URL – адрестері

Бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресін жазудың арнайы формасы. Ол желінің қай серверде орналасса да, керекті мәліметті айнытпай қатесіз табуды қамтамассыз ететін сөз тіркесі. URL адрестерінің жазылуына мысал келтірейік.

http:www.soccer.ru/dynamo/rus/index.html

мұндағы

http – протокол, яғни хаттама;

www.soccer.ru – адресстерінің домендік бөлігі, оның ішінде:

www – компьютердің (сервердің) аты;

soccer.ru – доменнің аты;

dynamo/rus – сервердегі каталог аты;

index.html – Web парақтары файылының аты;

Домен – бір комьютермен басқарылатын немесе бір желілік жұмыс машинаның (желі торабының) басшылық етумен істейтін информациялық желі қорлары (ресурстары) тобы.