
28Әлеуметтік рөлтұлғаның әлеуметтік қызметі, оның әлеуметтік мекемелердің қоятын талаптарына, әлеуметтік күтуіне сәйкес келуі, мінез-құлық моделі.
29Бекзаттылық

күрделі жағдайларда өзін сенімді ұстай алуға, жағдайлардың үстінен қарауға және риясыз қылықтар жасауға мүмкіндік беретін тұлғаның моральды-психологиялық қасиеті.
30Балалық шақадамның туылғаннан жеткіншектік жасқа дейінгі кезеңі.
31Білімадамның танымдық іс-әрекетінің нәтижесі. Адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының жиынтығы.
32Бәсекелестік (лат. қақтығысу) – әлеуметтік-психологиялық мағынада адамдар арасындағы өзарақарым-қатынастың жарысы
33Батылдықадамға рухын жоғалтпауға және тіпті өмірге қауіп төндіретін жағдайларда өзін сенімді ұстай алуына мүмкіндік беретін тұлға қасиеті.
34Бақылау объектісі әрекет және қылық болып табылатын психология әдісі.
35Бейне шынайылықтың адам психикасында тұтастай бейнелену нәтижесінің ерекше формасын белгілеу үшін қолданылады.
36Білім бағдарламасыбарлық білім беру саласындағы белгілі бір бағыт (мамандық) бойынша жоғары білім деңгейінің мазмұнын анықтайтын құжат немесе құжаттар жиынтығы.
37Бауырмалдық қоршаған ортаға және жақындарына сезімтал қарым-қатынаста, басқа адамның көңіл-күйін тез әрі дұрыс анықтай алуда, қиын сәттерде көмекке келуге дайын болуда көрінеді.
38Баға оқушылардың білім, білік, дағдыны меңгеру дәрежесін шартты белгімен – балмен анықтау және көрсету
39Бастан кешірумәнді объективті оқиғамен немесе алдыңғы өмірдің эпизодтарын елестетумен шақырылған мағыналанған эмоционалды күй.
40Бейімділік,борышадамның іс-әрекетіне мағына, тұтастылық беретін бағыттылығы және өмірлік бейімділігі.
41Батылдық адамға шешімді уақытымын қабылдауға және оларды тез арада орындауға кірісуге мүмкіндік беретін ерік қасиеті.
42Біріккен іс-әрекеттоппен мақсатқа жету процесі
43Бақыт қалауына жеткен кезде пайда болатын тұлғаның ерекше эмоционалды, психикалық күйі
44Бірегейлікқайталанбайтын, ерекше, сирек
45Бағдар қазіргі жағдайда өзекті қажеттілікті жүзеге асыруға дайындық
46Гуманизм (лат.адамгершілік) – адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығына, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығына деген көзқарастардығ жиынтығы.
47Денсаулықрухани саулық, тепе-теңдік, өмірлік оқиғалардың мәнін басынан өткізуде субъективті бейнелердің сәйкестігі тән адамның (рухани) күйі.
48Дайындық тапсырманы орындауға деген тұлғаның белсенді-әрекеттік күйі, нақты мінез-құлыққа деген бағдар, күшін жұмылдыру
49Депрессия (лат, көңілсіздік, басылу) – басылудың, пессимисттің, рухани күштің жаншылуының субъективті күйі
50Достық Симпатиямен және өзара бауырмашылдықпен сипатталатын тұрақты жеке таңдаулы тұлғааралық қарым-қатынас түрі.
51Даралық адамның индивид және тұлға ретіндегі өзіндік ерекшелігі
52Дәрісоқу материалын жүйелі, бірізді, монологты түрде баяндау.
53Дүниетану қоршаған шынайылыққа деген көзқарастардың, ойлардың, түсінікер жүйесі.
54Даналық өмір процесінде әлеуметтік тәжірибені жоғары деңгейде меңгерген тұлғаның интеллектуалды және адамгершіліктік сипаттамасы
55Дағды сананың қатысуынсыз, рационалды, тез әрі дұрыс, физикалық және психикалық энергия шығынынсыз жүзеге асырылатын, автоматтандырылған әрекет.
56Дәстүр

(лат. тасымалдау, баяндау) -ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамдар өмірінің нормалары мен ережесі.
57Даңқғойлықөркөкіректікте, өізінің мүмкіндіктерін жоғары бағалауда, атаққұмарлықта көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
58Денеге-бағыталған психотерапияадамның денесін демалу, жанасу, бұлшықет тонусы, қозғалыс көмегімен реттеудің психотерапевтік әдісі.
59Ерікті әрекеттерқойған мақсатқа жетудегі кедергілерді және қиыншылықтарды жеңуге бағытталған саналы бақыланатын әрекеттер.
60Ертегі терапиясы

метафорлар, ертегілер, аңыздар әсер етудің құралы ретінде болатын, тұлғаның үйлесімділігіне, шығармашылық потенциалын және ресурстарын ашуға қабілеттендіру негізгі міндеті болып табылатын практикалық психологияның әдісі
61Ерекшелік(грек. сый) – құдайдың берген қабілетін белгілейтін сөз
62Емтихан (жоо-да) – студенттердің білімін тексеру, кәсіби тапсырманы шешуде олардың білімді қолдану дағдылары мен білімдерін айқындау
63Жас индивидтің онтогенездегі объективті, тарихи, хронологиялық даму сатыларын тіркеу.
64Жас дағдарыстарыонтогенездің қауырт психологиялық өзгерістерімен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама ұзақ емес ерекше кезеңдері.
65Жан адамның ішкі әлемін, оның санасын және өзіндік санасын белгілеу үшін қолданылатын түсінік.
66Жалғандұрыс еместі, немесе шынайылыққа сәйкес келмейтін нәрсені адамның саналы түрде қолдауы
67Жек көрушілікбіреуге немесе бір нәрсеге деген ашумен көрінетін топтың, тұлғаның психикалық күйі
68Жиіркенушілік объектімен (заттармен, адамдармен, жағдайлармен және .б.) шақырылатын жағымсыз эмоционалды бастан кешірулер.
69Жоспарлау алдағы іс-әрекеттің (оның мақсатын, салдарын, күтілетін нәтиженің) бейнесін құрудың когнитивті және интеллектуалды-еріктік процесі.
70ЖОО дағы оқу бағдарламасымақсат, мотив, болашақтарының ортақтығына негізделген оқу іс-әрекетіне түгелдей қатысу үшін студенттерді біріктіру.
71Жастық шақадам өмірінің 15-21 жас аралығы. Жастық шақ кезеңіне әлеуметтену, тұлғалық белсенділік, психикалық процестер ағымының динамикалылығы тән.
72Жомарттық Басқа адамдармен өзінің материалды және рухани құндылығымен бөлісуге қабілетті және дайындықта көрінетін тұлғаның моральды – психологиялық қасиеті.
73ИмаготерапияНегізгі мақсаты- нәтижеге тұлғаны байыту және дамыту арқылы жету. Бұл үшін адамның (жеке немесе топпен жұмыс жасауда) шығармашылық белсенділігі пайдаланылады.
74Индивид (лат, бөлінбейтін) – адам, тіршілік иесі, человек, homo sapiens өкілі, филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі.
75Инсайт (ағыл. түсіну) — бір нәрсені іштей сезу, ішкі түйсік.
76Интеллект (лат. түсіну, тану) — кең мағынада адамның ақыл-ой қабілеті, барлық танымдық процестерінің жиынтығы; тар мағынада – ақыл, ойлау.
78Интуицияшартсыз-рефлекторлы реакциялар негізінде яғни санадан тыс деңгейде орындалатын әрекет.
79Интимділікбауырбасу, руханилық, симпатия, бір адамның басқа адамға қатынасындағы жақындықпен көрінетін жеке терең сезім
80Ислам(мұсылмандық)- әлемдік діндердің бірі.
81Иудаизм еврейлер ортасында кеңінен тараолған діндердің бірі.
82Іскерлік айқындылық және ұйымшылдық, жауапкершілікпен, бастаған ісін ақырына дейін жеткізуде көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
83Іскерлік ойынбелгілі бір іс-әрекеттің, өзараәрекеттің, қатынастың және өзарақарым-қатынастың әлеуметтік мазмұнына рөлдік құрулар
84Іс-әрекет мақсатқа жету құралдарын пайдаланудағы мотивтелінген процесс
85Кінә моральды және эстетикалық нормалардың бұзылған кезінде пайда болатын эмоция. Кінә субъектінің өзінің қылықтарын, өзін айыптауда, өзіндік бағалаудың төмендеуінде, өкініше көрініс береді.
86Кәсіп таңдау адам өзі игере алатын және ұзақ уақытта айналыса алатын іс-әрекет саласын саналы түрде анықтау
87Кемелденуадамның биологиялық, физиологиялық, интеллектуалды, еріктік, эмоционалды және адамгершіліктік параметрлерінің дамуының жоғары деңгейіне жету.
88Компетенттілікмаманның кәсіби талаптарға сәйкес келу деңгейінің жеке сипаттамасы.
89Кешендер адамның өз-өзіне көңілі толмай және қоршаған ортадағы адамдардан жасыруға тырысуымен сипатталатын мінез қасиеттері
90Комфортқанағаттану және сабырлық күйі
91Конгруэнттіліктаңдау жағдайларында өзінің шынайы «Менімен» келісімде бола алуы
92Кеңес беру клиенттің мәселесін зерттеу барысында, кикілжіңді анықтауда, жағдаяттарды игерудің жаңа тәсілдерін іздеу барысында көрінетін психологиялық көмектің бір формасы. Психолог бұл жерде өзгеру процесін басқармайды көмек берудің бұл түрі кеңес беру деп аталады.
93Кикілжің

түрлі мотивердің, қызығушылықардың және қажеттіліктердің негізінде қарама қарсы көзқарастардың қақтығысуы.
94Конформдылық

адамның өз төңірегіндегі топтың ықпал-әсеріне берілгіштігі, көпшіліктің бастапқыда өзі қостамайтын ұстанымдарына сәйкес өзінің мінез-құлық ұстанымдарын өзгертуінен көрінеді.
95Коммуникабелділікбасқа адамдармен жолдастық қарым-қатынасқа деген қабілеттіліктен көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
96Креативтілік

ойлаудың дәстүрлі жүйесінен бас тарта отырып жаңа идеялар тудыру, мәселелік жағдаятарды тез шеше алу қабілеті.
97Көңіл-күйиндивидтің психикалық өмірінде құптарлық немесе құптамайтын эмоциялық фонда жай немесе әлсіз сапада көрінетін біршама ұзақ, орнықты психикалық күй.
98Кәсібилік кәсіби іс-әрекетті сәтті орындау үшін қажетті адамның тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы.
99Кәсіби бейімділіккәсіптің нормасы мен талаптарына, кәсіби ортаның нақты жағдайларына маманның бейімделу процесі.
100Кәсіби компетенттілік маманның кәсіби талаптарға сәйкес келу деңгейінің жеке сипаттамасы
101Кәсіби-этикалық нормаларпсихологтың кәсіби біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар, оның өзінің іс-әрекетінде мінез-құлықтың адамгершілік нормаларында жүзеге асуы.
102Кәсіби ойлау

мәселелік міндеттерді шешу үшін осы кәсіби облыста қолданылатын тәсілдермен, мәселелік жағдайларды шешудің әдістерін меңгеруші
103Кәсіптік өзін-өзі анықтау

кәсіптің талаптарын, нормалары мен құндылықтарын өзінің дайындық деңгейі, тұлғаның жеке қасиеттерімен дербес салыстыру процесі және нәтижесі.
104Кәсіби қабілетілікбасқалардан ерекшелеп тұратын және кәсіби іс-әрекеттің талаптарына жауап беретін адам тұлғасының жеке-психологиялық қасиеті.
105Кәсіпқоғамға қажетті іс-әрекеттің тарихи пайда болған формасы, оны орындау үшін адамда білім, дағдыны және соған қатысты кәсіби маңызды қасиеттердің болуы керек.
106Кәсіби маңызды қасиеттер

адамның еңбек әрекетінің негізгі сипаттамалары бойынша (өнімділік, сенімділік т.б.) жүзеге асуының тиімділігіне әсер ететін қасиеттері.
107Кәсіби білім

адамда кәсіпке қажетті білім, ептіліктерді және оның таңдаған еңбек саласына деген бейімділігін және қасиетін қалыптастыруға бағытталған мамандарды дайындау жүйесі.
108Қалау, ниетөзекті қажеттіліктің көрінуі, саналанған эмоционалды күй.
109Қатыгездікадамгершіліксіз дөрекі жағдайларда, басқа адамдарға жәбірлеуші қатынаста, оларға зиян келтіруде көрінетін тұлғаның моральды психологиялық қасиеті.
110Қызғаныш басқа адамдарға деген наразылық және теріс ниеттілікте көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
111Қозуағзаның тітіркендіргішке әдеттегіден де белсенді, күштірек жауап беру қасиеті.
112Қысылу, тұйықтық өзінің қабілеттері мен жетістіктерін дұрыс бағаламау,артық тұйықтықта көрінетін тұлғаның моральды-психологиялық қасиеті.
113Қызығушылық тануға деген ұмтылысты шақыратын объектіге немесе құбылысқа деген жағымды (танымдық), эмоционалды боялған қатынастың көрінуі
114Қорқу қауіппен бетпе бет соқтығысқанда немесе ортаның қауырт жағымсыз өзгеруінде өзін-өзі сақтау инстинктінің негізінде пайда болады.
115Қарым-қатынас субъектінің біріккен іс-әрекет қажеттілігінен туындайын, өзараәрекеттерінің және өзараәсеретуінің арнайы формасы
116Қатынас болмыстың және танымның нақты тәсілін белгілеу үшінАристотель енгізген термин.
117Қарым-қатынас мәдениеті қоршаған орта адамдарымен түрлі жағдайларда дұрыс қатынас жасай алу, адамгершілікке тән ережелер мен нормаларды сақтау.
118Құмарлықадамды жаулап алатын және оны билеп алатын, басымдырақ сезім
119Қайғы

(қайғыру, қиналу)

өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі туралы эмоционалды сигнал және әлеммен, адамдармен байланыс орнатуға деген ниет.
120Қылық адамгершіліктік бағаға ие болатын, әлеуметтік мәнді әрекет
121Қанағаттану

адамның ниеттерінің, бағдарының, қажеттіліктерінің іс-әрекеттің салдары мен нәтижесіне, сәйкес келуінің нәтижесінде, әлеуметтік және табиғи ортамен өзараәрекеттесу нәтижесінде пайда болатын эмоционалды боялған психикалық күй
122Құндылық жоғары адамгершіліктік, әлеуметтік және мәдени мәнге ие, қоғамдық санада бекітілген шынайылықтағы белгілі бір құбылыс.
123Құндылық бағдарлары олардың субъективті мәнін өмірдің жағдайында және іс-әрекеттеқабылдауға бейім материалды және рухани деп бөлінетін құндылықтар
124Қатыгездікэмоционалды күйге, толқу, мазасыздану, бірге мазасыздану,аяушылық қабілеттерінің жойылуын білдіретін тұлғаның моральды-психологиялық қасиеті
125Лидер (англ, жетекші) – белгілі бір жағдайда шешім қабылдауда топтың бір мүшесінің артықшылық құқығына қолдау беру.
126Намыс тұлғаның өзіне және өзгелерге деген құнды қатынасы.
127НЛБ (нейролингвистикалық бағдарламалау)

өзара әрекеттің әдеттенген сызбасын өзгертуге, өмірде сенімділікті меңгеруге, шығармашылық потенциалды белсендендіруге бағытталған психотерапевтік әдіс
128Немқұрайдылыққоршаған ортаға, басқа адамдарға деген қызығушылықтың болмауымен сипаталатын психикалық күй.
129Мақсат жеке адамның, адамдар тобының іс-әрекетінің болжанатын нәтижесі
130Мемлекеттік қорытынды аттестация бітірушілердің дайындығын, олардың дайындықтарының мемлекеттік білім стандарты талапарына сәйкестігін тексеру және бағалау, бітірушіге мамандық бойынша біліктілікті игеру және оларға диплом беру туралы сұрақтың шешілуі.
131Мемлекеттік білім стандартыпәндік білімдік мақсаты мен міндеттерін, бітірушілердің түсініктері мен дағдыларын, білім нәтижелерін тексеру технологиясын белгілейді, білім деңгейін айқындайтын негізгі құжат.
132Мұрат (греч. елес) – адамның жеке ұмтылыстарының бағыттылығы көрінетін мотивация формасы
133Махаббат объектіге (адам, Отан, отбасы, қала, шындық, адамгершілік, дін т.б.)деген эмоционалды-құнды қатынас арқылы көрінетін, сезім
134Медитация (лат, ойлау) – өз ойларына және сезімдеріне, өзінің психикалық күйіне өзіндік әсер ету
135Менталитет тұлғаның, топтың бағыттылығы мен ойлауының қалыптасуы
136Миға шабуылізденіс жолдарын сынау жүзеге асырылмайтын, ізденіс барысында туындаған барлық болжамдар қамтылатын, өмірде кездесетін қиындықтарды жеңу үшін қолданылатын сол болжамдарға талдау жасалатын пікірталас әдісі.
137Мотив (лат, қозғалысқа келтіру, итеру) – іс-әрекетті ішкі оятушы, оған тұлғалық мағына беруші
138Мотивация мақсатқа жетуге оятушы барлық мотивтердің жиынтығы.
139Мойындамауөзін иегере алмау, ерік қасиетінің жоқтығын көрсететін, басқалардың ойына негізсіз қарсы келу.
140Маманның кәсіби бағытыкәсіби менталитеттің іс-әрекеттік көрінісі яғни кәсіби іс-әрекеттің түрлі жақтарына деген қатынасының жиынтығы және оның өзіндік бағалауы.
141Мұғалім профессиограммасы

оның тұлғасына, қабілетіне, шеберлігіне және психолого-физикалық мүмкіндігіне қойылатын талаптар тізімі
142Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті

оқушының жеке және жас ерекшеліктерін, сұранысын, қызығушылығын, құмарлығын, рухани әлемін ескере отырып оған психолого-пеадгогикалық әсер етуде көрінетін үнемі орындалатын іс-әрекет түрі.
143Мамандану маманның кәсіби қызығушылығын және жоо мүмкіндігін ескере отырып нақты бағытының профильді ажыратылуы.
144Мазасызданужағымсыз жағдайды күтудегі адамның басынан өтетін қорқыныш, мазасыздану күйі
145Мінез (грек. сызық, мөр) – адамның тұрақты қасиеттерінің жиынтығы
146Мұғалімның оқушыға шоғырлануыоқушының қызығушылығына деген мүдделіктің болуы, ерекше таңдалған психологиялық үндеу, оқушыға «бұрылу» және оның қызығушылығына қызмет ету
147Моральды сезім (адамгершіліктік)адамның басқа адамдарға, қоғамға, өмір сүру ережесі мен нормаларына деген қатынасының бастан кешірулері
148«Мен-тұжырымдама»Индивидтің өзіне-өзі қатынасынан ұрады: а) өзінің даралығы туралы ойы; б) нақты қызығушылықтардың, бейімдліктердің, құндылық бағдарының бірлігі; в) нақты өзіндік бағалау және өзіндік сыйлау
149«Мен» (ішкі)өзінің бейнесі. Өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі түсіну. Әсерлер мен бастан кешірулерді есте кейінгі қалдыруларға және тануға байланысты.
150Оқытушы іс-әрекеті оқушыларды оқыту және тәрбиелеумен байланысты міндеттерді орындау процесі
151Ойын психотерапиясыбалаларға және ересектерге ойынды қолдану арқылы әсер етудің психотерапевтік әдісі.
152Ойын іс-әрекеттің белгілі бір саласын жасап, шартты жағдаяттардағы іс-әрекет түрі.
153Оқытушы іс-әрекетінің жеке стилітүрлі міндеттерді шешудің тұрақты, жеке-ерекше тәсілдері мен әдістерінің жүйесі.
154Ой талқылау нәтижесі. Бейнелік және жалпыланған түрде және өткенге, болашаққа, қазіргі кезге қатысы болуы мүмкін.
155Оқыту қоғамдық-тарихи тәжірибені мақсатты түрде тасымалдау үдерісі; білім, білу, дағдыны қалыптастыруды ұйымдастыру.
156Объектсубъектігнің танымдық немесе затық-практикалық іс-әрекеті бағытталған сыртай қарсы тұрған зат немес құбылыс
157Онтогенезадамның өмірге келгеннен өмірінің соңына дейінгі жеке дамуы
158Оптимизм-пессимизм(лат.Optimus – ең жақсы және pessimus – ең нашар). Оптимизм адамның жағымды көзқарастарының жүйесі. Пессимист өмірге және әлемге жағымсыз көзқарастар жүйесіне ие.
159Оқытушы тәжірибесі оқытушының оқу-тәрбие жұмысында білім, дағды, іскерлік, әдетті игеруі
160Отбасы ерлі зайыптылар, ата – ана мен бала арасындағықатынастарын реттейтін нақты әлеуметтік нормамен, санкциямен, мінез-құлық үлгісімен, құқық және міндеттермен, сипаталатын әлеуметік институт.
161Оқу іс-әрекетіоқушыда оқуда мақсатқа жетуде мотивтелінген белсенділіктің көрінуі
162ЖОО дағы оқу бағдарламасымақсат, мотив, болашақтарының ортақтығына негізделген оқу іс-әрекетіне түгелдей қатысу үшін студенттерді біріктіру.
163Оқу бірлестігіпедагог пен оқушы бірігіп отырып проблема және ақыл-ой тапсырмаларын қойып және шешетін өзараәрекеттесу формасы
164Оқу бағдарламасы

әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат.
165Оқулық оқу бағдарламалары мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұны ғылыми негізде, жүйемен баяндалатын кітап.
166Оқу-әдестемелік бірігу (ОӘБ)

ЖОО да маман-психологтарды дайындау мазмұнына жалпы бақылау жасауды жүзеге асыратын ұжымдық мемлекеттік-қоғамдық ұйым
167Оқу киносы

оқу процесінде қолданылатын, арнайы оқытудың құралы ретінде құрылған фильмдер, сондай-ақ ғылыми-атақты, технико-насихаттаушы, хронико-деректі фильмдер.
168Оқу жоспары оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің құрамын, оның оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.
169Өзараәрекет өзара байланысты және шартылықты тудыратын объектілердің бір-біріне өзараәсер ету процесі.
170Өзарақарым-қатынасәлеуметтік топтағы адамдар арасындағы субъективті байланыстар және қарым-қатынастар
171Өзаратүсіну көзқарастары, бағыттары, қызығушылықтары максималды түрде мағынаға ие болатын жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, ұйымдардың, елдердің арасындағы қарым-қатынас тәсілі.
172Өмірлік жолтұлғаның жеке даму тарихы
173Өзін-өзі өзектілеу

адамның өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін неғұрлым толығырақ көрсетуге және дамытуына ұмтылуы
174Өзін-өзі сендірубір нәрсенің жүзеге асуы үшін өзін-өзі психологиялық дайындау (өзіне бағытталған психологиялық бағдар)
175Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның өзінде жағымды қасиеттерінің қалыптасуына және жағымсыз қасиеттерін шеттетуге саналы түрде бағытталған жұмысы.
176Өзін-өзі бақылауқойған мақсатына қатысты нәтижеге жету үшін адам өзінің мінез-құлқын және іс-әрекетін саналы реттеуінен көрінеді.
177Өзін-өзі сүюадамның өзін-өзі бағалауында көрінетін, эмоционалды қатынас
178Өзін-өзі игерудұрыс ұйымдастырылмағын жағдайда іс-әрекетін жүзеге асыру қабілеті, ішкі еріктік реттеу.
179Өзін-өзі ұйымдастырусаналатын ерік және ақыл-ой ерекшеліктерінде, мінез-құлық мотивінде іске асырылатын табиғи және әлеуметтік меңгерілген қасиеттердің жиынтығы және іс-әрекет және мінез-құлықтің реттілігімен жүзеге асады.
180Өзін-өзі бағалауадамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі.
181Студенттің өзін – өзі бағалауыстуденттің өзін, өзінің маман болу мүмкіндігін, басқа студенттер арасында өзінің қасиеттерін бағалау.
182Өзін-өзі таңдауқоғамдық іс-әрекет процесінде өзінің ішкі мәнін зерттеу, өзін-өзі тану процесі.
183Өзін-өзі аңғаруөзі туралы тұрақты, индивид өкілінің қайталанбайтын жүйе екендігін жоғары немесе төмен деңгейде ұғынуы. Адамның өзін-өзі аңғару күйі.
184Өзіне деген эмоционалды-құнды қатынас Өзінің ар намыс сезімінде, өзін-өзі сыйлауда, немесе керісінше, өзін сөгуде, өзінен ұялуда көрінетін тұлға құрылымының компоненті
185Пікірталас дұрыс шешімін табу мақсатында қандай-да бір сұрақтарды топтық талқылау.
186Парыз адам ар ұятының арқасында орындайды және өзіне талап, міндет ретінде сезінеді
187Педагогикалық эмпатия студенттердің психикалық күйін, эмоция, сезімдерін, бастан кешірулерін оқытушының түсінуі
189Педагогикалық еңбекөсіп келе жатқан ұрпақты және ересектерге білім беру және оқыту, тәрбиелеу мақсатында мақсатқа бағытталған шығармашылық іс-әрекет
190Педагогикалық шеберлік мұғалімнің, жоо оқытушысының, педагогтің кәсіби іс-әрекетінің жоғары деңгейі
191Педагогикалық қарым-қатынасоқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсер етудің әдістері мен тәсілдерінің жүзеге асуы
192Психикаобъективті шындықты белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті.
193Психодиагностика ( грек. жан және тануға бейім) – тұлғаның жеке индивидуалды ерекшелігін айқындау және зерттеу әдістерін өңдейтін психология ғылымының саласы
194Психодрама адамның мәнді мәселесімен байланысты 1эмоциялардың аяқ астынан көрінуі үшін қажетті жағдайлар құрылатын рөлдік ойынның бір түріне жататын топтық психотерапия әдісі
195Психологиялық мәртебе

субъектінің құқығын, міндетін анықтайтын тұлғарааралық қарым-қатынас жүйесіндегі орны
196Психотерапия субъектінің өзінің өмірлік проблемаларын шешуде, өмірлік қиындықтарды жеңуде психологиялық көмек көрсету
197Психожаттығу

бастан кешірулерді, эмоционалды күйлерді, мәселелерді қимыл қозғалыс, ым-иашра, пантомимика көмегімен көрсетуді болжайды.
198Проективті сурет адамның ішкі проблемалары туралы қосымша ақпарат алу негізінде қолданылады, сөзбен жеткізе алмайтын жағдайларды анықтауға және ұғынуға мүмкіндік береді.
199Рефлексия (лат. бейнелеп көрсету) – субъектінің психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі.
200Рақымдылық басқа адамның психикалық күйін түсіне алу, адамды сүюдің көрінуінің формасы
201Сыпайылық адамдарға деген сый, қарым-қатынастың және өзарақарым-қатынас жасаудың әдеттегі құралына, күнделікті нормасына айналған тұлғаның моральды-психологиялық қасиеті.
202Сенім

адамның ақыл-ойы, күші, ерік, қабілет және эмоционалды компоненттерден тұратын және адамның шынайылық немес ойдағы құбылыстарға деген қатынасынан көрінетін рухани күй.
203Сұхбат

алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу тәсілі.
204Студент тұлғасыбелгілі бір еңбек іс-әрекеті облысындағы маманның қызметін жоғары біліктілікпен орындауға дайындық үстіндегі жас адамның тұлғасы
205Студенттің ғылыми іс-әрекетістуденттің тұлғасының өзін-өзі көрсетуінің формасы, оның өмірлік өзін-өзі бекітуге ұмтылысы; шығармашылық ойлауын, ынталылықты, дербестілікті дамытады, ақпарат ағымын ажыратып оның қажеттесін таңдай алуы.
206Сезімнің бейнеленуі адам өз сезімдерін өз бастан кешірулерін сөз арқылы немесе вербальды емес мінез-құлықта көрсетуден құралатын тәсіл.
207Сана астысана табалдырығының астынан өтетін психикалық процестер (жақсы таныс туралы ойлар, дағдылар, әдеттер, еріксіз реакциялар т.б.)
208Студент дамуындағы тұлғаның кәсібиленуі

кәсіпке деген терең қызығушылықтың болуы, таңдаған мамандық бойынша білім, дағдының қалыптасуы, жоо болашақ бітіруші тұлғасының жетілуі
209Студенттің кәсіби дайындығы

тұлғалық қасиет және жоо-нын аяқтаған соң іс-әрекетінің тиімділік алғышартының болуы.
210Студенттің өзін – өзі бағалауыстуденттің өзін, өзінің маман болу мүмкіндігін, басқа студенттер арасында өзінің қасиеттерін бағалау.
211Стандарт

(білімдегі)

білім беру жүйесі секілді күрделі көппрофильді, көп деңгейлі мақсатты үлгінің туралы түсінікті бекітуге шақырылған инеграцияланған пәнаралық категория
212Стресскүшті әсердің негізінде пайда болатын күй, шиеленіс.
213Сабақжалпы білім беретін мектептерде, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінде оқу сабақтарын ұйымдасырудың негізгі нысаны.
214Сендіруадамның бағалау қатынасын көрсететін тұлғалық құрылым.
215Сабақ берудегі мақсаттылық бағдары пән мақсатының қысқаша анықтамасы және оның маманды дайындау жүйесіндегі рөлі.
216Сезгіш тонөмірлік маңызды әсерлерді (дәмдік, температуралық т.б.) алып жүретін және оларды сақтауға немесе шеттетуге итермелейтін жағымды немесе жағымсыз бастан кешірулер.
217Сезімәлеуметтік қажеттіліктердің (махаббат, намыс, жек көрушілік т.б.) қанағаттану кезінде пайда болатын адамның неғұрлым тұрақты бастан кешірулері
218Сергектік Адамдарға қамқор болуда, олардың мұқтаждықтарына және сұраныстарына зейін қоюда көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
219Субъект

адам заттық-тәжірибелік іс-әрекетті алып жүруші ретінде
220Тұлға белсенділігі өзгелерге және қоршаған ортаға ынталы әсер ету, оның мінез-құлқының мотиверінен, дүнеиеге деген көзқарасынан, құндылық бағдарынан, мінезі және темпераментіне тәуелді.
221Тұлғаішілік кикілжің тұлғаның құндылық бағдарының, оның қажеттіліктерінің, қызығушылықтарының, ұмтылыстарының қақтығысуы.
222Тәрбие жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдау іс-әрекеті.
223Тәкаппарлық басқа адамдарға деген асқақ, менсінбеушілік қатынасында көрінетін моральды-психологиялық қасиет.
224Топ дамудың түрлі деңгейінде болатын, тұтастылық, ұйымдастыру жетекшілік стилі бойынша, әлеуметті-психологиялық климаты бойынша ерекшеленетін адамдардың шынайы әлеуметтік қауымдастығы (ұлт, класс, пария, бригада, экипаж).
225Тұлғаның деградациясы психикалық тепе-теңдіктің, тұрақтылықтың, белсенділіктің жойылуы және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі.
226Тәртіптілік

тұлғаның мотивациялық, танымдық, эмоционалды жән басқа компоненттерінен тұратын тұлғаны тұрақты қасиеттері
227Түзету психикалық немесе физикалық дамудың жетіспеушілігін, психикалық функциялардың бұзылуын меңгеру, игеру.
228Тұлға адам әлеуметтік қатынас субъектісі ретінде; қоғамдық қатынасқа енуімен анықталатын біріккен іс-әрекет және қарым- қатынаста қалыптасатын индивидтің жүйелі қасиеті.
229Тұлғалық өсукәсіби өзіндік жетілудің қызығушылығы мен қажеттілігінен туындаған субъект іс-әрекетінің жағымды өзгеруі
230Тұлғалық мәртебеөзарақарым-қатынас құрылымында тұлғаның орналасуы
231Тұлғааралық кеңістік қарым-қатынас дистанциясы, адамдардың эмоционалды жақындығының субъективті кеңстіктік критерийі
232Топтық бағалау әдісібіріккен жұмыс бойынша бақыланушыны жақсы білетін, бағалай алатын адамдардың яғни бірнеше эксперттердің ойларының негізінде тұлға туралы неғұрлым толық ақпарат алу.
233Тұлғаның бағыттылығытұлғаның мақсаты және мінез-құлық мотивінде, қажеттілігінде, қызығушылығында, мұратында, сенімдерінде, бағдарында көрініс беретін маңызды қасиеттерінің бірі.
234Табандылық қиыншылықтарға қарамастан мақсаттың жүзеге асуына бағытталған тұлғаның еріктік қасиеті
235Торығу рухани күштің төмендеуінің психикалық күйі, болашақ жоқ, өзінің мүмкіндігіне сенбеу, қиын жағдайлардан сәтті шығуға деген үміттің болмауы.
236Түсіну өткен тәжірибесінде меңгерілген бір нәрсе туралы ақпараттың болуы және осының нәтижесінде оқиғаның, фактінің мәні мен мағынасына, әсерету мазмұнына ие болупроцесі
237Түсінік нақты заттардың және құбылыстардың бірдей қасиеттерін жалпылаудың нәтижесі, олардың айқын белгілерін көрсететін абстрактілі ойлаудың формасы.
238Тұлғаның дамуы сандық және сапалық қасиеттердің, көзқарасының, өзіндік сананың, шынайылыққа деген қатынасының өзгеруі, тәжірибенің жинақталуы.
239Талант қандай да бір іс-әрекеттегі ұлы қабілеттілік және табиғи дарындылық
240Транспоренттілікхалықаралық қарым-қатынаста максималды ашық болу.
241Траст қоғамды әрбір адам қажетсінетін , сенім
242Толеранттылық түрлі ойларға, адамдарды және оқиғаларды бағалауға деген шымдылықта көрінетін тұлғаның қасиеті.
243Тестілеужеке айырмашылықтар көлемін салыстыру үшін белгіленген қысқа, стандартталған, уақыт бойынша шектелген сынақ
244Тесттержеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен дағдысын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар.
245Таңырқауолардың тұлға құрылымында пайда болуына және елікіргіштігне байланысты болатын интеллектуалды эмоция немесе сезім.
246Табыс

қоршаған ортасының табысты мойындауы, бір нәрсені, біреудің жетістіктерін қоғамдық қолдау.
247Талаптану деңгейіөзінің мүмкіндіктерін өзіндік бағалаудың негізінде тұлғаның ұмтылуы және іс-әрекеттің нәтижесінде ұжымда нақты орынға ие болу, тапсырманы орындаудың қанағаттандыратын деңгейін анықтау.
248Тұлға қасиеттерітанымдық, эмоционалды, еріктік қасиеттерден тұратын тұрақты психологиялық құрылым.
249Тәжірибелік сезімадамның іс-әрекетімен байланысты сезімдер (табыс, қанағаттану, шығармашылық шың)
250Үрейтәуекелмен, қауіппен байланысты тапсырмаларды орындау алдындағы эмоцианалды күй
251Үйреншікті танымАдамдардың күнделікті өмір тәжірибелерінде жүзеге асатын қасиеттер және басқа объектілерге қатынасы, тануы
253Ұялшақтықсанадан тыс дұрыс емес психологиялық бағдардың, қорқынышпен берілген және басқа да стресстік факторлардың болуы
254Ұжым

(лат. жинақтау)- біріккен іс-әрекетте дамудың жоғары деңгейіне жеткен, бір мақсатқа бағытталған адамдардың біріккен тобы.
255Ұлттық мінез ұлттың психикалық қалыптасуының психикалық құрылымы.
2556Ұятсубъектінің өзінің әрекеттерінің, ойларының сыртқы орта күтімдеріне сәйкес келмеуін саналы түрде ұғынуы
257Шабыт тұлғаның шығармашылық көтерілуінің психикалық күйі.
258Шығармашылықадамның белсенділігінің және дербестілігінің өнімді формасы
259Шыдамдылықадамның әлеуметтік-психологиялық қасиеті, ерліктің, ішкі күштің көрсеткіші.
260Эстетикалық сезімарнайы заттың сапасына деген біздің қатынасымызды сипаттайтын түйсінулеріміздің ерекше бояуы. табиғаттағы, өнерде, өмірде, адамдағы керемет немесе жаманды сезіну.
261Эгоизм өзін сүюден, өзінің «Меніне» шоғырланған, басқаларға селқос қарауда көрінетін тұлғаның қасиеті.
262Эйфория объективті жағдайға қатыссыз көтеріңкі көңіл-күйдің болуы, қаннен қаперсіз, ризашылдық күйі.
263Эксперимент жалпы ғылыми танымның және жеке психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің бірі.
264Эмоцияадамның қажеттілікерінің қанағаттану және қанағаттанбау күйін көрсететін психикалық құбылысардың жиынтығы.
265Этникалық таптаурындар адам өмірлік тәжірибелеріне ұлтық дәстүрдің, әдет-ғұрыптың, рәсімдердің меңгерілуі және енуі
267Христиандықәлемдік діндердің бірі (буддизм және исламмен қатар).
268Фрустрация (лат. алдау, бұзылу) – ішкі шиеленістің өсуінәі психикалық күйі, мақсатқа жеудегі сәтсіздікке байланысты көңіл қалумен көрінетін психикалық күй
269Фасилитациясанасында мәнді бейненің өзектіленуінің салдарынан индивид іс-әрекетінің өнімділігінің немесе жылдамдығының өсуі.
«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!