Көру жабдықтары

Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator программалық жабдықтары осы топқа жатады, оларды browser – броузер (браузер) деп атайды. Microsoft Word программасының мәтінімен жұмыс істеуге, ал Microsoft Excel-дің электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналғаны сияқты Internet Explorer мен Netscape Web – құжаттарын көру, олардың бірінен біріне ауысу, яғни олармен қатынас құру құралдары болып саналады. Мұндай программаларды соңғы кезде көрсеткі (обозреватель) программалар деп те айтып жүр.

Көрсеткі программаның негізгі қызметі – Интернеттегі Web парақтарын оқып, экранда көрсету. Керекті парақты іздеп табу URL адрестерімен анықталады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!