Адамзат тәжірибесі

Берілген модуль жалпыадамзаттық құндылықтар туралы және оларды адамгершілік категория контексінде адамзаттың рухани мәдениетін біріктіретін білімдерді ашады. Қазіргі кезде жастардың рухани дамуы жағдайында берілген адамзаттың жинақталған тәжірибе, рухани адамгершілік тәжірибе формасында студенттерді кеңінен бағыттайды.

Адам өмірінің адамгершілік рухани мәні оның өзіне, табиғатқа, қоғамға, дінге, мәдени мұраларға деген қарым қатынасынан қалыптасады, бекиді. Үшінші модульде беріліп отырған материалдар мәдени мұраларымызды тереңінен тануға, зерттеуге, өнар арқылы әлемді сезіне білуге, Қазақстан халықтарның рухани құндылықтарына қамқорлықпен қарау, патриотизм, азаматтық ұғымдарының өз бойында бекітуге, адам өмірінде діннің рөлін анықтауға, конструктивті іскерліктәі мақсаты ретінде «транспаренттілік» ұғымына компонентті болуға мүмкіндік береді.

Модульдің мазмұны студенттердің теориялық философиялық ой пікірлердегі құндылықтар категорияларына: адамгершілік, руханилық, азаматтық, патриотизм, жауапкершілік және т.б. бағытталған. Сондықтан, бұл модульде тақырыптарға байланысты дәрістер, әңгімелер, диспуттар, ой пікірлерді талдауға берілген. «Адамзат тәжірибесі» модулінің мазмұны студенттің жеке тұлғалық өмірлік көзқарасының қалыптасуына әсер ететін әлем туралы негізгі білімдерді оқып үйренуге болатын арнайы бекітілген сабақтардан және тақырыптқа сәйкес таңдалынып алынған әдебиеттерден тұрады. Ең маңыздысы, адамның рухани адамгершілік даму мәселелерінің әмбебаптылығы мен «мәңгілігін», маңыздылығын студенттердің түсінуі. Бұл модуль адамзат өміріндеггі барлық кезеңдердегі негізгі философиялық және діни білімдердің адамның адами мәселелерін қозғайды және аша түседі.