Web – парақтарын көрсетуді басқару

Көрсеткі мүмкіндіктерін қарапайым түрде басқару Түр (Вид) менюі арқылы орындалады. Бұл меню командаларының ал,ашқы тобы Internet Explorer терезесінің сыртқы түрін өзгерте алады, олар сапаптар тақтасының, қалып қатарының және қосымша тақталардың бейнеленуін басқарып отырады.

Қаріптер (Шрифты) командасы Web – парақтарының қаріп түрлерін, олардың мөлшерін және қолданылатын символдардың кодталуын өзгерте алады. Соңғы мүмкіндік әр түрлі тілдерде жазылған құжаттардың дұрыс бейнеленуінқамтамассыз етеді.

Тоқтату (Остановить) және Жаңарту (Обновить) командалары экранда ашық тұрған Web – парағына қатысты орындалады, бұл екеуінің алғашқысы – парақтың жүктелуін доғарса, соңғысы – оны қайталап жүктеу ісін орындайды, өйткені бұл құжатты оқығаннан бері ол өзгертілуі мүмкін, сондықтан оның өзгертілген нұсқасын қайталап жүктеу ісін орындаған абзал.

HTML түрінде (В виде HTML) командасы HTML кодын көру ісін атқарады. Кез келген Web – парағының ішкі мазмұны HTML атты арнаулы тілде жазылған. Браузерлер Web – парағын экранда осы тілдің кодтары арқылы жазылған бастапқы мәтінге сәйкес бейнелейді. Internet Explorer көрсеткісі тек Web – парағын бейнелеуді ғана емес, оның кодтарын да қарауға мүмкіндік береді. Ол біліміңді ары қарай жетілдіру мақсатында программалау мен дизайн жасау кезеңінде кәдеге жарап, өз қолыңызбен жасалған парақтарды неге әр түрлі күйде бейнеленуі түсіну үшін қажет болады.

Толық экранға (Во весь экран) қатары көрсеткі программасын толық экранды режимге көшіріп, оның парағын экранға толық бейнелейтін күйге жеткізеді (меню жолы, аспаптар тақтасы көрсетілмейді). Бұл мүмкіндік қазіргі кездегі әр түрлі бейнелерді жасайтын мамандар үшін керек.

Аспаптар тақтасы мен меню қатарындағы басқару элементтерінің көптігіне қарамастан, көрсеткі программасының параметрлерінің өзгерту мүмкіндігі шектеулі. Параметрлерді толық масштабты баптаудан өткізу үшін арнайы Түр – Көрсеткі қасиеттері (Вид – Свойства обозревателя) командасын пайдалану қажет.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!