Бағыттауыштар реферат

Ақпаратты сақтау – желіге қосылған тұтынушыларға қызмет етуде арналған сервердің ішікі функциясы. Бұл қызметі үшін сервер провайдер ретінде ақша алады. Ал, сервердің сыртқы функциясына – ақпаратты тасымалдау жатады. Мысалы, Лос-Ан,желестегі сервермен алматыдағы компьютер (клиент) арасында байланыс болу үшін, жіберілген ақпарат жолдағы он шақты түйінді серверлерден өтуі керек. Алғашында, ол Алматыдан Мәскеуге барады, содан соң Хельсингке, ары қарай Европалық желі түйіндер арқылы транслантик кабелімен АҚШ-қа жеткізіледі. Ал егер ол бағыт бос болмай қалса, онда мәлімет бірден спутникалық арналармен Мәскеуден тура Нью-Йоргке кетіп қалуы да мүмкін. Ақпараттың қай жолмен жүретінін алдын ала болжауға болмайды, бұл ешкімді қызықтырмайды да.

Желідегі әрбір сервер бір жерден ақпарат дестесін алғаннан кейін ол жөнелтілуге тиіс сервердің адресін біледі де, ақпаратты сол бағыттағы «жақындау» орналасқан серверге жібереді. «Жақындау» дегеніміз тегін емес, «жақындау» орналасқан сервер байланыс мүмкіндігінен, белгілі арнаның жұмыс өнімділігіне, оның қуатына т.б. факторларға тәуелді болады. Екі ауыл арасындағы ең төте жолмен машина арқылы жүрудің қиындығы тәрізді, мысалы, жол тегіс емес немесе жауыннан соң төселген алыс жолмен жүру ыңғайлы, т.с.с шаралар сияқты мәлімет арналарында да арасы қашық болса да, ең жылдам орындалатын мүмкіндік таңдалып алынады.

Желі бойындағы түйінді серверлерде мәліметтерді реттеу мақсатында арнайы ақпараттық – программалық жабдықтар жұмыс істейді, лоарды бағыттауыштар (маршрутизаторлар)  деп атайды. Олар келіп түскен мәліметті қайда жіберу керектігін анықтайды, мысалы, хабар жеткізілуге тиіс керекті сервер уақытша жұмыс істемей қалса, онда мәлімет айналма жолмен басқа компьютерге жіберіледі. Жоғарыда айтылған мысалда, Мәскеу мен Хельсинки арасында байланыс болмаса да, Алматыдан шыққан мәлімет бәрі бір бағыттауыш программалар көмегімен Лос – Анджелеске жылдам жетеді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!