Windows 2000-ң файлдық жүйелері: ҒАТ және NТFS

Windows2000 үшін қандай файлдық жүйені таңдауға болады: NTFS(New Technology File System) не ескі және танымал FAT (File Allocation Table)?

NTFS жүйесінің FAT-пен салыстырғанда көптегсн артықшылықтары бар,бірақ егер сіздің қатты дисктеріңіздің өлшемі 1ГБ-тан кіші бөлімдерге бөлінсе,онымен FAT жүйесі жылдамырақ жүмыс істейді.Онымен қоса FAT жүйесі NTFS-тен бөлім мөлшеріне қарамастан дисктен кездейсоқ оқу операцияларының өнімділігінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Жылдамдылықпен қоса тағы маңызды белгілер-тұрақтылық пен қауіпсіздік.

Windows2000 базалық файлдық жүйенің екі нұсқасын ұсынады: FAT/VFAT(Virtual File Allocation Table-файлдарды орналастырудың виртуальді кестесі) және NTFS. FAT жүйесінің қамтамасы екі құралдан тұрады: FAT16 және FAT32.Coл секілді, NTFS қамтамасының екі құраушысы бар: NTFS4 жәнс NTFS5.

Файлдық жүйе қамтамасына тағы бір фактор әсер етеді, Windows95/98-тегідей емес Windows200-да әртүрлі құрал-жабдықтар платформасында жұмыс істеуге мүмкіндік бар.Осыған байланысты файлдар қамтамасының дәрежесі тандалған платформаға байланысты. Alpha процессорлы компьютерлерде FАТ-ты қамтамалау мүмкін емес,сондықтан NTFS-ті қолдану керек болады.

Windows2000-дa форматы FAT дискілерінде ғана емес,өзгелерінде де файлдардың аты ұзын болуы мүмкін.Мұндай үзын ат файлдармен DOS командалық қатарынан да Жолсерік терезесіндегідей қатынас жасауға болады. FAT файлдық жүйесіне Windows2000-дa қол жеткізу үшін Windows95/98-дe қолданылған DLL-кітапханаларының көбі пайдаланылады.Microsoft деректемесінде VFAT термині қолданылмайды,бірақ Windows2000-гі FAT файлдық жүйесінің қамтамасының дәрежесін солай атаған дұрыс болады.Windows2000-гі DOS командалық қатары термині DOS ортасын білдірмейді,сондықтан файлдың ұзын аттарын DOS терезесінде қолдануға болады.Егер нағыз DOS ортасын көргіңіз келсе, DOS жүктеуші дискімен компьютерді қайта жүктеңіз, бірақ бұл жағдайда ұзын аттар іске аспайды.