URL адресі

URL ұғымы «Uniform Resource Locator» деген сөзден шыққан, яғни «ресурстардың әмбебап атауы» деген ұғымды білдіреді. Бұл желіге қосылған компьютерлердің Web-тегі адресін нақты, әрі дәл белгілеп, олардың орналасуын ыңғайлы және бір мәнді түрде анықтайтын адрестеу тәсілі. URL адрестерін көрші бөлмедегі достарыңызға немесе Австралиядағы таныстарыңызға жіберуіңізге болады, соның нәтижесінде олар да сол ақпараттарды сіз сияқты пайдалана алады. Бұл адрестер почталық адреске не телефон нөміріне өте ұқсас.

Гиперорталарды (HTTP://) сипаттайтын, Gopher (Gopher:// мен FTP (FTP://)) ресурстарын, жаңалықтар топтарын электрондық хабарландыру тақталарын (News://) т.б. сипаттайтын  URL адрестері бар. URL кез келген ресурстың орналасуының нақты анықтаушысы. Қысқаша айтқанда, ол – көру программа (броузерлерге) белгілі бір іс-әрекетті орындататын нұсқау. Мысалы, мынадай адрес URL:http://www.rophet.ru  /ogonyek/ – Огонек журналы сайтының Интернеттегі адресі. Осы адресті броузердің адрестер өрісіне енгізсек, Огонек журналының алғашқы іске қосу (бастапқы) парақтарын оқимыз.

«URL адресі табылмай жатыр» деген хабарлама шықса, не істеу қажет? Ол әлі аяқталмаған, әлде қате терілген URL адресі енгізу кезінде (енгізгеннен кейін) оның дұрыс екеніне көз жеткізу керек. Терілген URL адресінің ішінде бос орын болмауы тиіс.