Іздеу серверлері

Интернет жүйесіндегі мәліметтерді милиондаған мекемелер даярлайды. Олардың кейбіреулері өз мәліметтерін 3-5 минут сайын жаңартып отырады. Осындай ақпарат мұхитында керекті мәліметті қалай тауып алуға болады?!

Мұндайда көмек беретін іздеу серверлері бар. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың және парақтардың адрестері сақталады.

Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары (Directories) мен машиналары (search engines) бар. Олар сатылы құрылымдардан тұрады. Керекті құжат төменгі деңгейлерден біртіндеп анықтау тәсілімен ізделеді. Мысалы, сервер – каталогтың алғашқы деңгейінде Қаржы, Білім, Компьютерлер атаулары болса, Қаржы ұғымының екінші деңгеінде – Биржалар, Компаниялар, Банктар тәрізді сөздер кездеседі. Ал, үшінші деңгейде – банктар ұлттық, жеке меншіктегі, акционерлік т.б. топтарға бөлінеді. Осыылай пирамида тәрізді біртіндеп керекті ұғымды айқындай отырып, қажетті мәліметтерді жылдам тайып алуға болады.

Каталогтар құжаттарды спорт, машиналар, ойындар тәрізді жалпы атаулар арқылы іздеуге ыңғайлы. Дегенмен, каталогтар Интернеттегі мәліметтердің тек бір бөлігін ғана қамтиды. Жетіспейтін мәліметтерді іздеу машиналары деп аталатын серверлер арқылы тауып алуға мүмкіндік бар. Көпшілікке танымал іздеу машиналарына мыналарды – Alta Vista, Yahoo, Lycos, Rambler, Yandex, IntoSeek, HotBot, Exsite – жатқызуға болады.

Мысалы, бізге қашықтан оқыту жөнінде құжаттар керек болсын делік. Ол үшін Rambler іздеу машинасын пайдаланайық та, адрестік өріске оның алдын ала анықталған мынадай адресін енгізейік: www.rambler.ru. Іздеу машинасы терезесінің сұраныс қатарына (строка запроса) мынадай өзекті сөздерді (ключевые слова) – «қашықтан» + «оқыту» («дистанционное» + «образование») енгіземіз де, іздеу батырмасын шертеміз. Сонан кейін іздеу машинасы өз базасынан көрсетілген өзекті сөздер кездесетін құжаттарды іріктеп таба бастайды. Сұранысты одан әрі айқындай түсу мақсатында тағы да бір немесе бірнеше сөз енгізуге болады. Өзекті сөздер көп болған сайын іздеу де сапалы бола бастайды. Егер қостырнақшаға алынған құрама сөздер енгізсек, онда машина сол сөздер кездесетін құжаттарды тауып береді. Мысалы, «Ресейдегі қашықтан оқыту» сөздерін енгіздік делік. Rambler құрамында осы сөздер бар көптеген құжатарды тауып береді, олардан Красноярск, Томск, Новосибирск университетінде қашықтан оқыту жүйелері бар екенін көреміз. Тышқан курсорының ашылған алақан бейнесіне айналу активі аймақтың көрсетілленін мегзейді де, сол сәтте тышқан шертілсе, онда сол сөзбен гипермәтін түрінде байланысқан жаңа құжат немесе Web – парағы ашылады. Осындай бір сөзбен гипермәтін түрінде байланысқан басқа құжат ашылсын делік, оны тез қарап шығып, керексінсек, көшірмесін жұмыс үстеліне орналастырамыз да, кейін желіден шыққан соң, асықпай ол құжатты зерттеп шығуға мүмкіндік болады. Егер ол құжат басқа символдармен өрнектеліп оқылмай тұрса, оның кодталу режимін өзгертеміз.

Ол үшін Вид-Шрифты командасын таңдап, МІМЕ Encoding өрісіне Windows – 1251 кодын орнатамыз немесе керісінше, КО18 – R кодын енгіземіз. Бұрынғы парақтарға қайтып оралғанда, мәтін қайта оқылмайтын түрге келсе, кодтау режимін тағы да өзгертуге болады. Көрген парағымыздаң адресін кейін тағы іздемес үшін, Таңдамалы (Избаранное) бумасына жазып қою қажет. Әрине, киберкеңестікті аралап жүргенше, керекті сайттардың адресін алдын-ала тауып алған жақсы екені белгілі. Жазылатын файлдар, үнсіз келісім бойынша, жұмыс үстелінде сақталады. Кейбір қызықты сайттар адрестері қосымша беттерде келтірілген. Ондай адрестер «Интернеттегі сарғыш парақтар» («Желтые страницы Интернет») кітабында толық жазылады.

Электрондық почтаның белгілі бір адресін анықтау. Мәлімет алушылардан олардың адресін сұрап алу керек, әйтпесе хабарлама алғанда оның «Кімнен»: («От»: (from:)) деген адрес өрісін қарау қажет. Электрондық почтаның адрестері Web парақтарында жиі кездеседі. Оған қоса, Internet Explorer программасының «People on the Web» деген каталогын пайдалануға болады, сарғыш парақтарды пайдалану туралы жоғарыда айтылған.

Электрондық почтаны қолдану кезінде одан зиян шегуге бола ма? Иә, болады. Соныңызға түскендей тәсілмен мәлімет ұсынудан, мағынасыз үстіне-үсті қайталанып келе беретін хабарламалардан, нақты адрестерден деп келген өтірік мәліметтерден вирустар ілесіп келуі мүмкін.