Аталған және аталмаған арналарға кіріспе

Аталмаған арналар – 1973 жылы Unix-тің үшінші версиясында шыққан IPC-дің алғашқы формасы. Көп жағдайдағы падалылығына қарамастан аталмаған арналардың басты кемшілігіне аттың жоқтығы жатады. Осының әсерінен олар тек туыстас үрдістер қатынасы үшін ғана пайдалануы мүмкін. Бұл жағдай Unix System III-те кейде аталған арналар деп аталатын FIFO каналдарын қосу арқылы түзетілген еді. Аталған және аталмаған арналарға қатынау құру үшін қарапайым read және write функциялары қолданылады.

Ескерту. Программалық арналарға бір-біріне дескриптор беру мүмкіндіктерін берсек, олар туыстас емес үрдістер тарапынан пайдалануы мүмкін. Бірақ практикада бұл араналар ортақ туыстасы бар үрдістер арасындағы қатынасты құру үшін қолданылады.