Есеп беру конструкторы терезесіндегі жолақтар саны

Есеп беру конструкторын барлық жұмыс аймағы бөлгіш жолдармен шектелетін үш жолаққа бөлінген. Жолақтың аты бұл жолдың бөлгіш жолының астында орналасқан жолда көрсетіледі. Есеп беруде деректерді топтау, оғна бірінші парақты және нәтижелік деректерді қосу үшін пайдаланғанда қосымша жолақтар пайдаланылады. Әрбір жолақта мәтін, кестелік және есептелетін өрістер, сызықтар, тіктөртбұрыштар, суреттер сияқты басқару элементтері бар болады.

Есеп беруде қолданылатын мүмкін жолақтар саны 5 кестеде келтірілген. Оның негізгі атқаратын қызметі жолақта орналасқан объектілердің қайда басып шығарылатынын анықтайды.

Есеп беру жолағының типтері

Жолақтың аты Атқаратын қызметі
Title (Титул) Бұл жолақта негізгі есеп берудің алдында пайда болатын ақпарат орналасады. Бұл есеп берудің бірінші бетінде орналасуға қажетті есеп берудің аты немесе кез келген дерек болуы мүмкін
Page Header

(Жоғарғы колонтитул)

Есеп берудің бұл жолағы жоғарғы колонтитул деп аталады. Бұл жолақтың деректері әрбір бетінің басында шығарылады. Басқару элементінің мысалы ретінде есеп берудің атын, ағымдағы датаны, бет нөмерін және т.б. жатқызуға болады
Group Header

(Топ үстінде)

Бұл жолақта топтау кезінде пайдаланатын ақпарат шығарылады. Топтау кезінде топ оған дейін шығарылатын жоғарғы жолақтары болуы мүмкін. Олар топтаудың әр деңгейінде орналасқан ақпаратты идентификациялауға көмектеседі
Detail (Детальдар) Бұл жолақта кестедегі өрістердің деректері немесе олармен орындалғна есептеу операцияларының нәтижесі орналасады
Group Header

(Топ төменде)

Бұл жолақта топ туралы ақырғы ақпарат орналасады
Page Footer

(Төменгі колонтитул)

Төменгі колонтитулда есеп берудің аты, датасы, парақ номері және ағымдағы парақтың деректері бойынша ақырғы мәндері шығарылады
Summary (Нәтижелер) Есеп берудің нәтижелік бөлімінде негізгі есеп беруден кейін бір рет қана пайда болатын және ақырғы мәндері бар немесе соңғы мәтіні бар ақпарат орналасады

“Сатып алушыға ” арналған есеп беру құрылымымен  анықталады