Бірнеше файлдық жүйелермен жұмыс жасау

Егер бірнеше файлдық жүйелермен жұмыс жасау мәселесі шешілсе, әртүрлі файлдық жүйелердің барлық мүмкіндіктерін толығымен қолдануға болады. Ол үшін дискті бірнеше бөліктерге бөліп, оларды компьютерде орнатылған әрбір ОЖ – ға арнау керек. Бұл жүктелу дұрыс жүруі үшін қажет. Әрбір бөлік үшін белгілі ОЖ- ға сәйкес келетін арнайы файлдар пішіні қолданылады. Осының арқасында ОЖ және оның қосымша бағдарламалары жаңа файлдық жүйе ұсынатын жоғарғы дәрежелі өнімділік пен сенімділікті қолдана алады. Сонымен қатар әрбір ОЖ – ға тән қосымшалардың барлығын арнайы бөліктерге орналастыру керек.

Әрбір ОЖ үшін орын белгіленгеннен кейін орнату керек. Бір ОЖ — ны орнатып болған соң басқаларының қалай жүктелетінін тексеру керек. ОЖ — лар орнатылғаннан кейін, қалған бір бөлікке белгі меншіктеп оған барлық деректер мен қосымшаларды орналастыру керек. Бұл бөлік пішіні FAT болғандықтан, оған барлық ОЖ — лар қол жеткізе алады. Егер сіз Windows 2000,Windows 98 ОЖ — ларын қолдансаңыз, FAT 32 файлдық жүйесін таңдауға болады. Егер ұқыпты жұмыс істелген жағдайда Windows — тың System каталогынан қандай файлдарды қалған System каталогына көшіру керектігі анық болады (System каталогына DLL және VxD файлдарының көпшілігін көшіру керек, кері жағдайда Windows — оны таба алмайды). Бұл шешім өте жақсы емес, дегенмен ол жұмыс істейді.

Мысалы, сізге қазіргі жүйелердің барлығын тексеру керек болса, яғни сіздің компьютеріңізде бірнеше ОЖ орнатылу керек болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген нұсқа Windows 98 не Windows 2000 көмегімен тексеруге ыңғайлы болады.

Ескерту. Partition Magic бағдарламасы әртүрлі типті бөліктердің орнын жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді Ал System Comander бағдарламасы бірнеше ОЖ жағдайындағы жүктелуді жақсы бақылайды.

Төменде әрбір архитектураның элементтерінің әрқайсысының шолуы көрсетіледі.

  • OS/2 қосымшасы мен ішкі жүйесі,РОSIХ қосымшасы мен ішкі жүйесі.Біраз уақыт бұрын Windows2000-ды OS/2 қолдамайтынын Microsoft мәлімдеді.Алайда OS/2 қолдаушысы Windows2000-ды бұрынғысынша символ тәртібінде қолдап тұр.Бірақ та сіз OS/2 жүйесі қолданатын HPFS файлдық жүйесінің қолдауын таппайсыз.Егер сізді мықты Unix қолдауы қызықтырса, Unix ішкі жүйесін қосатын, Unix-тің барлық құрамын: сұлбаларын, қызметтерін және Х11(Х Windows) қолдайтын OpenNT-гe назар аударыңыз.
  • Win32 ішкі жүйесі. Windows2000 өзінің қосымшаларын “клиент/сервер”сызбанұсқасы бойынша қызмет көрсететінін білеміз.Бұл қарым-қатынас Win32 ішкі жүйесі арқылы жасалады. POSIX ортасында файлдармен өзге элементтердің аттары белгілер регисторын есепке алып тракталады. Осы екі белгілік тәртіпте болса да 32 разрядтық ОЖ, осыған байланысты қосымшалардың жауап беруінің әртүрлілігі байқалады.Әртүрлі ОЖ-дың қосымшалардың арасындағы тым үлкен.Өзге жағынан, әртүрлі жүйелердің технологиялардың арасындағы айырмашылықты білген дұрыс.
  • DOS виртуальды машинасы (Virtual DOS Machine,VDM). Windows2000 жүйесі DOS-ң әрбір қосымшасын өзінің меншікті VDM машинасына орналастырады.Сонымен жекеше орта қосымшалары түгелімен әртүрлі орта қосымшаларынан бөлінеді.Бұл жүйенің жоғарғы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін міндетті. Windows 16-разрядты қосымшасы бір VDM машинасын хабарлай қолданады. Windows 2000 жүйесі әрқашан VDM машинасымен бірге 16 разрядты Windows – қосымшаларға қызмет көрсететін Windows- тің 16 разрядтық версиясының көшірмесін жүктейді. Осылайша әрбір қарым – қатынас екі сатымен толықтырылады, оның біреуі VDM — ге сәйкес келеді, ал өзгесі Win32 ішкі жүйсінс сәйкес келеді. Бұл қосымша сатылар қолданушыға білінбейді, ол бұрынғыдай интерфейстерді қолдана алады.
  • Орнатылып жатырған  файлдық  жүйенің диспетчері. (Installable File System, IFS) Бұл файлдық жүйенің ең жоғарғы сатысы. IFS жүйесі қосымшалармен интерфейс құрайтын VxD файлы ретінде жүзеге асырылады.         Қосымшада қандай  интерфейс қолданылатынына қарамастан көрсетілген құрал қосымшаның барлық сұраныстарын қабылдайды. IFS басқаруды сәйкес файлдық жүйе драйверіне берілуін қамтамасыз етеді. (file system driver,FSD) Windows 2000 жүйесі файлдық жүйе драйверінің әртүрлі төрт түрін қолдайды.
  • Файлдық жүйе    драйверінің    дәрежесі    (File    System Driver,FSD) FSD дәрежесіндегі ең көп тараған құрал- NTFS FSD драйвері, бірақ  Windows   2000 біріктірілген  кез  келген  FSD  драйверін  қолдана  беруте болады.  Мысалы,  VFAT,CDFS  немесе    Бұл  VxD файлдар  (Network  FSD-  дан  басқа  драйверлер)  локальді қатты диск сұраныстардың барлығына қызмет етеді.Сәйкес файлдық жүйенің мүмкіндіктерімен қоса, әрбір FSD драйвері қорғалған     тәртіп     мен     файлдардың     ұзақ     аттарын қамтамалайды. Бұл факт – Windows 2000 — ның өзге ОЖ — ден    ерекшелігі    қолданылатын    құрал – жабдықтарға байланысты   сіздің   компьютеріңізде   бірнеше   өзге   FSD орнатуға болады. Солайша суреттегі блок – схемаға CDFS драйвері  қосылған.  Бұл  DVD  —  дисктер мен компакт дисктерге арналған арнайы драйвер. CDFS драйвері негізінен үш жүйелік файлдан тұрады: CDROM.SYS, REDBOOK.SYS және   STORPROP.DLL.   Windows2000- бұл   драйверді конфигурацияда диск орнатқыш табылса ғана іске қосады. Windows2000 жүйесінде CD – ROM және DVD-ROM қамтамасының айырмашылығы, қолданушы көзімен, DVD-ROM   үшін   арнайы   декодер   драйвері   бар   екендігіне негізделеді.  Барлық    FSD драйверлері  IFS диспетчерімен байланысты сақтайды. Олар сонымен қатар құрылғылармен тікелей қарым – қатынаста болатын дәрежелерге сұраныс бере алады.

Eскepтy. Windows2000 – ғы CDFS драйвері ISO 13346 стандартында жасалған. Ал өзгелеріне ISO 9660 стандартында жасалған. Қамтамалаудың жаңа сатысы компакт — дискіге қызмет етумен қоса, DVD — дисктерді де қамтамалау үшін керек.

  • DVDROM декодерінің драйвері. Компакт  —  диск жағдайындағыдай  DVD —дисклерінің  екі  түрі  бар: деректері бар және мультимедиалы дисктер; екіншісі де DVD —  ROM  декодері  драйверімен  өңделеді.  Бұл  драйвер бірнеше файлдардан тұрады, оның саны DVD — ROM декодері   құрлығысына   байланысты. Мультимедиалық DVD —  дисктер  үшін  ең  болмағанда  EXE файлы орнатылады. Бұл бағдарлама Windows2000 -ң жаңа функцияларына   негізделіп   жасалған.   DVD—ROM декадерінің драйвері орындалушы файлдарға арналғап АХ кеңейтілуін   қосады.   АХ   файлдары   мультимедианың ағымдық бағдарламасына қатысады.
  • 10 Енгізушығару ішкі жүйелері. Бұл блоктық құрылғының ең жоғары деңгейі. Қатты дискте әдетте блок өлшемі 512 байт болады. Басқа құрылғыларда блок өлшемі өзгеше болуы мүмкін. Енгізу – шығарудың ішкі жүйесі FSD драйверлеріне жалпы түрдегі қызмет көрсетуі. Ол мысалы сұраныстарды FSD драйверінен белгілі — бір құрылғы драйверіне жібереді.
  • Бөліктерді бақылау драйвері (Volum Traking Driven, VTD). Windows2000 жүйесінде бұл драйвер орнатылмауы да мүмкін. Мысалы сізде егер компакт — дисктер, иілгіш дисктер, DVD дисктерге арналған диск орнатқыштар бар болса, көрсетілген құрал бар болады, оның ең негізгі қызметі — әрдайым сыртқы құрылғылар жұмысын тексеріп, сол жайлы хабар беру. Осы компонент, мысалы көшіру кезінде сіздің иілгіш дискті ерте алып жатырғаныңызды хабарлайды.
  • Аппараттықтәуелді дәреже (Hardware Abstraction Layer HAL). Бұл да Windows2000- ң маңызды элементінің түрі. Microsoft корпорациясының өңдеушілері драйверлер мен бағдарламалық құралдарды латындай етіп жасаған. Windows2000-ң базалық архитектурасы алдыңғыдай болады, ал теменгі дәрежелі драйверлер, яғни құрылғылармен тікелей қатынас жасайтын драйверлер, өзгереді. Суретте процессоры Intel компьютерінің барлық элементтері көрсетілген. Alpha компьютерінде кейбір өзгерістер бар екендігін байқауға болады, бірақ қосымша ретінде қарайтын болсақ, ол Intel компьютерінде де алдыңғыдай жұмыс істейді.
  • Белгілі құрылғы түрінің драйверінің дәрежесі(ТуреSpecific Driver TSD). Әрбір құрылғыға оның арнайы қажеттіліктерін түсінетін драйвер міндетті түрде қажет. Қатты диск сұраныстары мен иілгіш диск диск орнатқыштарының сұраныстары әрдайым бірдей болмайды. Көрсетілген дәреже белгілі бір құрылғымен емес, құрылғылардың логикалық түрлерімен байланысты. Мысалы жалғыз TSD-ның бір қызметі— жүйедегі қатты дисктерді, екіншісі—иілгіш дисктерді, үшіншісі— барлық желілік дисктерді өндеу. Оқу не дерек жазу операцияларын бақылап болған соң TSD драйвері жұмысты жалғастырудың екі тәсілінің бірін таңдайды. Windows2000 жүйесі IDE және ESDT секілді диск орнатқыштарды өңдеуге арнайы бір дәреже, ал SCSI дискорнатқыштарын өңдеу үшін арнайы дәрежені қамтамалайды.
  • Компакт дисктерге арналған TSD дәрежесі. Бұл құрылғы түрін ерекше бөліп көрсетуге болады, себебі ол әр типті деректермен жұмыс жасайды. TSD драйвері қалыпты дискорнатқыш драйвері секілді қызмет етеді. Компакт-дисктермен DVD дисктерге арналған дискорнатқыштар әуендік компакт – дисктерді өңдеп, деректері бар компакт -дисктерді оқуы  (кей-кезде  оларға  жазуы)  керек, сондықтан  оларға TSD-ң  арнайы,  қалыпты дискінен өзгеше  түрі  керек.  (DVD—дисктерді DVD  –  ROM декодері драйверімен,  проигрывательмен және құрылғы драйвері    элементтері    көмегімен    өңдейтіндігін    естен шығармаған  жөн).  Компакт—диск  сыртқы  мәлімет сақтаушы болғандықтан драйвер одан әрі қиындай түседі. Иілгіш   дискке   арналған   дискорнатқыштар   тек   диск ауыстырылғанын анықтау керек болса, Компакт — дискке арналған дискорнатқыш тек дисктің ауыстырылуын ғана емес,  оның  типін  де  анықтауы  керек. Компакт— дисктерде ойындар мен оқыту бағдарламаларының болуы өте күрделі жағдай, өйткені оларда деректер де, әуен де болуы мүмкін.  Сондықтан компакт — дискке арналған дискорнатқыштар – дискорнатқыштардың назар аударуды қажет ететін ерекше сыныбы.
  • Құрылғы өндірүшісі драйверінің дәрежесі (Vendor — Supplied Driver VSD).Яғни қолданушы компакт — дискке арналған дискорнатқыш қамтамасын өзі орнатады. Ол қамтама потенттелген шиноны немесе магнитооптикалық дискорнатқыш секілді сыртқы мәлімет тасушылары құрылғыларын қолданатын болуы мүмкін. Осы дәрежеде орнатылатын Windows2000 жүйесінде стандартты драйверлер тізімі бар. Мысалы IDE дискінің сіздің компьютеріңізде арнайы дербес VSD драйвері болады. Кез-келген құрылғы түрінің драйвері оның сұраныстарын Windows жүйесіне   жеткізеді.   Мысалы   VSD   драйвері дискорнатқыштың   қанша   уақытта   қажетті   жылдамдық алатындығын біледі.
  • Порт драйвері дәрежесі (Port Driver PD). Бұл драйвер құрылғылармен адаптер арқылы жүзеге асатын қарым-қатынас функцияларын орындайды. Бұл хабардың Windows — ты артта қалдырған кезінде өңделуінің соңғы сатысы, ал құрылғыдан келіп түскен хабардың алғашқы сатысы. Мысалы сіздің компьютеріңізде қатты дисктердің әрбір түріне (IDE секілді) арнайы жалғыз VSD драйвері, ал әрбір қатты диск адаптері (Windows 2000 термині бойынша “порт”) бір PD драйвері болу керек. егер сіздің жүйеңізде IDE қатты диск орнатылса, IDE адаптермен байланысу үшін Windows IDE – ң PD драйверін жүктейді. IDE PD дәрежесіне жақсы мысалдар: АТАРІ драйвері, IDE драйвері және РСІ шинасына арналған IDE кеңейтілуі. Сонымен қатар ATAPI интерфейсін қолдап, конфигурация қасиетінің парақтарын көрсететін IDE – ң әрбір каналының драйверлері бар.
  • SCSIizer бұл    дәрежеде     файлдық     жүйенің     SCSI командаларын іске қосады. Оның көметімен компьютер SCSI құрылғысына белгілі бір тапсырма береді. Бұл SCSI құрылғысы   өңдейтін  деректер емес, ол орындайтын операция. Widows 2000 жүйесінде әрбір SCSI құрылғысы үшін бір-бір SCSIizer модулі жасалған.
  • SCSI диспетчері.  Windows  2000  жүйесіне  “минипорт” драйвері үғымы енгізілген. Бұл ОЖ – ға күрделі өзгерістер енгізбей-ақ Windows 2000-ды әртүрлі компьютерлерге көшіруге арналған, қолданылатын       платформаға байланысты  драйвер.  Практикада  минипорт  драйверін қолданбас бұрын, Windows 2000 жүйесі драйверге түсінікті форматта өз командаларын тасымалдау керек болады. SCSI диспетчері осы функцияны орындайды.
  • Минипорт драйвері. SCSI құрылғысының қолдау табуын қамтамасыз етеді.  Минипотрт драйверінің әр түрін тек жалғыз құрылғы қолдана алды. Минипорт драйвері SCSI диспетчерінен бірге PD драйверінің     орындайтын тапсырмаларын   орындайды.   Windows   NT/2000   және Windows  95/98  жүйелеріндегі  қолданылатын  минипорт драйверлері бірдей.
  • Дискорнатқыш бақылаушысы (Адаптер). Бұл дискілік құрылғылармен компьютерді байланыстыратын физикалық құрылғы. Windows2000 жүйесі бақылаушылардың өте көп түрін қолдауы керек, PC-да қолданылатынын да, Alpha компьютерде қолданылатыныи да HAL дәрежесі Windows 2000-ң ішкі құралдары мен дискорнатқыш құрылғыларының байланысына мүмкіндік жасайды.