Internet Explorer дегеніміз не

Internet Explorer –бұл Internet-те саяхат жасау үшін қоллданылатын , браузер деп аталатынарнайы программа. Браузерді компьютерге орнатпайынша, Internet-пен байланыс орнату мүмкін емес. Бұл программа көрсетілген URL-адрес бойынша сізге керекті әріптеспен байланыс орнатуы, бүкіл World Wide Web бойынша керекті Web-бетті іздеуді және келіп түскен ақпаратты сізге ыңғайлы түрде көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс. Internet Explorer-ды Microsoft корпорациясы құрастырып шығарды.Бұл браузерлердің алғашқысы Internet Explorer3 1995-жылдың соңына қарай пайда болып, ол Windows 95 операциялық жүйесінің құрамына енгізіліп, қолданушыларға сол операциялық жүйемен бірге ұсынылды. Кейінірек Microsoft компаниясыны, Windows 98 операциялық жүйесіні, интерфейсі де Internet Explorer 4.0 браузеріні, интерфейсі негізінде құрастырылды. Алайда Internet Explorer 4.0-ді , Windows 98 операциялық жүйесінен бөлек шығарылатын нұсқалары да бар. Сол үшін сіз оны Windows 95 және Windows 95 OSR2 операциялық жүйелеріне о,акй орната аласыз. Internet Explorer-дан басқа қолданушылар арасында Netscape Communications фирмасының Netscape Communicator браузері да кең таралған. Netscape браузерлері жеке программа болып шығарылады. Internet Explorer браузерінің артықшылықтары: оның әр-түрлі мемлекеттерге арналған локальды нұсқалары бар. Әрі бұл браузерлер Ашық әрі тегін таратылады. Бірақ бұл браузерлердің бір кемшілігі, опретивті жұмысты басқаруды бақылауды мүмкіндігінің төмендігі. Ал Netscape браузерлерінің бұндай кемшілігі жоқ.Сол үшін кәсіби адамдар көбінесе Netscape браузерін қолданады. Бірақ сіз екі браузерді де орнатуыңыз мүмкін.Олар бір-біріне кедергі келтірмейді.