Желіге қосылу

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс – мұнда жеке компьютер тікелей ТСР/ІР желісіне қосылған түрде болады, бұл ІNTERNET-тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс белгіленген немесе тұрақты тікелей байланыс түрі деп аталады.

Белгіленген немесе тұрақты байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде маршрутизатор орнатып, маршрутизаторды ІNTERNET-ке қызмет ететін компьютермен қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен ІNTERNET арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компанияның компьютерімен байланысуға телефон шолу қажет емес, жалпы желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне ІNTERNET арқылы мәлімет жібере береді.

Қосылып тұратын тікелей байланыс көбінесе SLІP, CSLІP немесе PPP деп аталады. Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да ТСР/ІР секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға

негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.
Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына SLІP  (арзан болғандықтан)

қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, SLІP пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.

Почталық байланыс. ІNTERNET-пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe Amerіca Onlіne болып келген компьютерлер бірден Іnternet-пен почталық байланысқа кіре алады.

Олар өз почтасын Іnternet-ке беріп,одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде почта адресі алдына Іnternet деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LІSTSERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік шлюздер (network gateways) деп аталады, олар Іnternet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.