Windows 2OOO файлдық жүйесіне шолу

Windows 2000-ң өзінің файлдық жүйесі —NTFS. Кез-келген файлдық жүйе өз кезінде белгілі бір мақсатпен жасалады.Сол секілді FAT файлдық жүйесі шын мәнінде Unix базасында жасалған.Microsoft корпорациясы DOS жүйесін жасағанда ол үшін файлдық жүйе керек болды, соңында FAT жүйесі дүниеге келді.Жасау кезінде 12-разрядты орналастыру сызбанұсқасы қолданылып,қатты диск мөлшері 32МБ-тан асқан кезде қиындықтар туды. FAT-тың келесі версиясында 16-разрядты кесте элементтері қолданылады да,қолданушы үлкенірек бөлімдер жасауға мүмкіндік алады,бірақ соңында 16-разрядты жолдар да тым кіші болып шықты,сондықтан FАТ16-дан FAT32-гe өту керек болды.Жаңа нұсқа OSR2(OEM Service Release 2)версиясында көрсетілген.

Wndows 98-де FАТ32-ні қамтамалау қалыпты жағдайға айналды.Сонымен FAT-тың З әртүрлі сызбанұсқалары бар:12-разрядты,16- разрядты,32-разрядты,ал қолданушыға үшеуі жалғыз болып көрінеді.

OS/2 жүйесі пайда болғанда Microsoft компаниясы жылдамырақ жұмыс істейтін жүйе керектігінен НРҒS(Өндіргіштігі жоғары файлдық жүйе)пайда болды.Диск жайындағы ақпараттың оның соңында ғана жиналатындығы қиындық тудырды.Дисктің бір жағындағы ақпаратқа қол жеткізу үшін дискілік құрал-жабдықты интенсивтірек қолдануға тура келді.Соның әсерінен жалпы өндіргіш күш әлсіреді.Сонымен қатар тізімнің сызықтық құрылымы разрядты FAT каталогтартары сондай болып табылады.Ақпарат іздеуге ыңғайлы eмec.HPFS файлдық жүйесі каталогтар құрылымы үшін бинарлы бұтақтар түрін қолданады.Осының          арқасында          қол          жеткізу,іздестіру

жылдамдықтары артады. Бинарлы бұтақ-диспетчерлер мен деректер қоры файлдарында көп қолданылатын арнайы бағдарламалық құрылым.Сонымен қатар HPFS файлдық жүйесі жоғарғы дәрежелі сенімділігімен ерекшеленеді.

Wndows NT жүйесі(онан соң Windows2000) Microsoft компаниясының жаңа файлдық жүйе жасауына түрткі болды.НРFS-тен NTFS-файлдық жүйесі өте күрделі файлдар мен бөлімдерді қамтамалай алатындығымен ерекшеленеді.

Windows 95/98 жүйелері пайда болған кезде қолданушылар ұзын атты файлдармен жұмыс жасауға ынталы болды,бірақ Microsoft FAT жүйесін сақтамақшы болды,сондықтан жаңа VFAT файлдық жүйесі пайда болды.VFАТ аты ұзын файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Windows2000-ғы FAT жүйесінің жұмысы Windows95/98-ri VFAT жұмысына өте үқсас.

FAT жүйесінің бүгінгі күні де танымал файлдық жүйе болып қала беруінің себебі ол кез-келген ОЖ-мен қатынас жасай алады.Кез-келген IBM PC үшін ең қол жеткізу оңай файлдық жүйе- FAT.Компьютерде бірнеше ОЖ орнатып,олардың кез-келгені арқылы FAT-пен жұмыс жасауға болады.

FAT жүйесінің кемілігі-оның сенімсіздігі.Оның орналастыру кестесі жалғыз жерде,бөлімнің алғашқы бөлігінде орналасады. FAT кестесімен түпкі каталог дисктің белгілі бір аумағында орналасуы керек.Осыған байланысты әрдайым кестені жаңалап тұру қажеттілігі туады.Қазіргі кезде қатты дисктердің үлкен мөлшерлерін есепке алсақ(8-ден 20МБ дейін),мұндай әрекеттер аса көп күш түсіреді.Кіші дисктер үшін оның айырмашылығы жоқ, ал FAT жүйесі диск өлшемі бүгінгілерден 500 есе кіші кезде жасалған.

NTFS жүйесінде NTFS каталогы маңында кішірек файлдар болады.Бұл файлдарды сақтауды ұйымдастырудың интеллектуальді жолының мысалы.Каталог маңында көптеген кішкентай файлдарды жинау диск фрагментациясымен файлдардың өлшеміне қарамастан,бүкіл томға орналастырудан тиімдірек.NYFS файлдық жүйесі MFT(файлдардың негізгі кестесі) пайдаланады,ал MFT- FAT кестесінің эквиваленті. Деректер қоры секілді жазбаларға бөлінеді және әрбір файлмен папкаға рәміздер тізімі мен орналасқан орны бір қана рәмізі болып табылатын енуді басқару кестесі (Access Control List, АСL)меншіктеледі. Егер деректер мөлшері 2КБ-тан кіші болса, Windows 2000 оны файлдар мен папкалардың қалған рәміздерімен бірге МFТ-кестесінде сақтайды. Сонымен қатар диск өлшемімен ондағы файлдармен папкалардың санына қарамастан МFТдискте бірнеше рет көшіріледі.

FAT файлдар жүйесі файлдарды жеткіліксіз интеллектуальды орналастырады. Бұл жүйе дисктегі алғашқы бос орынды таңдап соны толтырады, яғни бұл орынның тым кішкентай болуы мүмкін екелігіне қарамайды. Бұл жағдайда ақпаратты бөліктерге бөлуге тура келеді, ол бөліктерді өзара байланыстыру керек. Өзге сөзбен айтқанда жалғыз фактор — жазбаның тиімділігі, ал файлдар жиынының тиімділігіне назар аударылмайды. фрагментациялау қиындықтары туады, жүйелік қосымша күш түсіріледі.

FAT және NTFS файлдық жүйелерінде үйымдастырудың базалық бірлігі, кластер, қабылданған. FAT кластерлары тым үлкен, файлда қанша ақпарат бар екендігіне қарамастан ол тек бір кластер болады. Егер сіз RАМ-сөзінен ғана тұратын мәтіндік файл жасасаңыз, ол дискте тек 3байт ғана алады деп ойламаңыз. Диск кеңестігін рационалды емес қолдану қиындығына жаңа фактор да әсер етеді. Ол фактор – қатты диск мөлшері өскен сайын оның кластерінің өлшемінің де өсуі. Төмендегі кестеден FAT 16 файлдық жүйесінің үлкен дисктерде қолданылғанда қаншалықты тиімсіз екендігі байқалады.

Таблицадан көрсетініміздей өте кіші файл FAT 16 жүйесінде ескі 127 МБ қатты дискте 2048 байт, ал қазіргі дискте 131072 байт орын алады.

Кластырдың размері, КБ       Томның размері, МБ

4                                       0 — 5 (12 —разрядты схеманың орн)

2                                       16 – 127

4                                        128 – 255

8                                        256 – 511

16                                       512 – 1023

32                                      1024 – 2047

64                                      2048 – 4095

128                                    4096 – 8191

256                                    8192 – 16384

Сонымен қатар FAT дисксіндегі деректерге кез келген адам қол жеткізе алады, ал бұл жағдай көптеген компаниялар үшін ауыр қиындықтар туғызуы мүмкін. Дисктерде көп жағдайда қызметкерлер жайындағы құпия мәліметтер, патенттелген жобалар, бизнес — жобалар және көптеген тағы басқа ақпараттар сақталады да, дисктен жүктеліп, DOS командылық қатарында С:/ командасын жазған кез келген адам осы мәліметке қол жеткізе алады. NTFS файлдық жүйесі жоғарғы қауіпсіздік шараларын қолданады, ал FAT — тағы қауіпсіздік шаралары өте төмен дәрежелі. Онда жасырын файлдар мен тек оқуға арналған файлдар тәртібі қамтамасыз етіледі. NTFS файлдық жүйесі жоғарғы қауіпсіздігі мен қол жеткізу жылдамдығымен сипатталады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!