Windows 95/98 бен Windows 2000-ды салыстыру

Windows жүйесі пайда болған кезде корпоративті қолданушылар мен шағын кәсіпорындардың айырмашылығы аз болады,ал қазір дербес компьютерлер қолданушылары мамандандырылған есептеу орталарында жұмыс істейді.

Windows 2000 Professional ОЖ-сы көп күш түсірілетін компьютерлер үшін жасалған.Оның қүрал-жабдықпен қамтамасыз етуге қоятын талабы Windows 95/98-ге қарағанда жоғары,дегенмен оның көптапсырмалылығы мен қауіпсіздік дәрежесі Windows 95/98-ден жоғары. Windows 2000 өте көп есептер шығаруға және сапалы есептеуге мүмкіндік береді.Ол Windows 95/98-дің программалық модульдерінің 16-разрядтылығына байланысты,ал Windows 2000-ң негізгі құралдарының барлығына жуығы 32-разрядты.

Үй жағдайындағы компьютерді қолданушы қосымшалардың Windows 95/98-ге қарағанда Windows 2000-да 2-3 секундқа тезірек жүктелетіндігін байқамайды.Ал корпоративті қолданушылар бір уақытта өте көп қосымшалармен жұмыс жасайды.

Windows 95/98-ң қауіпсіздік жөніндегі мүмкіндіктері төмен сондықтан кәсіпорындар үшін көптеген мәселелерді шешу үшін қауіпміздікті толық қамтамасыз ететін ОЖ керек.Сонымен, Windows 95/98-ге қарағанда Windows 2000 қауіпсіз және сенімдірек.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!