Кестелерді даярлау, түзету және олармен жұмыс жасау

Мәтіндік редакторларымен жұмыс істеу барысында реттелген информацияны жиі пайдаланамыз. Осындай реттелген, ықшам информацияны құжаттарды  сақтаудың ең бір қолайлы тәсілі кестелер (таблица) болып табылады.  4-суретте кестелерді пайдаланудың мысалы ретінде үзінді келтірілген. Сондай-ақ кестелер әртүрлі тізімдер мен тізбелерді қаржы ақпараттарын көрсетуде және басқа да осындай мәселелердің көптеген түрлерін шешуге жиі пайдаланылады. Кестелердің ішінде информацияларды қабылдауды жақсартуға арналған графикалық иллюстрациялар да тұруы мүмкін.

Word редакторы жұмыс кезінде көптеген практикалық есептердің орындалуын жеңілдететін, әртүрлі амалдар жиынын орындай алатын кестелерді ыңғайлы пайдалану жолдарын ұсынады. Кестелермен жұмыс істеуге арналған командалар кестені даярлау мен оны өңдеуді жеңілдетуге, сондай-ақ ондағы сақталынған мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік береді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!