MS-Access-те мәліметтер қорының сұраныс түрлері

Сұраныс – бұл іздестіруге қойылатын талап, мәліметтер қорында берілгендерді өзгерту және өңдеу болып табылады. Сұраныстарды өрістер көзі ретінде берілгендерге ену үшін формалар, есептер және беттерге қолданылады. Сұраныс Access-те мәліметтер қоры (МҚ) файлында сақталатын және бірнеше рет орындалатын обьект болып табылады.

Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар:

таңдалынатын сұраныстар;

параметрлі сұраныстар;

қиылысатын сұраныстар;

өзгертілетін сұраныстар (кестелерді құру үшін сұраныстар, өшіру, жаңарту, өрістерді қосу);

SQL сұраныстары (біріктіруге сұраныстар, серверге сұраныстар, басқарылатын сұраныстар, бағыныңқы сұраныстар).

Таңдалынатын сұраныстар қолданушы қойған талап бойынша кестелерден берілгендерді таңдау үшін қолданылады. Сұраныстың нәтижесі динамикалық кесте болып табылады.

Қарапайым сұраныс – таңдау жүргізу үшін бір базалық кесте қолданылатын таңдалынатын сұраныс. Қарапайым сұраныстар берілгендерді элементарлы өңдеу үшін қолданылады.

Күрделі сұраныс –бұл берілгендерді әртүрлі кестелерден және сұраныстардан, сонымен қатар әртүрлі мәліметтер қорынан бір жүйеге біріктіруге мүмкіндік беретін сұраныс. Мұндай сұраныста кестелер ішкі, сыртқы, рекурсивті байланыстар және қатынас бойынша байланысуларды қолдану арқылы бір бірімен байланыса алады. Бұл сұраныстың көмегімен кестені құруға, жаңартуға, өшіруге болады, әртүрлі сұрақтарға жауап алуға болады.

Ішкі байланыстар көбінесе таңдалынатын сұраныстарды құру үшін қолданылады. Егер кестелер «бірден-көпке» қатынасымен байланысса онда бұл байланысу бір кестенің алғашқы кілттік өрісінің мәніне және басқа кестенің сыртқы кілтінің мәніне негізделеді. Сұраныстың нәтижесі ретінде бағыныңқы кестедегі («көп» кесте) сәйкес өрістерден тұратын бас кестенің («бір» кесте) барлық өрістері түседі. Ішкі байланысулар динамикалық жинақтамада сәйкес өрістерді кестелердің біріктірілген өрістері ретінде бір өріс сияқты көрсетеді. Мұндай түрдегі байланысулар егер де кестелерде атаулары бірдей өрістер болса және типтері сәйкес болса, сонымен қатар өрістердің біреуі кілттік болса немесе байланысу Берілгендер схемасында анық берілген болса онда кестелер арасындағы байланыс автоматты түрде жүзеге асады.  «Келісімді типтер» көп жағдайда біртекті типтерді білдіреді. Бұл жерде Счетчик типінің ғана қатысы жоқ, ол ұзын бүтін өлшемінен немесе репликация кодынан тұрады және сәйкес өлшем бойынша сандық өрістермен байланыса алады. Access-те ішкі байланыстарды көрсету үшін INNER JOIN резервтелген сөзі қолданылады.

Бір кестенің барлық өрістерін және екінші кестеде байланысқан өрістер сәйкес келетін кейбір өрістерді біріктіру үшін сыртқы байланысуды қолданады. Access-те оң (RIGHT JOIN) және сол (LEFT JOIN) сыртқы байланысулар қолданылады. Кестелерде сол жақ сыртқы байланысуға негізделген сұраныстар бас кестенің («бір» кесте) уникалды кілттік өрісі бар барлық өрістерді бағыныңқы кестенің («көп» кесте) байланысқан өрістерінде сәйкес мәндердің болуына тәуелсіз көрсетеді. Кестелерде оң жақ сыртқы байланысуға негізделген сұраныстар көп кестенің барлық өрістерін бас кестеде олармен байланысқан сәйкес мәндер бар-жоғына тәуелсіз көрсетеді. Көп жағдайында кестедегі өрістер бір кестесіндегі байланысқан өрістері жоқ өрістерді әдетте тәуелді өрістерге жатады. Сондықтан да сыртқы байланысулар МҚ-ның қолдау жүйесінде кестелерден «тәуелді» өрістерді жою үшін және уникалды мәндері бар өрістерден тұратын жаңа кестелерді құру нәтижесінде берілгендерді дубльдеу үшін қолданылады.

Рекурсивті байлданысулар (өздігінен бірігу) бір кестедегі берілгендерді байланыстырады. Access-те өздігінен бірігулер көшірменің өрістерінің кезекті бірігуінен тұратын кестенің дубликатын сұранысқа қосу нәтижесінде құрылады.

Қатынас бойынша байланысу (тэта-байланысу) (=) теңдік операторынан ерекшеленетін салыстыру операторының көмегімен берілгендерді байланыстырады.

Өзгертулерге сұраныс – бұл сұраныс арқылы сұраныстар кестелерінен мәліметтер қорының жаңа кестелерін құруға және кестелерге айтарлықтай өзгертулер енгізуге болады. Мұндай сұраныстар кестелерге жаңа өрістерді қосуға және өшіруге мүмкіндік береді немесе сұраныс конструкторында құрылған қосымшалар арқылы өрістерде өзгертулер енгізуге болады.

Қиылысатын сұраныстар –  бұл сұраныстың талабы бойынша бір немесе бірнеше кестелерде соңғы есептеулер орындалады және нәтижелер ағымдық кросс-кесте түрінде беріледі. Жолдар және бағаналар кросс-кесте болып аталады. Қиылысқан сұраныстар мысалы: орташа сағаттық төлемдерді анықтау; жұмыс түрі бойынша және облыс атауы бойынша топтастыру; өнімнің әр түрі бойынша ай бойынша жалпы сатылу суммасын анықтау.

Параметрлі сұраныстар.Мағынасы және құрылымы бойынша көп аналогты сұраныстарды болдырмау үшін, бірақ сұрыптау шарты бойынша әртүрлі мәндері бар сұраныстарды құру үшін параметрлі сұраныстар қолданылады.  Параметрлі сұраныс жалғыз бір сұраныс құруға мүмкіндік береді, ол Access осы сұранысты іске қосқан сайын көрсететін диалогты терезе арқылы сұрыптау шартын енгізуге мүмкіндік береді. Параметрлі сұраныстар сұраныстардың жеке типі бола алмайды себебі параметрлі сұраныстар функциясын басқа параметрлі сұраныстар типіне қосуға болады.