Турбо Паскаль жайлы жалпы мағлұматтар

Турбо Паскаль тілінің идентификаторлары (ТП). ТП Идентификаторлары дегеніміз өндірісте пайдаланылатын терілген символдардың жиынтығын айтамыз. Идентификаторларға қойылатын негізгі шарттар (талаптар):

  • Идентификатор латын әліпбиінен және сандарынан тұрады.
  • Идентификатор әріптен а1 деп басталуы тиіс {“а1”, а бірақ керісінше емес “1а”}.
  • Идентификатор өте үлкен көлемдегі кез келген логикалық символдардан тұруы мүмкін, бірақ оның тек алғашқы 63 ғана танылады.
  • Қызметтік сөздерді идентификатор ретінде пайдалануға болмайды.
  • Идентификаторларды жазғанда бос орындарды жазуға болмайды.

Турбо Паскаль тілінде программалаудың ережелері мен жалпы түсініктері:

  • Программа Турбо Паскаль операторларынан құралады, олар “;” символымен ажыратылады.
  • Топ операторларын ерекшелеу үшін операторлық жақшаларды пайдаланамыз: begin…..end.
  • Бірнеше операторлар жақшасындағы операторларды құрамдық операторлар деп атаймыз.
  • Программа мәтінінде фигуралық жақшаларда комментарияларды жазамыз, олар программа орындалуына кедергі келтірмейді.

Турбо Паскаль тіліндегі программалық структурасы: программаның негізгі бөліктерін қарастыралық. Uses – программада қол жетерлік операторлар жиынын пайдалану кеңейтілулері үшін ішкі кітапханаларды қосу. Мысалы:

  • UsesDOS, Crt, Graph, Printer; {Төрт стандартты модульдердің қосылуы:
  • DOS – операциялық жүйе командаларының программада пайдаланылуы.
  • Crt – енгізу-шығару мүмкіндіктерінің кеңейтілулері, дыбыстық генераторды пайдалану.
  • Graph – графикалық процедуралар мен функциялардың қосылуы.
  • Printer – баспаға шығаруға оңай қол жеткізу.}

Мысалы. Келесі программа баспаға шығарудың оңай жолын жүзеге асыруды орындайды.

  • UsesPrinter; {модульдің қосылуы}
  • begin
  • Write(‘привет’); {“привет” сөзі экранға шығарылады}
  • Write(lst,‘привет’); {“привет” сөзі принтерге шығарылады}

Const (константалар). Бұл сипаттау бөлімінде идентификатормен программа орындалуы кезінде өзгермейтін мәндері беріледі. Мысалы:

  • Const
  • a=4; {сандық константа}
  • b=’A’; {символдық константа }
  • s=’ABBA’; {жолдық константа }
  • b1=false; {логикалық константа }
  • M:array[1..4] of integer=(1,5,6,7); { константалар массиві}.

Type (деректер типі). Суретте Турбо Паскаль тілінің негізгі деректер типі көрсетілген.

Сhar – символдық айнымалысы. Символдық тип мәні көптеген дербес компьютерлердің символдары. Әрбір символға 0…255 диапазоны аралығындағы бүтін сандар жазылады.

Boolean – логикалық айнымалысы. Логикалық тип мәні жарияланған тұрақтылардық бірі болуы мүмкін (False – жалған, True – шындық).

Массив – array – массив деректер типі бір идентификаторға бірнеше мән тағайындауға мүмкіндік береді, олар бір-бірінен реттін номері бойынша ерекшеленеді. Массив элементінің номері идентификатордан кейін квадраттық жақшаға алынып жазылады {M[5] – М массивінің бесінші элементі}. Массивті сипаттағанда массивтің элементтер номерінің диапазоны көрсетіледі және әрбір элементіне қатысты типі. Массивтер бір өлшемді, екі өлшемді және өте көп өлшемді болуылары мүмкін. Мысалы:

  • Var {массивтердің сиаптталуы}
  • M: array [1..5] of integer; {М бір өлшемді массиві элемент номерлері 1-5 дейін, бүтін сандардан құралған}
  • M1: array [2..3,11..15] of char; { М1 екі өлшемді массиві жол номерлері 2-3 дейін, бағана номері 11-15 дейін, символдардан құралған}
  • Begin {массивті толтыру}
  • М[2]:=100; {М сандық массивінің екніші элементіне 100 мәні тағанындалады}
  • М1[2,3]:=’d’; {М1 символдық екі өлшемді массиві элементтері екінші жол мен үшінші бағана үшін ’d’ мәні тағайындалады}

 String – жолдық айнымалы. Жолдық типтегі айнымалылар бірнеше символдардан тұрады. Мысалы:

  • Var s:string; {s идентификаторының жолдық айнымалы ретінде сипатталуы}
  • Begin
  • s:=’Привет’; {жолдық айнымалы мәнін беру}
  • Writeln(s); {“Привет” сөзін экранға шығару}

Var – программада пайдаланылатын барлық иденитификаторлар сипатталуы керек. Иденитификаторды сипаттап, деректер типін көрсету. Мысалы:

  • Var
  • x,y:real; { x,y идентификаторлары – реальді тип айнымалылары}
  • i,j,k:integer; {i,j,k идентификаторлары – бүтін тип айнымалылары}
  • M:array [1..4] of char; {M – бір өлшемді массив 4 элементтер тұрады}
  • M1:array [1..3,1..4] of byte; {M1 екі өлшемді массив бүтін типті 12 элементтен тұрады}
  • Type
  • re=real; {жаңа типті сипаттау: re идентификаторы – реальды тип}
  • Var
  • z:re; { z идентификаторы –re типінің айнымалысы, яғни реальді тип}

Негізгі программа – ережеге сүйенсек 3 бөлімнен тұрады:

  1. Шығыстық деректерді енгізу.
  2. Есептеу.
  3. Қорытынды есептеу қорытындысын шығару.

Негізгі математикалық сәйкестіктер және Турбо Паскаль операциялары:

  • + {қосу}
  • – {алу}
  • * {көбейту}
  • / {бөлу}
  • = {теңдік (типтер мен тұрақтыларды сипаттағанда пайдаланылады және т.б.)}
  • := {меншіктеу}
  • > {үлкен}
  • < {кіші}
  • >= {үлкен немесе тең}
  • <= {кіші немесе тең}
  • <> {тең емес}.

Турбо Паскальда амалдардың жазылуы төмендегідей:

АмалдарАмал атыМатематикалық жазылуыТР-да жазылуы
+Қосу10+2110+21
АзайтуА-ВА-В
*Көбейту32 Х 532 * 5
/Бөлу50 : 550 / 5
DivБүтіндей бөлу 18 div 9
ModҚалдықты бөлу 22 mod 7