«Даналық сабақтары». Шағын топтармен жұмыс

Студенттермен келесі ойларды талқылаңыз:

  • Отбасы бұл – балаларды бақытсыздықтан қорғауға тартылған кішігірім кеме іспеттес. Ол балаларды жеке шарықтауы мерзіміне дайындайтын ұя.
  • Отбасы қуанышқа негізделіп, сол үшін жаралған. Отбасын бір-бірін сүйіп қосылған екі адам құрайды.
  • Сүю өзге адамның өмірін өзінікіндей қабылдау, ал өз өміріңді басқаға арнау деген сөз.
  • Ата-анасының жанында сүюге үйренбеген, өз отбасын құрағанда да сүйе алмайды.
  • Сәбидің дүниеге келуі және оның жетілу ғажайыбы – отбасын мәнге және жарыққа толтырар дүние.

Оқытушы.

Әңгіме. Анасының жеті қызы. (В.Сухомлинский)

Анасының жеті қызы болыпты. Бір күн анасы алыста тұратын ұлына қонаққа барады. Үйіне тек бір аптадан кейін оралады. Ол үйге келгенде қыздары бір-бірімен жарыса анасын қалай сағынғандарын жеткізіп болмайды

— Мен сені күн шуағын аңсаған көкнардай сағындым-дейді бірінші қызы.

— Мен сені бір тамшы суға зәру болған жердей күттім-дейді екінші қызы.

— Мен сені ойлап, құсты күткен кішкентай балапандай жыладым – деді үшіншісі.

— Маған гүлсіз арадай қиын болды-дейді төртіншісі.

— Түсінде таңғы шықты көрген раушан гүліндей елестедің-дейді бесіншісі.

— Мен сені бұлбұлды қарауылдаған шие бағы сияқты күттім-дейді алтыншысы.

Тек жетінші қызы ғана үндемейді. Ол анасының аяғындағы етіктерді шешіп, аяғын жууға легенге су қуйып алып келеді.