Текстті форматтау

BODY бөлімінде табуляция белгілері мен жолдың аяғы браузерде көрінбейді және парақ көрінісіне ешқандай әсер етпейді. Сондықтан HTML-құжатында жаңа жолдан текстті бастау арнайы тегсіз браузермен қабылданбайды. Бұл ережені есте сақтау керек, өйіткені жолды айыратын тегтерсіз текст жаңа жолдан басталмай оны оқу қиынға соғады.  Жаңа жолды бастау үшін <BR> тегі (ағылшын тілінен қысқартылған break – үзу) қолданады. Бұл тег браузерді келесі тексттің жаңа жолдан басталуын көрсететеді. Егер жаңа жолдан бастау абзацсыз керек болса, <BR> тегі өте қолайлы, мысалы өлең жолдарын жазу кезінде. Оны бірнеше рет қолдану текст фрагментін парақ бетінде едәуір алшақтатуға әкеледі.

Арасында бос орын жоқ текстті оқу немесе қабылдау қиынға соғады. Абзацтарға бөлінген текстті қабылдау жеңілірек. Жаңа абзацтан бастау үшін <P> тегі  (ағылшын тілінен paragraph – абзац) қолдавнылады.  Бұл тег жаңа жолдан бастаумен қатар, бос бір жол қалдырады.  Бірақ <P> тегін бірнеше рет қайталау <BR> қарағанда бірнеше бос жолдың пайда болуына әкеп соқпайды.

Жақшалар арсында тегтің атынан басқа атрибуттар (ағылшын тілінен atributes – атрибуттар) орналасуы мүмкін. Олар тег атынан бос орынмен бөлінеді, ал жазылу ережесінің көрінісі атрибут_аты=”мәні”. Егер мәнде бос орын болмаса тырнақшаның қажеті жоқ, бірақ олай жасау құпталмайды. <P> тегінде ALIGN атрибуты бар, ол жаңа жолды түзетеді. Үндемес шартты бойынша жаңа жол солға қарай түзеледі ALIGN=”left”. Бірақ оңға қарай да  ALIGN=”right” және дәл жол ортасына да ALIGN=”center” түзету мүмкіндігі бар. Атрибуттарды қолданған соң, форматталған тексттен кейін жабушы тег </P> қолданған дұрыс. Егер ол жоқ болса, жаңа <P> тегі алдыңғы тегті жабу деп есептеліп, оның мағынасы жойылады. Текстті жол ортасы бойынша түзету <CENTER> тегі арқылы да жасауға болады.

Енді Web-парақтағы тексттің көрінісін форматтау қиын емес:

<HTML>

<HEAD>
<TITLE> Менің бірінші парағым</TITLE>
</HEAD>

<BODY>

<P align=center>Бұл жерде менің жеке парағым.

<P align=left>Сіз көре аласыз:<BR>- өзім туралы мағлұматтар;<BR>- менің фото суреттерім.
<P align=right>Менің бір парағым арқылы сіз<BR>маған электронды хат жібере аласыз.

</BODY>
</HTML>

Бұл жолдарды бөлу тегтерден басқа жол аяқталу символдар мен табуляцияны HTML-құжаттының басында қолдануға болады. Ол үшін <PRE> тегі қолданылады. <PRE> және </PRE>  тегтері арасындағы текст өзгеріссіз барлық жол аяқталулар мен табуляциямен көрінеді.

Мысалы:

<PRE>Бұл текст
екі жолда жазылған.</PRE>

HTML-құжаттында тексттен басқа горизонтальды бөлу сызықтарын қолдануға болады. Олар текст секілді сыртқы ешқандай файлдарды қажет етпейді. <HR> тегі бірлік қалыңдықты горизонтальды сызықты бүкіл парақ ені бойынша сызады. Горизонтальды бөлу сызықтар жолды бөлуге әкеледі, бірақ бос жолдар пайда болмайды. <HR> тегінің бірнеше атрибуттары бар. <HR SHADE> және <HR> үштік батыру эффектті бар контурлы сызықты береді.  <HR NOSHADE> қара сызықты береді. Сызық парақтың бүкіл енімен емес, тек оның белгілі бір бөлігін ала алады. WIDTH атрибуты сызықтың енін парақ еніне проценті түрде немесе пикселдермен бере алады. Мысалы, 50% -парақ енінің жартысы, 400 – 400 пикселді ен. ALIGN атрибуты <P> тегіндегідей қызмет атқарады, бірақ үндемес шартты бойынша жол ортасына түзетеді.  SIZE атрибуты сызық қалыңдығын 1-ден 175-ке дейін пикселдермен береді, шартты түрде 1-ге тең, егер <HR SHADE> контурлы сызық болса, үштік батыру эффекттісіне қажет қалыңдылық енгізіледі.

Сызықтар жаңа жол секілді тексттің логикалық фрагментін бөлуге көмектеседі, бірақ оны әр жолдан кейін қою, Web қолданушыға дөрекі көрінеді, сондықтан бұл сызықтарды бір бөлімдерге қолданған дұрыстау.

АшушыЖабушыҚызметі
<HTML></HTML>HTML-құжатын жариялау
<HEAD></HEAD>Құжаттың тақырыптық бөлімі
<TITLE></TITLE>Құжаттың тақырыбы
<BODY></BODY>Құжаттың денесі
<H1></H1>Бірінші деңгейлі жаңа жол тақырыбы
<H2></H2>Екінші деңгейлі жаңа жол тақырыбы
<H3></H3>Үшінші деңгейлі жаңа жол тақырыбы
<H4></H4>Төртінші деңгейлі жаңа жол тақырыбы
<H5></H5>Бесінші деңгейлі жаңа жол тақырыбы
<H6></H6>Алтыншы деңгейлі жаңа жол тақырыбы
<P></P>Жаңа жол
<PRE></PRE>Форматталған текст
<BR>Жаңажолға көшіру
<BLOCKQUOTE></BLOCKQUOTE>Цитата

Кесте 1. HTML негізгі тегтерінің тізімі

2. Тізімдер тегтері

HTML-құжаттында үш негізгі тізімдер түрі бар:

  • номерленген;
  • номерленбеген;
  • бейнелеу тізімі.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!