Internet Explorer аспаптар тақтасы (панелі)

Сілтеушуі (проводник) программасымен таныс адамдар Internet Explorer программасымен бірден қиналмай жұмыс істей береді, өйткені бұл программалардың интерфейстері өте ұқсас. Мысалы, көрсеткінің меню жолы сілтеуіштің меню жолымен бірдей деседе болады.

Көрсеткі аспаптар тақтасы желі мәліметтерімен жұмыс жасауға арналғандықтан, оның айырмашылықтары болуы да заңды құбылыс. Дегенмен, егерде көрсеткі ортасында жергілікті жаңа бума (папка) ашылса, онда оның аспаптар тақтасы сілтеуіш программасымен бірдей болып шығады.

Көрсеткі аспаптар тақтасы батырмаларының бірінші табы басқа парақтарға ауысу ісін басқарады. Олар келесі не алдыңғы Web – парақтарына көшуді, парақ мәліметтерін жүктеуді тоқтату немесе ондағы мәліметтерді жаңарту жұмыстарын орындайды. Бұл батырмаларға Ауысу (Переход) менюі командалары сәйкес келеді, ал оның Тоқтату (Вид) менюімен алынған. Осы топтың соңғы Негізгі парақ батырмасы (Основная страница) Web – парақтарының ең негізгі бетіне – Internet Explorer программасы жүктелген кезде келісім бойынша бірден шығатын алғашқы бетке ауыстырады.                                     

Internet Explorer терезесінің аспаптар тақтасы батырмаларының екінші тобы көрсеткішінің арнайы тақтасын ашады, олар Сілтеуіштің сол жақ терезесі ролін атқарады. Бұл тақта Интернетте мәлімет іздеуді, таңдалып алынған Web – парақтарын экранға шығаруды  (жүктеуді), бұрынғы қарастырылған парақтарға оралуды қамтамассыз етеді. Оған қоса, бұл батырмаларды қолдану концепциясы Internet Explorer 4.0 нұсқасымен келген Web тораптарының жаңа типтерін – Web түйіндерін пайдалануды жүзеге асыра алады. Бұл батырмаларды Түр – Көрсеткі тақталары (Вид – Панели обозревателя) командалары арқылы да ашуға мүмкіндік бар.

Көрсеткі батырмаларының соңғы тобын арнайы қызмет ету функцияларын орындау үшін пайдаланады. Түр – Толық экранды режимге көшу (Вид – Во весь экран Электрондық почта/Переход – Почта командасы) арқылы хабар жөнелту, қаріп түрлерін алмастыру (Вид – Шрифт командасы), Web – парағын қағазға шығаруды (Файл – Печать) және экрандағы мәтінді Web ішкі редакторы көмегімен түзету тәрізді жұмыстарды атқара алады.

Енді WWW мүмкіндігін іс жүзінде қолданудан мысал келтірейік. Ол үшін жұмыс үстеліндегі Internet Explorer көрсеткіші белгішесіне тышқанды екі рет шертеміз.

Мысал ретінде музыка әлемімен танысып көрелік. Ол үшін көпшілікке белгілі MTV музыкалық арнасы серверіне былай кіреміз: тышқан курсорын адрес қатарына орналастырып, оны бір шертеміз де,  www.mtv.com деген адресті енгіземіз, соңында  Enter пернесін басу қажет.

Егер провайдерге әлі қосылмай тұрсақ, онда онымен телефон арқылы байланыс орнататын программа терезесі екранға шығады.

Терезенің Байланыс орнату (Установить связь) деген батырмасын шертеміз, сонда экранға провайдер торабы мен өз компьютерінің арнасындағы бай ланыс нәтижесі шығады. Егер арнаның бос еместігі туралы хабар шықса, ОК батырмасын басып, шамалы уақыттан соң, осы әрекетті қайталау қажет. Байланыс сәтті орнатылған жағдайда компьютердің желімен мәлімет алмасу жылдамдығы көрсетіледі де, экранға MTV парақтарының бастапқы титул беті шығады. «MTV news» сөзін таңдап, оны тышқанмен шертеміз, сонда экранға келесі беттегі мәлімет шығады. Егер ол толық көрінбесе, терезе жақтауындағы жоғары-төмен сырғу батырмаларын баса отырып керекті мәліметтерді түгел қарап шығу керек.

MTV парақтарының бастапқы бетіне қайтып оралу үшін Кейін (Назад) батырмасын шертеміз. Енді «Music» сөзін таңдап, келесі мәлімет парағына көшейік. Мұндайда экранға пайдалы хабарламалар шығады. Осы терезедегі Ашу (Открыть) батырмасын, сонан кейін ОК батырмасын шертіп, керекті мәліметті өз компьютеріңнің буферіне көшіріп аламыз. Одан ары қарай музыкамен танысуды жалғастыру үшін Бастау (Старт) батырмасын шерту керек. Ұнаған клипті өз компьютеріңе жазып алу мақсатында Ең тәуір жиырмасы (Лучшая двадцатка) атты парақты ашып, клиптің бейнесінде тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек. Сонда пайда болған жанама менюден элементті … деп сақтау (Сохранить элемент как …) сөзін шертіп, экранға файлды сақтау диалог терезесін шығарамыз. Одан қатты дискінің керекті бумасын (көбінесе Интернет бумасы) таңдап алу қажет немесе жаңадан аты енгізілген бума ашса да болады. Соңында Сақтау (Сохранить) батырмасын басу керек. Егер бума аты көрсетілмесе, оларды көру үшін жұмыс үстеліндегі файл белгішесін екі рет шерту жеткілікті. Келесі жолы бұл мәліметтерді іздеп отырмас үшін көбінесе оларды Таңдамалы (Избранное) менюінің Бумаға енгізу (Добавить в папку) командасын таңдап, өзіңізге белгілі Ең тәуір жиырма (Лучшая двадцатка) деген атпен сақтауға да болады. Кейіннен ол қажет болғанда, көрсеткі программасы арқылы сол буманы таңдасақ, экранға оның байырғы парағы шығады. Егер жазылып алынған мәлімет көбейіп кеткен жағдайда, оларды сұрыптап басқа бумаларға орналастырып қойған дұрыс.