Нөмірлі тізімдер

Нөмірлі тізімде браузер өзі нөмірлерді қояды. Егер осы тізімнің бір нөмірін алып тастасақ, онда қалған нөмірлер автоматты түрде өзгереді. Нөмірлі тізім <ol> ярлыкпен ашылады да, </ol> ярлыкпен жабылады. Әр бір элемент <li>, </li>  ярлыктармен белгіленеді. Type, start, compact – команданың атрибуты.

TYPE –  атрибуты нөмірдің түрін көрсетеді.

А” – үлкен латын әріптері;

а” – кішкентай латын әріптері;

I” – үлкен рим цифрлар;

і” – кішкентай рим цифрлары;

1“- араб цифрлары.

Егер жылжыту экран  берілмесе тізім араб цифрларымен жазылады.

START – атрибуты тізім қандай саннан басталатынын көрсетеді. Ол бүтін сан болуы керек.

COMPACT атрибуты тізімге компакті алгоритмді қолдануға мүмкіндік береді.

Мысалы:

<ol  type=”1″  start=”5″>

<li> Бекзат </li>

<li> Асем </li>

<li> Камшат </li> </ol>