Usenet реферат

Usenet бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, дәлірек айтқанда анархиялық жүйелер тобы. Жаңалықтар басқа желілердің хабарландыру тақталарындағы мәліметтерге ұқсайды. Басында Usenet бірнеше комьютерден тұратын UUCP желісі болатын. Usenet Internet ішінде орналасады, дәлірек айтсақ, оның жартысынан көбі Internet-те жазылған.

Жаңалықтар тобы (newsgroups). Usenet-тегі жаңалықтар тобы – дүниежүзіндегі адамдардың пікірлесетін, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондықпікірталас топтары. Мұндай жаңалық топтарында белгілі бір тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды оқуға болады, олар әр түрлі тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегі жаңалықтар ретінде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларңызды мақала ретінде жариялауыңызға болады. Бұлар құрама сөздер арқылы белгілі бір тақырыптарға топтастырылады, мысалы, rec.sport.basketball.college тобы, мұндағы, rec – sport аталмыш тақырыптың спортқа арналған бөлігін көрсетіп тұр.

Internet-пен жаңа ғана байланыс құрымды, енді жұмысты қалай бастасақ екен? Уақытты, әрі ақшаны бекер жоғалтпау үшін, алдыменжұмыстың сценариін жасап алған дұрыс: WWW-ден не тапқыңыз келетінін алдын-ала нақты анықтап алыңыз да, Web-ке кіріңіз, іздеу машинасының ішкі парағына ауысыңыз да, мәліметті тауып алыңыз. Бұны өзекті бір ғана сөз енгізу жолымен немесе арасында «+» таңбасы қойылған бірнеше сөздер арқылы да іздеуге болады. Іздеу тақырыбы көпшілік қызығатын мәселелердің бірі болуы мүмкін, мысалы, футбол, белгілі бір шикізат, не өнім, әлде бір мекеменің, басылымның немесе атақты адамның аты да іздеу негізі бола алады. Іздестіруді қайталау керек болып қалу ықтимал, әйтпесе кездескен қиындықтарды шешу үшін сізге көмек керек болуы да мүмкін. Керекті ақпараттар табылса, олардың ішкі беттеріне кіріңіз. Еш нәрсе табылмаған жағдайда, іздестіруді басқа сөздер арқылы жүргізу қажет. Өзіңізге белгілі URL адресін енгізіп, ондағы мәліметерді көруге де болады.