World Wide Web құрылымы

WWW дүниежүзілік тармақталған желісі – бұл Internet-тің ең кең таралған, күннен-күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. World Wide Web Internet-тегі барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәліметтерді пайдалану жолында оларды оқып көру үшін Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator сияқты программалық жабдықтар қолданылады. Олар Internet-тен керекті құжаттарды іздеп табуға, қарауға, жазып алуға мүмкіндік береді. «Гипермәтін» (байланысқан мәтіндер) мүмкіндігі Web мәліметтерінің бірінен

біріне көшуді жеңілдетеді. Файлдың «HTML» (hypertext markup language) форматын іске қосатын гипермәтін мүмкіндіктері Web парақтарының бір бетінен екінші бетіне «сілтеу» бойынша көшуді жеңіл жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейнежазбалар, дыбыстар, үш өлшемді (кеңістіктегі) нақты бейнелер т.с.с. орналасады. Осындай сілтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wide Web-тің негізгі құрылымын құрайды. Web жүйесіне қосылғаннан кейін әрбір адам WWW желісіндегі кез келген мәліметті басқалармен бірдей пайдалану құқығына ие болады, бұдан соң басқа компьютермен байланысу үшін немесе қосымша артықшылық, шектеулер үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.

World Wide Web (WWW немесе Web) интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Ондағы мәліметтер мен олардың бір-бірімен байланысқан ақпараттық «өрмек» деп айтса да болады.

Web-тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме

белгілері бар, оны бір-бірімен байланыстыратын парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді. Бұл беттердегі мәліметтер дүниежүзінің кез келген бұрышында орналаса береді. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютердегі ақпараттар көз алдыңызға орналасады, мұнда қашықтығы – қымбат, жақындығы – арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтердің көлеміне сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты. Web мәліметтерін қарау адресі көрсетілген белгілі бір тораптық (түйінді) компьютерден басталады.

Түйінді компьютердегі мәліметтердің бірінші беті кітаптың сыртқы немесе мазмұны тәрізді, әрбір бетінің URL (Universal Resource Locator) форматында берілген қайталанбайтын өзіндік адресі болады. Ол беттердегі мәләметті оқу «көру жабдықтары» деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.