HTML тілі

Web-парақтар кез-келген форматта бола алады, бірақ стандартты түрде Hyper Text Markup Language- гипертекстті жасау, суреттер, дыбыстар, анимациялар, видеоклиптар және Web-аумақтың кез-келген жерінде немесе сол Web-проекттің бөлігі болатын немесе сол сервердегі басқа құжаттарға сілтемелері бар  форматталған текстті жасау тілі.

Web-те HTML  тілін білмей-ақ жұмыс жасауға болады, өйткені тексттерді арнайы редакторлар мен конвертерлар арқылы жасауға болады. Бірақ HTML-де де жасау қиын емес. Кейбір амалдарда HTML-редакторлар мен конвертерлар өздерінің мүмкіндіктерінде жиі шектеу қояды, қателер туғызады немесе әртүрлі платформаларда жұмыс істемейтін жаман HTML код жасайды.

HTML тілінің бірнеше түрлері бар, тіл даму жағдайында және болашақта оны қолдануы күмән келтірмейді. HTML-ді біле отырып, HTML арқылы құжат жасау арқылы сіз көптеген браузерлер арқылы ашылатын Web-парақтар жасай аласыз. Сонымен қатар басқа тәсілдердің мүмкіндіктерін қолдануға болады, мысалы Netscape Navigator, Internet Explorer сияқты программалардың мүмкіндіктерін пайдалануға болады.

HTML-де жұмыс істеу – бұл стандартты тілде құжат жасаудың тәсілін қолдану, ұлғайтуды тек қажет жағдайда қолдану.

HTML  World Wide Web Consortium-мен құпталған. Ол бірнеше көп қолданылатын браузерлерде жұмыс істейді және мүмкін болашақта Web-ке қатысты программалық қамтамасыздандырулардың негізі болатынына сенім бар.