Қорғалған iшкi жүйелерi

«Сервер» терминi әр қорғалған iшкi жүйе программалары пайдалана алатын API қамтамасыз етедi дегендi бiлдiредi. Қосымша (немесе басқа сервер) кейбiр процедуралар шақырғанда осы процедураларды локальды шақыру құралдары көмегiмен хабар жiбередi (Local procedure call, LPC) — NT- ң атқарушы жүйесiнiң оптимистендiрiлген механизмi хабарларды локальды беру үшiн, шақырушы программаға жауап хабар жiбередi.

Windows NT-де қорғаушы iшкiжүйесiнiң екi типi бар:

1.Ортаның iшкiжүйесi

  1. Құрамдас iшкiжүйесi (integral gulsystems)

Ортаның iшкiжүйесi — API жүзеге асырушы пайдаланушы режимiнiң серверi. Қосымша API шақырғанда LPC арқылы орта iшкiжүйесiне жеткiзiледi. Ол шақыруды орындап, басқа LPC-пен қолданбалы процеске нәтижесiн жiбередi.

Windows NT-ң ең маңызды орта iшкiжүйесi API қолданбалы программаларына 32-разрядты Windows беретiн Win32 болып табылады. Сонымен бiрге Win 32 iшкiжүйесiнiң ортасы Windows NT-ң пайдаланушының графикалық интерфейсiн жүзеге асырады және пайдаланушының енгiзуiмен қосымшалардың шығаруын басқарады. Windows NT-де сонымен бiрге мынадай орта iшкiжүйесi бар: POSIX OS/ 2 16 — разрядты Windows және MS-DOS (соңғы 1.1 суретiнде көрсетiлмеген). Бұл iшкiжүйелер өздерiнiң API ұсынады, бiрақ пайдаланушы енгiзуi үшiн Win 32 iшкiжүйелерiн пайдаланады.

Басқа қорғалған iшкiжүйелер — ажырамас iшкiжүйелер — ОЖ маңызды қызметiн орындайтын серверлер. Windows NT-дi жасап шығару процесi кезiнде кейбiр ажырамас iшкiжүйелер пайда болып, жоғалып жаттады, бiрақ бiр iшкiжүйе әрқашан бар болды, ол қорғаушы iшкiжүйесi. Қорғаушы iшкiжүйесi пайдаланушы режимiнде орындалады және локальды компьютерлерге арналған кiру ережесiн тiркейдi.

Мысалы, пайдаланушылардың қандай есеп жазбалары ерекше артықшылыққа ие, қандай жүйелiк ресурстарға кiрудi тексеру керек және хабарлар генерацияға ұшырау керек пе немесе тексерудi ескертудi генерацияға ұшырату керек пе? Сонымен бiрге қорғаушы iшкiжүйесi пайдаланушылардың есептiк жазбаларының мәлiметтер базасын жүргiзедi. Онда пайдаланушылардың идентификаторлары, парольдер, пайдаланушы жататын К тобы және ол ие ерекше артықшылықтары көрсетiледi. Және ол пайдаланушының тiркеу ақпаратын қабылдайды және пайдаланушының жүйеге қосылуын аутентификациялауын иницирлейдi.

Windows NT-ң кейбiр торабтық қамтамасыз ету компоненттерi қорғаушы iшкiжүйесi ретiнде жүзеге асырылған, олардың екеуiн атап өтуге болады: жұмыс станциясының сервисi және сервер сервисi. Бұл торабты iшкiжүйелернiң әрқайсысы (services) API-ды кiру және басқару үшiн жүзеге асыратын пайдаланушы режимiнiң процесi болып табылады, яғни LAM Manager серверi және торабтық редиректор болып табылады.

 Редиректор – файл немесе құрылғы локальды болмаған жағдайда торап бойына ену –шығу сұранысын жiберуге жауапты торабтық компонент болып табылады. Жайылған машинада бұндай сұраныстар сервермен қабылданады. Редиректор де, LAM Manager серверi де файлдық жүйе драйверлерi сияқты жүзеге асырылған, яғни төменде сипатталатын NT-ң енгiзу-шығу жүйесiнiң бөлiгi болып табылады.